Графикалық редакторлардың түрлері

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез - келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Графикалық редакторлардың түрлері

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Білім алушыларға графика туралы түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары туралы жалпы түсінік беру. Қолдану салалары. Оның түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: компьютерді дұрыс қолданумен таныстыру, компьютерге санитарлық және техникалық жағдайына ұқыпты қарауды қалыптастыру

Сабақ түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру

Сабақтың типі: сұрақ -жауап, зертханалық жұмыс, ой жинақтау
Сабақтың әдісі: деңгейлеп оқыту технологиясы

Пайдаланған материалдар: М.Қ. Байжұманов « Информатика»

Көрнекіліктер: Слайд, кеспелер,зертханалық жұмыс.

Пән аралық байланыс: Математика , сызу,дене шынықтыру

Сабақ барысы мен мазмұны

І. Ұйымдастыру: амандасу, оқушыларды түгендеу, аудиторияның сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ қойып

  1. Рower Point бағдарламасының терезесі неден тұрады?

  2. Слайд дегеніміз не?

  3. Бағдарламаны іске қосу жолдары қандай?

  4. Презентацияның қолданылу мақсаты.

  5. Презентация құру кезеңдерін ата ?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жаңа сабақ бойынша жұмыс түрлері:

Компьютерлік графика
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез - келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар - графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Іскерлік графика - қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Контрукторлық графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР - дың(систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.
Жарнамалық графика - теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды.

Графиктік мәліметтерді екі топқа бөледі: 1. Векторлық

2. Растрлық

Векторлық мәліметтер түзу, тіктөртбұрыш, қисық және осылардың негізінде, кілттік нүктелерді сандық түрде анықтау арқылы жасалына алатын кез келген басқа объектілерді ұсынуға қолданылады. Программа кілттік нүктелерді

біріктіру арқылы сызықтар шығарады. Векторлық мәліметтермен атрибуттар туралы мәлімет және келісімдер топтасуы әрқашан байланысады. Келісімдер белгілі және белгісіз болып беріле алады, бірақ олар программаға тәуелді.

Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады, және соңғы нүктелер термесі (набор) беріледі.

Растрлық мәліметтер - бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.

Пиксельдер - дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.

Техникалық растр дегеніміз шығару құрылғысында бейне көрсету кезінде бөлек пиксельдер түстерін беретін сандық мәндер массиві. Шығару құрылғыларында сурет ішіндегі пиксель түсіне сай келетін, растрлық мәліметтер ішінде сандық мәнді белгілеу үшін пиксельдік мән термині қолданылады. Bitmap термині пиксельдер массивін белгілеу үшін қолданылады (типке байланысты емес), ал биттік тереңдік термині битпен немесе байтпен берілген осы пиксельдердің көлемін нұсқау үшін қолданылады

Paint графикалық редактор растырлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі.Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған. Редактор мынадай мүмкіндіктер береді:

1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салу;

2. Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

3. Суретке мәтін енгізуге;

4. Бар графикалық объектілерді түзету;

5. Схемаларды сызу;

Adobe Photoshop - графикалық редактор, фирмамен негізделген және таратылған Adobe Systems. Бұл тауар растрлік бейнелеу базарының алдынғы қатарында және бұл Adobe фирмасының ең танымал тауарының бірі болды. Көбінесе бұл программаны жай ғана Photoshop (Фотошоп) деп атайды. Қазіргі уақытта Photoshop қолайлы мына платформаларда Mac OS X/Mac OS и Microsoft Windows. Редактор ерте болжамалары портированыларды болды SGI IRIX, бірақ ресми сүйеу тоқтатылған болатын, үшінші версиясынан басталды. Болжамаға арналған CS 2 жіберілуі мүмкін Linux баламаларымен көмек көрсетеді Windows API - Wine 0.9.54 және жоғары.

Графикалық программа Adobe Photoshop арнайы құралдардың құрылымынан тұратын, мета, расторлық және векторлық файлдарды редактрлейтін бағдарлама.

Өзінің функцияналдық және эксплуатациялық мүмкіндіктеріне қарай графикалық программа Adobe Photoshop расторлық графиктік файлдарды редактрлейтін ең мықты программалардың бірі. Оның келесі мүмкіншіліктерін көрсетейік:

• графикалық бейнелерді жоғарғы дәрежеде өңдеу

• эксплуатациядағы қарапайымдылық пен жұмыс істеу мүмкіншілігі

• бейнелерді жасау және оны өңдеудегі адам ойының барлық қажеттілігін қамтамасыз етуі

• расторлық бейнелерді өңдеуді автоматтандырудағы кең мүмкіндіктері

• көптеген түстік профильдермен жұмыс істей алуы және оны қағаз бетіне шығару мүмкіндігі

• әртүрлі көркемдік эффектлерді жасауға арналған фильтрациялау командалардың көпшілігі

«Corel Draw векторлық графика» Corel Draw -Corel Сorporation каналдық фирманың көмегімен аты әлемге мәлім болған программа. Corel Draw графикалық редакторы компьютерде ірі қуатты жұмыстар атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәні жағынан объектіге қатысты жұмыстар атқаруға, оны өңдеуге, құруға және ең жеңіл программаладарда сурет салуға қолайлы жағдай туғызады.

