«Кесте. Кесте құру» 6 класс

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс«Кесте. Кесте құру» 6 класс№23 сабақ

Сыныбы: 6 «А» Күні: 24.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.

Сабақтың мақсаты: MS Word бағдарламасында кесте құруға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Кесте, ұяшық ұғымдарына анықтама бере отырып, кесте құра білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды мұқияттылыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттін, логикалық-абстракциясын дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер,оқулық,карточка.

Сабақтың өту барысы.

1.Оқушылардың ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмаларды орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

1. Саламатсыздарма, оқушылар! (оқушыларды отырғызып, түгелдеп, журнал толтырып, жаңа сабаққа дайындығына, оқу құрал-жабдықтарының барына көңіл бөлемін). Дәптерлеріңді ашып, сабақ тақырыбын жазып алыңдар.

Шаттық шеңбері.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру . Сонымен балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Ия, кім дайын? Қайталау сұрақтары:

1. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

2. Microsoft Word редакторына қалай іске қосамыз?

2. Місrosoft Word мәтіндік процессорының негізгі мүмкіншіліктерін атап шығыңдар.

3. Мәтінді пішімдеу деген не?

4. Тізім деп нені түсінесіңдер? Оны қай уақытта қолданамыз?

5. Тізімнің қандай түрлері бар?

6. Бағандарға бөлу қалай жүзеге асырылады?

«М» сөзжұмбағын дұрыс шешсеңіз мәтінмен жұмыс кезіндегі терминдерді еске түсіреміз.



  1. Кірістіру нүктесі

  2. WordPad .................................редакторы«Кесте. Кесте құру» 6 класс

  3. Тізім құрау батырмасы

  4. Редактордың негізгі командалары орналасқан жол

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кесте - бұл баған мен жолдардың қиылысы. Кестенің бағаны мен жолдарының қиылысуын ұяшық деп атайды.

Кестені кірістіруді 3 түрлі тәсілмен орындауға болады.

Бірінші тәсіл:

1. Мәзір жолағының Кірістіру (Вставка) қосымша бетіндегі Кесте тобын ашу.

2. Кестені кірістіру (Вставить таблицу) бөлімін таңдап.

3. Пайда болған диалогтік терезеден кесте жолының бағаны мен жолының санын көрсету керек.

Екінші тәсіл:

1. Мәзір жолағының Кірістіру қосымша бетіндегі Кесте тобын ашу.

2. Кестені кірістіру (Вставить таблицу) тізімінен керекті жол мен бағандарды ерекшелеу керек.

Үшінші тәсіл:

1. Мәзір жолағының Кірістіру қосымша бетіндегі Кесте тобын ашу.

2. Кестені салу (Нарисовать таблицу) бөлімін таңдап, қарындашпен кестені салуға болады.

Мәтіндік редакторда құрылған кестелердің бәрі бірдей: сыртқы сызықтары қара түсті, ұяшықтары ақ. Бірақ редактордың командалары көмегімен кестені ашық және әдемі етуге болады. Кестені кұрғаннан кейін мәзір жолында Конструктор және Макет қосымша беттері пайда болады.

Конструктор қосымшасы кестені әрлеу үшін қолданылады. Бұл жерде Кесте стилін, шекара түрлерін, қалыңдығын, түсін өзгертуге, ұяшықтардың боялуын таңдауға болады. Сонымен қатар, кесте салуға және өшіруге болады.

Макет қосымшасы кестенің құрылымын түзетуге мүмкіндік береді. Ерекшелеу (Выделить) командасы кесте ұяшықтарын, түгел бір жолды, бағанды немесе толықтай кестені ерекшелеуге болады.

Кестеге қосымша жол немесе бағанды қосуға болады. Мысалы, жол қосу үшін меңзерді қажет жерге орналастырып, Жоғарғы жағынан жол қосу немесе төменгі жағынан жол қосу командасын орындауға болады. Осылай оң жағынан немесе сол жағынан баған қосуға болады. Ұяшықтарды біріктіру үшін алдымен қажет ұяшықтарды ерекшелеп алып, Макет - Ұяшықтарды біріктіру (Обьединить ячейки) командасын орындау керек.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

І. Міндетті деңгей.

Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы 5 баған және 4 жолдан тұратын кесте құрыңыз.

3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.

Оқушы туралы мәлімет

Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

Телефоны

1


2


3




ІІ. Лайықты деңгей. Төмендегідей 10 баған және 9 жолдан тұратын кесте құрып, үлгідегідей ұяшықтарды біріктіріңдер.

«Кесте. Кесте құру» 6 класс

ІІІ Жоғары деңгей

  1. Үлгідегідей кесте құрыңдар.

  2. Ұяшықтарды біріктіру үшін ерекшелеп алып, Макет - Обьединить ячейки командасын орындаңдар.

  3. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз

  4. Мәтінді қисайтып жазу үшін сол ұяшыққа меңзерді қойып, Макет - Направление текста командасын таңдау керек.


Менің сабақ үлгерімім

Аты-жөні

І тоқсан

ІІ тоқсан

Қазақ тілі

Математика

Информатика

Орыс тілі

Қазақ тілі

Математика

Информатика

Орыс тілі

1





Ақпараттық диктант

  • Кестені даярлау үшін....

  • Ұяшықтарды біріктіру үшін......

  • Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан?

  • Ұяшық дегеніміз .......

  • Кестені әрлеуге арналған мәзір.......

  • Кестенің құрылымын түзету үшін .........

4. Бекіту сұрақтары.

1. Кестелермен жұмыс істегенде Microsoft Word терезесінің қандай элементтерін пайдаланады?

2. Кестені құжатқа қандай тәсілдермен кірістіруге болады? Кестені қалай салуға болады?

3. Кестенің бойымен қалай жылжуға болады?

4. Кестенің соңына жаңа жолды қалай қосуга болады?

5. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма. §22. Кестелер. Кестелерді құру. 140-143 беттер.

Рефлексия «Бағдаршам»

© 2010-2022