Сабак жоспары 5 сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабак жоспары 5 сыныпСабак жоспары 5 сынып5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты.білімділік: Оқушыларға сурет бөліктерімен жұмыс істеу туралы түсіндіру, мәтінді баптау мүмкіндіктерімен таныстыру

Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, белсенділігін арттыру

Тәрбиелігі: компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Әдісі: түсіндіру практикалық, сұрақ-жауап

Көрнекілік: интерактивті тақта, дербес компьютер, тест тапсырмалары, слайдтар

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару

ә) сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. «Біліміңді тексер» ойыны

Сабак жоспары 5 сынып

Тексеру кілті:

1

2

3

4

5

6

А

С

А

В

Д

В

IІІ. Білімді өзектендіру

PAINT графикалық редакторының қандай саймандарын біз әлі пайдаланбадық ?

Бүгін біз «Ерекшелеу» сайманымен жұмыс істейміз, суретке мәтін орналастыруды үйренеміз .

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманы қолданылады.

Ерекшеленген фрагменттің жан-жағында пунктирлі сегіз ерекшелеу маркері бар қоршау пайда болады .

Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+A пернелер тіркесімен пайдалануға немесе Ерекшелеу Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады. Ерекшелеуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

Сабак жоспары 5 сынып

Қажетті бұйрықты ерекшеленген фрагменттің контекстік мәзірінен таңдауға болады.

1-тәсіл - фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке

көшірмесін аламыз.Сабак жоспары 5 сынып;

2-тәсіл - фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз- оның ізі бар көшірмесін аламызСабак жоспары 5 сынып;

3- тәсіл - фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру. Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.

Сабак жоспары 5 сынып

V. Сабақты бекіту. «Практикалық сабақ»

VI. Cабақты қорытындылау

Сабак жоспары 5 сыныпСабак жоспары 5 сынып

Сабак жоспары 5 сыныпСабак жоспары 5 сынып

VII. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау

VIII. Үйге тапсырма

§ 16 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру

Сабақтың тақырыбы : Масштаб. Суреттің трансформациясы

Сабақтың мақсаты : сурет трансформациясын орындауды үйрету.

Оқушылар білуі тиіс : масштаб құралы қай кезде пайдаланылатынын, трансформацияның не екенін.

Оқушылар үйренуі тиіс : суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

IV Білімі өзектендіру

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады. Windows -тегі барлық амалдар сияқты, масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдаланыңдар :

Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын ;

Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын ;

Жай -күй жолындағы Масштаб жүгірткішін.

«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.

Қане, Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бұйрықтарының қалай жұмыс істейтінін қарастырайық. Бұл бұйрықтар амалдарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен орындайды.

Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь шағылдырып орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады.

Суретті тышқанның көмегімен тура қажет болғандай етіп созу немесе кішірейту әрқашан қолдан келе бермейді. Егер пропорцияларды сақтау, мөлшерін бір пиксельге дейінгі дәлдікпен өзгерту керек болса, онда Мөлшерді өзгерту бұйрығын қолданыңдар.

Қырқу - суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Ол өте қолайлы, мәселен, өрнектердің суретін салғанда - алдымен элементтерін салып, одан кейін оларды көшіріп, өрнекті құрып, оны ерекшелеп, енді керек емес детальдарын қырқамыз. Сол сияқты, бұл бұйрық фотосуреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді.

Сабак жоспары 5 сынып

Мөлшерлер мен бұруды өзгерту

Сабак жоспары 5 сынып

Вертикаль шағылдыру

VІ. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

VII . Қорытынды

Суреттің фрагментін қалай бұрамыз ?

Дөңгелекті шағылдырса не болады ?

Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады ?

Paint -те орындалған соңғы қанша амалдан бас тартуға болады ?

VІІІ Үйге тапсырма

§ 17 мазмұндау, тест сұрақтарына жауап беру








© 2010-2022