Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары (5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторында жұмыс істеуге үйрету

  1. Оқушыларды графикалық редакторында жұмыс істеуге үйрете отырып, оларды өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

  2. Оқушылардың графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

  3. Оқушылардың логикалық абстракциясын, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділіктерін арттыру, ақпараттық мәдениеттілікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: Деңгейлеп оқыту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, оқулық, интерактивті тақтаға дайындалған слайдтар.

С А Б А Қ Б А Р Ы С Ы:

І.Ұйымдасытру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайталау сұрақтарына оқушылар интерактивті тақта арқылы көрсетіп, жауап береді.

  1. Paint графикалық редакторын іске қосу командасы?

  2. Paint графикалық редакторының терезе элементтері?

  3. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?

  4. Сурет салу тәсілі қандай?

  5. Фон түсін қалай өзгертеміз?

ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Құю (Заливка) құралын пайдалану

  1. Тышқанмен Құю батырмасын шертеміз.

  2. Түсті таңдау үшін, тышқан нұсқағышын түстер палитрасына орналастырып, қажетті түсте шертеміз.

  3. Бояғымыз келетін тұйық контурдың ішін тышқанмен шертеміз.

Бүріккіш (Распылитель) құралын пайдалану

  1. Бүріккіш батырмасында тышқанды шертеміз.

  2. Нұсқағышты түстер палитрасын орнатып, қажетті түсті таңдап, тышқанды шертеміз.

  3. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын жақтаудан бүрку дағының өлшемін таңдаймыз.

  4. Тышқан нұсқағышын бүркілетін жерге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, бояуды бүрку керек. Тышқанды қаншалықты ұзақ және баяу жылжытып батырманы басып тұрса, бояу соншалықты қою бүркіледі.

Өшіргіш (Ластик) құралын пайдалану.

  1. Өшіргіш құралын пайдаланып, өлшемін таңдаймыз.

  2. Тышқан нұсқағышын өшіретін сызыққа орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып өшіреміз.

V. Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру: Деңгейлік тапсырмалар:

1) 1-деңгей: Төртбұрышты құралын пайдаланып, бірдей 9 шаршының суретін салыңыз. Әр бағанда түстер әртүрлі болатындай етіп оларды үш түсті пайдаланып бояңыз.

2-деңгей: Шеңбер немесе дөңгелекті, төртбұрышты, сызықтың түрлерін қолданып, «Аққала», «Шырша» суреттерін салыңыз.

3-деңгей: Шыршаны Құю құралының көмегімен жасыл түспен ал, діңін қоңыр түспен боя. Бүріккіш құралын пайдаланып, аққаланың түймелерін сал.

2) Сәйкестендіру кестесі


1

Paint қандай редактор?

2

Мәзір қатарын ата.

3

Компьютердің өшіру командасы.

4

Paint программасын іске қосу командасы

5

Word Pad қандай редактор?

6

Терезенің ең төменгі бөлігі қалай аталады?

7

Paint программасының терезе элементтерін ата.

Іске қосу - Программалар - Стандартты - Paint

Мәтіндік редактор

Қалып күй қатары

Графикалық редактор

Тақырып, мәзір, құралдар жиыны, сурет салу алаңы, түстер палитрасы, қалып күй

Файл, Түзету, Түр, Анықтама

Іске қосу - Компьютерді өшіру - Өшіру


3) Тест тапсырмасы:


  1. Paint программасының қай түріне жатады?

а) Қолданбалы

ә) Жүйелік

б) Стандартты

2. Paint ..........

а) Операциялық жүйе

ә) Ойын

б) Графикалық редактор

3. Графиктік редактор Paint-ті іске қосу жолы.

а) Іске қосу - Программалар - Стандартты - Paint

ә) Іске қосу - Құжаттар - Без имени

б) Іске қосу - Paint графикалық редактор

4. Тік төртбұрышты салу құралы.

а) Түзу сайманы

ә) Көпбұрыш сайманы

б) Тік төртбұрыш сайманы

5. Фигураның іштерін бояу сайманы.

а) Қарындаш

ә) Құю сайманы

б) Бүріккіш

6. Сақтау командасы ...

а) Файл - сақтау

ә) Кірістіру - сақтау

б) Файл - ...деп сақтау

7. Paint-та құрал саймандар нешеу?

а) 12

ә) 15

б) 16

8. Палитра не үшін қолданады?

а) Салынған суреттерді тек негізгі түспен бояу үшін.

ә) Салынған суреттерді тек фондық түспен бояу үшін.

б) Графикалық редактор терезесінде салынған суреттерді негізгі және фондық

түстерге бояу үшін.

9. Экранға қисық сызықтарды шығару үшін:

а) Қарындашты пайдаланамыз

ә) Қисық құралын пайдаланамыз

б) Көпбұрыш құралын пайдаланамыз

10. Суретті құйып бояу үшін:

а) Бүріккіш құралы

ә) Құю құралы

б) Өшіргіш құралы

4) Дәптермен жұмыс

  1. Комьютерлік өшіргіш (ластик)

  2. Экранды бірден тазарту іс-әрекеті. (Правка тазарту)

  3. Экранда жоқ саймандардың тақтасын орнату іс-әрекеті. (Түр-Аспаптар панелі)

  4. Түстер (Палитра)

  5. Windows операциясын ойлап тапқан фирманың аты (Microsoft)

Жауабы оқылады. Оқушылар өздерінің дәптеріне дұрыс жауабы +, қатеге жауапқа - қояды.

VІ. Қорытындылау: Семантикалық картамен жұмыс.

Атқаратын қызметі


Құрылғылар

Негізгі енгізу құрылғысы

Қосымша шығару құрылғысы

Негізгі шығару құрылғысы

Қосымша енгізу құрылғысы

Монитор


Пернетақта


Тышқан


Принтер


VІІ. Үйге тапсырма. «Paint графикалық редакторының құралдары» тақырыбын оқу және 5 сұрақтан тест құрап келу.

Бағалау. Оқушыларды бақылау сұрақтары, орындалған тест сұрақтары, тапсырмаларының дұрыстығына, белсенділіктеріне қарай бағалаймын.






© 2010-2022