Ашық сабақ Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Күні: 29 қыркүйек 4 - сабақ

Уақыты 16.30 -17.15 6 "Ә" сынып

Мультимедиа кабинеті

Сабақтың мақсаты

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері туралы жалпы түсінік беру, білімдерін жетілдіру.

Оқыту нәтижесі

Компьютер қолданудағы білімін арттыру. Оқушының компьютерлік біліміне негізгі құрылғылар туралы білімді қосу.

Негізгі идеялары

Оқушы бойында көшбасшылықты, жауапкершілікті, ұйымшылдықты, топпен бірлесіп жұмыс істеу қасиетін арттыруды, қалыптастыруды мақсат етемін. Өзін және әріптестерін шынайы бағалауға үйренулерін көздеймін.

Күтілетін нәтиже

Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері және олармен жұмыс істеу туралы мағлұмат алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Джиксо , бас бармақ әдісі.

Уақыты

Бөлімдер


Іс-әрекет

Мұғалімнің қызметі:

Мен не істеймін?

Оқушылардың жұмысы:

Оқушылар не істейді?

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?



Психологиялық дайындық (сыныпта жылы қарым-қатынас орнату)

Қоңыраудан кейін амандасып, оқушыларды бір шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне 1 тілек айту. Іс-әрекеттердің шынайы орындалуын қадағалаймын

Құрылған шеңберде оқушылар қол ұстасып, бір-біріне тілек айтады. Венера денің сау болсын, Гулнур бақытты бол, Бағжан білімді бол .



Оқушыларды топқа бөлу

Шеңбер бойында оқушыларға жалпы «Мен көшбасшымын» деп айтқызамын. Одан кейін бірінші оқушы «Мен», ал екінші оқушы «көшбасшымын», үшінші оқушы «Мен», төртінші оқушы «Көшбасшымын» деп айтуға нұсқау беремін.

Оқушылар шеңбер бойында тұрып, бірінші оқушы «Мен», ал екінші оқушы «көшбасшымын», үшінші оқушы «Мен», төртінші оқушы «Көшбасшымын» деп айтады.......Мен дегендер 1 топқа, көшбасшымын дегендер 2 топқа бөлініп отырады.


Білу

Үй тапсырмасын тексеру

Тақтаға алма стикеріне жасырын сұрақтар іліп қоямын.

Бағалау парағына топ басшы топ мүшелерін бағалап отыруына нұсқау беремін.

Екі топ кезек - кезек барып, сұрақтарды алып, жауап береді. Жауап берген оқушылар өз тобының алма ағашына алманы апарып іледі.

Топ басшы бағалап отырады.

Бағалау парағы, алма ағашы, стикерлер.


Тақырып ашу
Ой қозғау

Ребус

Оқушылар ребусты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Ребус


Түсіну

Тапсырма 1

Кітаптан тапсырма беремін. Қосымша мәліметтер беремін.

1 топкомпьютер, негізгі құрылғыларын, ал 2 топ жүйелік блокта орналасқан құрылғылар туралы кітаптан оқып, екі топтан екі баяндамашы орын алмасып, бір-біріне түсіндіреді.

Кітап, қосымша мәліметтер


Қолдану

Тапсырма 2

Постер жасату.

Бағалау парағына топ басшы топ мүшелерін бағалап отыруына нұсқау беремін.

Екі топта берілген тақырып бойынша постер жасап, жасаған постерлерін қорғайды.

Топ басшы бағалап отырады.

Плакат, стикерлер, маркерлер, қаламсап



Сергіту сәті

Екі топтан 4 оқушы шығарамын. 1-ін алып қаламын, 3-ін сыртқа шығарамын. Мәтін оқып беремін. Оқушы мәтінді келесі оқушыға жеткізеді.

4 оқушы шығып, 1-уі сыныпта қалады, 3-уі сыртқа шығады. Мәтінді 1 оқушы есте сақтап, келесі оқушыға ұмытпай толық жеткізеді. 2-ші оқушы 3-ші оқушыға, 3-ші оқушы 4-ші оқушыға жеткізіп отырады.

А4 парақшасында жазылған мәтін.


Жинақтау

Алған білімдерін тексеру үшін

бір-біріне Миға шабуыл сұрақтары арқылы диалогтік қарым-қатынас жасауына нұсқау беремін.

Сұрақ,қайта сұрақ арқылы бір-бірімен диалогтік қарым-қатынас жасайды.

Стикерлер, маркерлер


Бағалау

Топ басшының топ мүшелерін бағалауды талап етемін.

Бағалау парағына сабақ барысында алған суммативті ұпайларын қосып, формативті ұпайларын шығаруды талап етемін. Бағалау шкаласына сүйене отырып, топ мүшелерін бағасын есептейді.

Бағалау парағы, шкаласы

Сабақтан алған әсерлерін «Бас бармақ әдісі» арқылы білдірулерін нұсқаймын.

Сабақтан алған әсерлерін оқушылар «Бас бармақ» әдісі бойынша білдіреді. Бас бармақты жоғары, орта, төмен қарай көрсетеді.

Үй тапсырмасын тақтада көрсетемін

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады



© 2010-2022