Информатика пәні бойынша 7-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі: 22.01.2016 ж.

Пән атауы: Информатика Пән мұғалімі: Мырзашова Н.А. сыныбы: 7 а

Сабақ тақырыбы

«Модельдерді зерттеу» практикумы

Мақсаты

«Модельдерді зерттеуге» практикалық тапсырмалар орындау

Күтілетін нәтиже

«Модельдерді зерттеуге» практикалық тапсырмалар орындай алады

Белсенді оқытуда қолданылатын тәсілдер

Бағдарламаның жеті модулі

Жеті модульдің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (АКТ-ны) қолдану

Талантты және дарынды оқушыларды оқыту

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

және оқу

Оқытуды басқару жәнекөшбасшылық

Негізгі дерек көзі

Оқулық 7 сынып

Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун

45minut.kz.

Интербелсенді тақта, стикер.

Ресурстар

Модельдердің суреттері, ватман, А4 қағаздары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

(2 мин)

Шаттық шеңбері (Теңіз толқыны).

Шаттық шеңберінде теңіз толқындарын жасайды.

Қызығушылықты ояту

(8 мин)

(Өткен тақырыпты қайталау арқылы жаңа оқу материалын ұғынуға бағыт беру, білімді меңгеру дәрежесі)

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру.

  • Барлық модельдер қандай екі класқа бөлінеді?

  • Материалдық модельдерге мысал келтіріңдер.

  • Ақпараттық модель дегеніміз не?

  • Қандай модельдер ақпараттыққа, ал қандай модель материалдыққа жататынын анықтаңдар: әлем картасы, эвакуация жоспары, үстел сұлбасы, ғимарат макеті, автокөлік моделі.

Тест сұрақтарына жауап беру.

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Үйге берілген тест сұрақтарына жауап береді.

Мағынаны ашу

(20 мин)

(материалды игеруде оқушылардың өз тәжірибелері тұрғысынан жауап беруі, түсіну, қолдану).

Оқулық бойынша жеке жұмыс.

№1 модель

№2 модель

№3 модель

96-бет

Оқулық бойынша оқушылар модельдеу кезеңдері бойынша есепті қарастырып, модель құрастырады.

Сергіту сәті

Ой-толғаныс

(10 мин)

(Жаңа тақырып бойынша білім алушылардың талқылауы, жинақтауы,

проблемаларды шешуі).

Мәтіндік редакторда №1-3 модельдер бойынша алгоритм құрастырып, блок-сұлбасын жасату.

Мәтіндік редакторда №1-3 модельдер бойынша алгоритм құрастырып, блок-сұлбасын жасайды

Қорытынды

(бағалау)

Оқушылардың білімінің бағасының қорытындысын шығару.

Оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия

Түрлі-түсті қағаздардан модель жасату.

Бүктелген беттің ішкі және сыртқы жағына алған әсерлерін жазады.


© 2010-2022