I-деңгей

  1. Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.

Графикалық редакторлардың түрлері

  1. Мына тақпақты жаз.

Жұмыс істеп ұзақ,

Өрмекші құрды тұзақ,

Болмады бірақ күткені,

Оған ешкім түспеді.

II-деңгей

1.Сызық құралын пайдаланып жайраның суретін сал.

Графикалық редакторлардың түрлері

  1. Мына тақпақты жаз.

Үсті-басы ине,

Бұл не деген бейне,

Кірпіге ұқсас заты,

Жайра оның аты.

III-деңгей

1.Тікбұрыш пен дөңгеленген тікбұрыш құралын пайдаланып,

ғимарат сал.

Графикалық редакторлардың түрлері

2. Осы саймандарды пайдалана отырып өзің ғимарат сал.

Соны оқушылар ДК-гі графикалық редакторда орындайды. Олар ДК-де орындап жатқанда екінші топқа мынадай сөзжұмбақ беріледі.

  1. Аты аталған файлдар тобы.

  2. Нақты аты бар ақпараттың негізгі құрылымдық бірлігі.

  3. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер.

  4. Мәтіндік және графикалық ақпараттарды экранға шығаруға арналған құрылғы.

  5. Адам мен компьютер арасыдағы қарым-қатнас.

  6. Ақпараттар мен ДК-ні басқару командаларымен енгізу қызметін атқарады.

  7. Бағдарламалық тіл.








Қ

А

П

Ш

Ы

Қ



Ф

А

Й

Л


П

И

К

С

Е

Л

Ь



М

О

Н

И

Т

О

Р


И

Н

Т

Е

Р

Ф

Е

Й

С


П

Е

Р

Н

Е

Т

А

Қ

Т

А


П

А

С

К

А

Л

Ь











Сосын 1- топ тапсырмасын орындап болған соң әрбір оқушының жұмысы тексеріліп, бағаланадыда 2-ші топпен орнын ауыстырады. Екінші топтың жұмысы тексеріліп, бағаланадыда олар 1-топтың орнына келедіде таратылып берілген деңгейлік тапсырмаларды орындауға отырады.Оларға мынадай тапсырма беріледі.

I-деңгей

1.Әр түрлі типті эллипс құралын пайдалана отырып, бұлттың суретін сал.

Графикалық редакторлардың түрлері

  1. Мына тақпақты жаз.

-Бұлт-ау,

Көктен төнесің,

Қайдан көшіп келесің ?

-Мұхит жақтан келемін,

Жел үрлесе желемін.

II-деңгей

1.Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін сал.

Графикалық редакторлардың түрлері

2. Мына тақпақты жаз.

Ішінде-су,

Үстінде-бу.

Тоймай жұпар иісіне,

Ішесің сүйсіне.

III -деңгей

1. Adobe Photoshop бағдарламасын іске қос.

2. Photoshop құралдарын пайдалана отырып салу.

  1. Әр түрлі элементтерді пайдаланып, қарақшының суретін сал.

Графикалық редакторлардың түрлеріГрафикалық редакторлардың түрлері

  1. Осыны пайдала отырып, өзіңнің ойыңдағы суретіңді сал.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту :

  1. Corel Draw қандай графикалық редактор?

  2. Adobe Photoshop қандай графикалық редактор?

  3. Paint қандай графикалық редактор ?

  4. Компьютерлік графика нені оқытады?

  5. Компьютерлік графиканың негізгі қызметі мен анықтамасы қандай?

V.Қорытындылау.

Компьютерлік графика түрлері мен қызыметімен танысты. Графикалар бөлек нүктелер арқылы немесе үздіксіз сызықты көрсетумен бейнеленеді. Графикалар зерттеу нәтижелерін топтасқан және көрнекі түрде көрсете алады, олар кестелерге қарағанда көп әсер қалдырады. Жақсы ойластырылған графикалар көмегі арқылы құбылыстар заңдылықтарын жақсырақ бейнелеуге болатынын білді.

Инсерт әдісі

НЕ БІЛЕМІН ?

НЕ БІЛДІМ ?

НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ ?



Бағалау:

• Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

• Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

VІ. Үй тапсырмасы: Графикалық редакторлардың түрлері тақырыпты оқып келу.


© 2010-2022