Паскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 класс

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Паскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 классПаскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 классПаскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 классПаскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 классПаскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 классПаскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 классМангыстау облысы

Бейнеу ауданы

Манашы орта мектебі

2 санатты информатика пән мұғалімі

Икасбаева Айгул Сыдыковна

Бекітемін:__________ Күні:______________

Пәні

Информатика

Сыныбы

9а,б,в

Тақырыбы:

Паскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы.

Мақсаты

Оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, бағдарлама бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Міндеті:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару.

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгеру және тәжірибеде қолдану сабағы.

Күтілетін нәтиже

Программа құрылымын сақтай отырып, сызықтық программалар жазу

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Дифференциа-ция

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру бөлімі

Сыныппен сәлемдесу, топқа бөлу

Психологиялық треннинг «Жұлдыз»

Жұлдыздың түсіне қарай бөлу

Оқушылар сәлемдесіп, топқа бөлінеді Топ мүшелерін сайлайды

Жұлдыздың түсіне қарай 2 топқа бөлінеді

Бағалау критериі бойынша бағалау бетшесіне өз-өзін бағалай-ды

АКТ

оқу құралдары, кестелер, плакаттар, маркер, желім,

Білу

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын тексеру:

1Паскаль тілінің алфавитіне нелер жатады?

2. Идентификатор деген не?

3. Айнымалылар деген не, олар қалай белгіленеді?

4. Паскаль тіліндегі стандартты функциялар қандай қызмет атқарады?

5. Логикалық өрнек неден тұрады?

6. 36 div 7=

7. 15 mod 4=

8. x2 =

Негізгі бөлім

Түсіну

Постер қорғау. Топтық жұмыс «Жабық хат» стратегиясы. Топтарға жабық хат таңдау арқылы топтық жұмыстар беріледі.

І Паскальдағы программа құрылымы туралы түсінік

ІІ Паскальдағы операторлар туралы түсінік.

Қолдану

Практикалық бөлім:

Міндетті деңгей

Формула бойынша программа құру. Блок- сызбасын сыз

алгоритмі:

алг формула бойынша есептеу

арг х,z бүтін сан

нәт у бүтін

басы

енгізу х,у

у:= (2*х-3*z)/ (х-5)

шығару у

соңы

Program esep;

Var x,z : integer;

Begin

Write (`x,y мәндерін енгіз`);

Read(x,z);

y:= (2*х-3*z)/ (х-5)

write (`y:=`,y);

end

Лайықты деңгей: Ньютонның ІІ заңы формуласы бойынша программа құру F= ma . «Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал.»

алгоритмі:

Алг заң

арг m,a бүтін сан,

нәт F бүтін

басы

F:= m*a

Шығару F

соңы

Program zan;

Var m,a : integer;

Begin

Write (`m,a мәндерін енгіз`);

Read(m,a);

F:= m*a

write (`F:=`,F);

end

Жоғары деңгей: ABC үшбұрышы берілген Герон формуласы бойынша ауданын табу программасын құру. программа құру, Блок- сызбасын сыз.

алгоритмі:

Алг герон

арг a,b,c бүтін сан,

нәт S бүтін

басы

P: = a+b+c/2

Шығару S

соңы

Program geron;

Var a,b,c : integer;

Begin

Write (`A,B,C мәндерін енгіз`);

Read(A,B,C);

P: = a+b+c/2

S:= sgrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c);

write (`S:=`,S);

end

Сергіту Көзге жаттығу

Паскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 класс

Талдау

«Фишбоун» әдісі. Программалардың жазылу құрылымы. Алгоритмдік және Паскаль тілінде.

Паскаль программасының құрылымы. Қарапайым операторлардың жазылуы. 9 класс



Жинақтау

«Қатесін тап» ойыны

Дымбілмес пен Зиянкестің операторлады жазуындағы қателіктерді анықта

х= K+4; x: = sinx+cosx;

x:=3,74*A; write[x,y];

-W:=A+B; read(x*y)

Бағалау

Тест жұмысы

1.Турбо Паскаль бағдарламасында бағдарлама тақырыбының соңынан ... бөлігі орналасады.

а) операторлар, в) сипаттау, с) соңғы д) көрші

2. Турбо Паскаль бағдарламасында бөліктегі операторлар бір-бірінен ... Ажыратылады.

а) нүктемен, в)қос нүктемен, с)нүктелі үтірмен, д)үтірмен

3. Турбо Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші сөзден басталады?

а)begin, в) var, с) program, д)end

4. Write операторы қандай қызмет атқарады?

а) мәтінді экранға шығарады, в)пернетақтадан берілгендерді оқиды,

с) айнымалылар типін өзгертеді, д) бағдарлама жұмысын аяқтайды

5. Турбо Паскаль бағдарламасында операторлар бөлігі қандай қызметші сөздерден басталады?

а)begin, в) var, с) program, д)end

Үйге тапсырма

§5 оқу. Практикалық жұмыс № 10-11


Бағалау

Бағалау критериі бойынша өз-өзін бағалау


Кері байланыс

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»



© 2010-2022