Информатика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ғаламдық желі

Раздел Информатика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаратылыстану - математикалық бағыт


Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық желі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ғаламдық желі, желі топологиясы туралы түсінік беру, жергілікті желіні баптау мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жергілікті желі туралы білімдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, желі.

Оқыту формалары: жеке, ұжымдық.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жергілікті желілердің көмегімен шешілетін негізгі мәселелер қандай?

  2. Жергілікті және ғаламдық желілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  3. Желідегі принтерге жалпы қолжетімділікті қалай орнатуға болады?

  4. Wі-Fi дегеніміз не?

  5. Үйдегі Wі-Fi желісін баптаудың жалпы ретін айтыңдар?

Жаңа сабақ


Ақпараттарды желі бойынша тасымалдау үдерісі кезінде әртүрлі қауіптер пайда болуы мүмкін:

Тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төнуі мүмкін;

  • Ақпараттардың жайылуы, ұрлануы, бұрмалануы;

  • Ақпаратпен жұмыс істеуде рұқсат етілмеген іс-әрекеттер;

  • Ақпараттық жүйеде бар азаматтардың жеке құпияларын және құпия мәліметтерді сақтауда азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы;

  • Ақпараттық үдерістерге және оларды дайындауда, өңдеуде және ақпараттық жүйелерде, оларды қамтамасыз ету құралдары мен технологияларда құқық бұзушылық.

Ақпараттық қауіпсіздік - бұл ақпараттың құпиялығын, біртұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үдерісі.

Құпиялылық - бұл ақпараттарды компьютерлік жүйеде сақтау немесе құқығы бар адамдарға ғана ақпараттарды байланыс арналары арқылы жіберу мүмкіндігінің кепілі. Бұл категорияны бұзу рұқсат етілмеген ақпараттарды алу, ұрлау немесе мәліметтерді ашу деп аталады. Қорғау әдістері программалық, аппараттық және ұйымдық болып бөлінеді.

Ақпаратпен жұмыс істеу саласындағы Қазақстан Республикасындағы заңнама

2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» ҚР заңнамасында ақпарат немесе ақпараттық ресурстар «сәйкес программалық жабдықтама және қолданушылар үшін қызықты ақпараттармен біріктірілген, ақпараттық жүйелер құрамына кіретін электрондық жүйелендірілген ақпараттар» ретінде анықталады. Ақпараттандыру саласындағы қатынасты реттеу, ақпараттық жүйелерді пайдалану мен қалыптастыру реті ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңында ақпараттық жүйелердің және ақпараттық ресурстарды қорғау қажеттілігі бойынша анықталады. Заңда ақпаратты қорғау үшін анықтамалар берілген: программалық жабдықтаманы қорғау рұқсат етілмеген пайдалану, тарату, модификациялау, үйрену және аналогтарын жасаудан программалық жабдықтаманы қорғауға бағытталған шаралар кешені.

Қорғау әдістері

Программалық

Аппараттық

Ұйымдық

  • Қатқыл дискінің бейнесін жасау;

  • Вирусқа қарсы қорғаныс;

  • Файлдар көлемін бақылау

  • Қатқыл дискіге жүгінуді бақылау

  • Компьютермен бөлмені экрандау

  • Шу генераторын орнату

  • Заң шығарушы қызмет








Желілік этикет


Чат, аудио немесе бейнеконференциялар арқылы сөйлесу кезінде желілік этикет ережелерін сақтау керек. Бұлар сұхбатқа тікелей жақын және ол қатынас жасаудың ерекше түрі. Бұл жағдайда ақпарат алмасу жылдамдығы өте жоғары, себебі желілік сұхбатқа қатысушы сұхбатқа, қолданылатын техникалық және программалық құралдарға назар аудару керек.

4.Сабақты бекіту: Оқушылар компьютерде 250 беттегі тәжірибелік жұмысты орындайды.

5.Сабақты қорытындылау: Қорытындылау сұрақтары:

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау деген не?

2. Ақпараттық ресурстарды қорғауға қарсы рұқсат етілмеген әрекеттерді атап шығыңдар?

3. Қорғау әдістері нешеге бөлінеді?

4. Желілік этикет дегеніміз не?

5. ЭСҚ-ны қандай сайттан алуға болады?

6. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

7. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, қосымша мәлімет әкелу.


© 2010-2022