- Преподавателю
- Информатика
- План по информатике WINDOWS объектілері, басқару элементтері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
План по информатике WINDOWS объектілері, басқару элементтері. Мауспен жұмыс. Есептер тақтасы
Раздел | Информатика |
Класс | 5 класс |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Ибрагим А.Қ. |
Дата | 18.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сақтың тақырыбы: WINDOWS обьектілері, басқару элементтері. Мауыспен жұмыс.
Есептер тақтасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WINDOWS ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс үстелі
түсінігімен таныстыру, есептер тақтасын, «Пуск» батырмасын және басты менюді жұмыста қолдануға үйрету және «Маус» монипуляторын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. компьютер, оқулық, жұмыс дәптері,
электронды оқулық
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Өткен материалды қайталау сұрақтары
-
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
Тапсырмаларды орындау
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
-
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар
-
Компьютер жадысының қандай түрлері бар?
-
Тұрақты жад пен жедел жатың айырмашылықтарын айтыңдар
-
Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын атаңдар
-
Жадтың сыртқы тасуыштарын сипаттаңдар
-
Мониторлардың түрлерін атаңдар
-
«Пиксель» деп нені айтады?
-
Пернетақтаның кандай блоктары бар?
-
Принтердің түрлерін атаңдар, оларға сипаттама беріңдер.
Жаңа түсініктер:
WINDOWS-тың негізгі функциясы - осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару.
WINDOWS - бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың объектілі-бағдарланған әдістемеге негізделген. Microsoft WINDOWS'98 ортасының ерекшеліктері:
-
пайдаланушының интерфейсін стандарттау;
-
көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару;
-
жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі;
-
бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған объектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі;
-
көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі;
~ графикалық режімді басым қолдану;
-
жергілікті желі және Іnternet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас
құралдары;
-
мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары;
-
"Рlug and Play" технологиясы (қосатын құфылғыларды автоматты баптау).
WINDOWS - графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді.
WINDOWS-тің обьектілері - терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлъщтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.
WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.
Шартбелгі - экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін.
Жарлық - белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.
Қапшық - экаранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума бұл обьектілер қоймасы.
Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады.
Мәлімет алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.
Есептер тақтасы - бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолак. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске косылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.
«Пуск» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пункттен тұрады:
-
Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім
-
Жуық арада ашылған құжаттардың 15-тен аспайтын тізімі
-
Баптау
-
Іздеу
-
Анықтама
-
Орындау
-
Жүмысты аяқтау
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 3.1.2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары
-
WINDOWS операциялық жүйесінің ерекшеліктері қандай?
-
WINDOWS ОЖ қандай обьектілер бар?
-
Терзе дегеніміз не, қандай түрлері бар?
-
Тышқанның атқаратын қызметі қандай?
-
Мәлімет алмастыру буфері дегеніміз не?
-
Жұмыс столының атқаратын қызметі
-
Шартбелгі дегеніміз не?
-
Жарлық дегеніміз не?
Үйге тапсырма: 3.1, 3.2 тақырыптарды оқу