Ашық сабақ Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Күні: 22-қыркүйек 4 - сабақ

Уақыты 16.30 -17.15 6 "Ә" сынып

Мультимедиа кабинеті

Сабақтың мақсаты

Ақпараттарды мұрағаттаубағдарламалардың түрлері және вирус, антивирус туралы жалпы түсінік беру, білімдерін жетілдіру.

Оқыту нәтижесі

Компьютер қолданудағы білімін арттыру. Оқушының компьютерлік біліміне мұрағаттау, антивирус туралы білімді қосу.

Негізгі идеялары

Оқушы бойында көшбасшылықты, жауапкершілікті, ұйымшылдықты, топпен бірлесіп жұмыс істеу қасиетін арттыруды, қалыптастыруды мақсат етемін. Өзін және әріптестерін шынайы бағалауға үйренулерін көздеймін

Күтілетін нәтиже

Ақпаратты мұрағаттау бағдарламалардың түрлері мен олармен жұмыс істеу туралы мағлұмат алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Джиксо , ассоциация құру.

Уақыты

Бөлімдер


Іс-әрекет

Мұғалімнің қызметі:

Мен не істеймін?

Оқушылардың жұмысы:

Оқушылар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?



Психологиялық дайындық (сыныпта жылы қарым-қатынас орнату)

Қоңыраудан кейін амандасып, оқушыларды бір шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне 1ауыз жақсы сөз айту. Іс-әрекеттердің шынайы орындалуын қадағалаймын

Құрылған шеңберде оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жылы сөз айтады. Венера сен білімдісің, Гулнур сен ақылдысың, Бағжан сен сымбаттысың.



Оқушыларды топқа бөлу

Компьютердің құрылғыларының аттары және ақпарат өлшем бірліктері жазылған карточкаларды көрмей алу арқылы топқа бөлемін.

Оқушылар карточкаларды таңдап алады, комп. құрылғылары 1 топқа, ақпарат өлшем бірліктері 2 топқа бөлініп отырады.

Карточкалар.


Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Ассоциация құру үшін екі топқа А4 көлемдегі парақтарды беремін.

Бағалау парағына топ басшы топ мүшелерін бағалап отыруына нұсқау беремін.

1 топ - Ақпарат және оның түрлеріне ассоциация құрады.

2 топ - ақпараттың өңдеу тәсілдері және өлшем бірліктеріне ассоциация құрады.

Топ басшы бағалап отырады.

Бағалау парағы, А4 парағы, маркерлер.


Тақырып ашу
Ой қозғау

Ребус

Оқушылар ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Ребус


Түсіну

Тапсырма 1

Кітаптан тапсырма беремін. Қосымша мәліметтер беремін.

1 топАқпаратты сығу, мұрағаттау, ал 2 топ вирус, антивирус туралы кітаптан оқып, екі топ бір-біріне түсіндіреді.

Кітап, қосымша мәліметтер


Қолдану

Тапсырма 2

Постер жасату.

Бағалау парағына топ басшы топ мүшелерін бағалап отыруына нұсқау беремін.

Екі топта берілген тақырып бойынша постер жасап, жасаған постерлерін қорғайды.

Топ басшы бағалап отырады.

Плакат, стикерлер, маркерлер, қаламсап



Сергіту сәті

9 сұрақ. Екі топқа А4 парақшасына салынған суретті беремін. Суретке қатысты 9 сұрақ қоямын.

Оқушылар суретке мұқият қарайды және мұғалім қойған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып жауап береді.

А4 парақшасында суреттер.


Жинақтау

Алған білімдерін тексеру үшін

бір-біріне Миға шабуыл сұрақтары арқылы диалогтік қарым-қатынас жасауына нұсқау беремін.

Сұрақ,қайта сұрақ арқылы бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас жасайды.

Стикерлер, маркерлер


Бағалау

Топ басшыныңтоп мүшелерін бағалауды талап етемін

Бағалау парағына сабақ барысында алған суммативті ұпайларын қосып, формативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып, топмүшелерін бағасын есептейді.

Бағалау парағы, шкаласы

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, алма ағашына ілдіремін.

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып алма ағашына іледі.

Алма ағашы, стикерлер

Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады





© 2010-2022