Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Күні: 23.01.2014ж

Сыныбы: 7 А

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар WordPad бағдарламасымен жұмыс істеуді меңгереді. Қаріп. Абзац. Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеп аралас құжаттарды құруды үйренеді.

Білімділік WordPad мүмкіндіктерін пайдаланып презентация құрастыруды үйренеді.

Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу және

шығармашылық қабілеттері дамиды.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға дағдыланыды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа сабақ.

  4. Бекіту

  5. Бағалау

  6. Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі - Сәлемдесу .Сыныпты сабаққа дайындау.

2.Үй жұмысын тексеру

  • Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік беретін программа?WordPad мәтіндік редакторы

  • WordPad мәтіндік редакторы Пуск-Все программы- Стандартные- WordPad

  • WordPad мәтіндік редакторының терезесі неше элементтен тұрады? 9

  • Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе- құжат құру

  • Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе- Ашу(бар құжатты немесе үлгіні ашады)

  • Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспеҚаріп

  • Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе- көшіру

  • Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе- қою, кірістіру

  • Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспеортасы бойынша тура келтіру. Центрлеу.



  1. Жаңа сабақ.


Мәтінді енгізу және редакциялау.

Мәтін пернетақтадан символдық түрде енгізіледі. Кейбір пернелердің қызметін қарастыралық.

Бас әріп салу үшін Shift пернесін басып тұрып қажетті әріпті салу керек.Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе

Абзац соңында Enter пернесін басу керек. Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру үшін Caps Lock пернесін басып бас әріптер режимін іске қосу керек. Қателеcкен жағдайда меңзердің сол жағындағы символды Backspace пернесімен өшіреді. Ал оң жағындағы символды Delete пернесімен өшіреді. Меңзерді мәтін ішінде меңзерді басқару пернелері көмегімен жылжытуға болады. Мәтіннің блогын жою үшін оны белгілеп алып, Delete пернесін басу керек. Қазақ, орыс және латын әріптерін енгізу режимдерін Shift +Alt пернелері комбинациясын қолданып өзгертуге болады. Цифрларды оң жақтағы цифрлық пернетақта көмегімен жазады. Оны Num Lock пернесін басып іске қосады. Ал меңзерді құжат бойымен жылжыту үшін меңзерді экранда басқару пернелері қолданылады.



Сонымен бірге мынадай пернелер комбинациясын қолдануға болады.


Пернелер
комбинациясы

Міндеті

Ctrl+

Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады

Ctrl+

Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады

Ctrl+

Меңзерді бір сөзге солға жылжытады

Ctrl+

Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады

Page Up

Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады

Page Down

Меңзерді бір бетке төмен жылжытады

Home

Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады

End

Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады

Ctrl+Home

Меңзерді құжаттың басына жылжытады

Ctrl+End

Меңзерді құжаттың соңына жылжытады


Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.

Мәтінді пішімдеу (форматтау)

Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.

Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспебатырмаларды қолдану.

Мәтінді туралау үшін Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе батырмалары қолданылады.

Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да,енгізілгеннен кейін де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса, пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады.

Файл-Макет страницы командасын орындап, парақтың параметрлерін беруге болады. Мысалы Ориентация тізімінен Альбомдық немесе Кітап опциясын таңдауға, беттің оң, сол, жоғарғы, төменгі өрістерінің өлшемін беруге болады.

Қаріп және оның өлшемін таңдау.

Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай алфавитпен мәтінді енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал өлшем 12 пт, бұл параметрлерді Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе және Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе батырмаларын басып, қажетті мәнді таңдау арқылы орнатамыз.

Құжатты сақтау және ашу.

Құжатты теріп болған соң оны ат беріп дискіде сақтап қою керек. Файл аты ретінде 255 символдан артпайтын кез келген символдар тізбегін алуға болады. Бірақ файл аты оның ішкі мазмұныныа сай болуы керек.

Мәтінді алғаш сақтаған кезде Файл-Сохранить как.. командасын қолданып сақтайды. Мұнда ашылған терезеде Папка өрісінен файлды сақтайтын папканы таңдап, Имя файла өрісінде файлдың атын енгізіп,Сохранить батырмасын шертеді.

Бұрын сақталған файлға өзгеріс енгізіп қайталап сақтаған кезде Файл-Сохранить командасын орындайды. Мұнда файл бұрынғы атымен, бұрын сақталған папкасында сақталады.

WordPad сақталатын файлға RTF кеңейтілуін қосады. Бұл кеңейтілумен сақталған мәтінді көптеген мәтіндік редакторлар аша алады.

Бұрын сақталған файлды ашу үшін Файл-Открыть командасын орындайды. Ашылған терезенің Папкаөрісінен файл сақталған паканы таңдаған кезде , терезенің негізігі бөлігінде сол папканың мазмұны көрінеді. Сол папканың ішінен қажетті файлды белгілеп Открыть батырмасын шерту керек.

WordPad-та жұмыс жасау барысында жаңа құжат жасау керек болса, Файл - Создать командасын орындайды. Пайда болған диалог терезесінде жасайтын құжаттың типін таңдап, ОК-ді шерту керек. Сонда жаңа мәтін жазатын бос терезе пайда болады.Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе


Талдау тапсырмалары (компьютерлеріне енгізіп кою керек)


Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып , компьютерде орындаңдар

  1. Өнер алды-.............. (қызыл тіл)

  2. ..................., қол батыр. (көз қорқақ)

  3. Аяз .......... , құмырсқа .......... біл. (әліңді, жолыңды)

  4. .......... зор байлық. (денсаулық)

  5. Әке- ............ тау , ......... -шалқар көлің. (асқар, ана)

Жинақтау тапсырмалары

Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп ,жаз.

Мәтінді өңдеу. Word бағдарламасына кіріспе



  1. Бекіту


Қолдану тапсырмалары

Тест тапсырмалары берілген . Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.

  1. Келесі жолға өту батырмасы - Enter

  2. Біріңғай бас әріптерге немесе кіші әріптерге ауыстыратын батырма - Caps lock

  3. Бас әріппен жазу үшін қай батырманы басу керек? - Shift

  4. Мәтіндегі символды өшіру үшін қолданатын батырмаларды тап- Delete , Backspace



  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма тақырып
    Материалды қайталау . "Менің досым" тақырыбына шығарма жазып келу

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.



© 2010-2022