Информатикадан Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиетттері тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №2 Сыныбы: 5 «А» Күні:________2015

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиетттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиетттері туралы түсіндіру

Тәрбиелік:Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа,әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап

Көрнекілігі: ДК, оқулық,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушыларды түгендеу;

  • зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі, және қасиеттерімен таныстыру.

III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

ДӘРІС:

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата- аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Ягни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойыншабіз ақпараттың 81% -ын көру арқылы, 10%- ын -есту, 4%-ын - иіскеу, 3%-ын - дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музиканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінесіңдер, әлдекім біреу айтап берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі- құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы -адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзінің жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да бөдуге болады. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

Ақпараттың қасиеттері

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, мендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар. Онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі -ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.

  • Біз бүгінгі сабақта нені білдік ?

  1. Информатика дегеніміз -

  2. Ақпарат дегеніміз -

  3. Ақпаратты қабылдау түрлері -

  4. Ақпаратты ұсыну түрлері -

  5. Ақпараттың қасиеттері -

V. Бекіту кезеңі. «Өзіңді тексер!»

1. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

  1. сезу және көрудің

  2. иіскеу мен естудің

  3. есту мен көрудің

  4. көру және дәмін тату арқылы

2. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

  1. есту

  2. сезу

  3. көру

  4. жазбаша

3. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түріне жатады?

  1. Мәтіндік және графикалық

  2. Графикалық және естілетін

  3. Электромагинттік және көрінетін

  4. Цифрлық және музыкалық

4. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

  1. қағазды

  2. дискіні

  3. тасты

  4. суды

5. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?

  1. Биді

  2. Суреттерді

  3. Қимылды

  4. Дыбысты

6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

  1. кітап

  2. радио

  3. журнал

  4. плакат

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

8

B

C

A

A

D

A

D

B

Бағалау: Тест жұмысы арқылы оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма: Оқулықтан § 2 оқу, сұрақтарға жауап беру, 7-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау

© 2010-2022