Windows Movie Maker туралы негізгі түсінік, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Windows Movie Maker туралы негізгі түсінік, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері

Cабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Windows Movie Maker бағдарламасы, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Windows Movie Maker бағдарламасы, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат бере отырып оқушылардың ой-өрісін, білім-білік дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалдарды қайталау сұрақтары

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма

Өткен материалдар бойынша сұрақтар:


  1. Графикалық ақпаратты ұсынудың неше түрі бар?

  2. Растрлық кескін дегеніміз не?

  3. Фрактальдық және векторлық кескіннің айырмашылықтарын айтыңыз?

  4. Графиканың қандай негізгі бағыттары бар?

  5. Растрлық кескіннің артықшылығы неде?

  6. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін қандай бағдарламаларды білесіз?

  7. Фрактальдық кескіннің базалық элементін атаңыз.

Жаңа материалды түсіндіру

Windows Movie Maker - дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.

Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.

Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.

Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.

Windows Movie Maker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.

Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.

Жоба - раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. Windows Movie Maker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmm болып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.

Фильм - бұл фильмді сақтау шеберінің көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге болады.

Кадр - саны жағынан көп кескіндер жинағының бейне көрсетілімі.

Клип - үлкен көлемдегі бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.

Жоба файлы - ағымдағы импортталған немесе жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының құрылымы туралы мәлімет.

Шығыс файлы - бұл ағымдағы жобада импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе кескін файлы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы көрсетілетін дайын клип - бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа орынға ауыстыру ұсынылмайды.

Windows Movie Maker бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм сияқты сақтауға болады.

Windows Movie Maker-де жазылғандар мазмұны Windows Media форматында сақталады.

Windows Movie Maker жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға болады:

Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.

Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.

Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.


Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Windows Movie Maker қандай бағдарлама?

  2. Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нелерді пайдаланамыз?

  3. Жоба дегеніміз не?

  4. Жинақ дегеніміз не?

  5. Фильм, кадр, клип терминдері нені білдіреді?

  6. Жоба және шығыс файлдары дегеніміз не?

  7. Қандай типтегі файлдарды импорттау арқылы қолдануға болады?

Үйге тапсырма: лекция оқу, фильм құру үшін материалдар жинақтау.




Күні:............................ Мұғалімі:............................................

Сабақтың тақырыбы: Windows Movie Maker интерфейсі туралы негізгі түсінік, Windows Movie Maker бағдарламасын қолдану.

Cабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Windows Movie Maker интерфейсі туралы негізгі түсінік бере отырып, Windows Movie Maker бағдарламасын қолдану туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Windows Movie Maker интерфейсі туралы негізгі түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім-білік дағдыларын дамыту; Windows Movie Maker бағдарламасын қолданып жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өткен материалды қайталау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма

Өткен материалдар бойынша сұрақтар:


  1. Windows Movie Maker қандай бағдарлама?

  2. Windows Movie Maker бағдарламасында фильм құру үшін нелерді пайдаланамыз?

  3. Жоба дегеніміз не?

  4. Жинақ дегеніміз не?

  5. Фильм, кадр, клип терминдері нені білдіреді?

  6. Жоба және шығыс файлдары дегеніміз не?

  7. Қандай типтегі файлдарды импорттау арқылы қолдануға болады?


Жаңа материалды түсіндіру

WWindows Movie Maker туралы негізгі түсінік, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтеріindows Movie Maker бағдарламасының интерфейсі бірнеше элементтерден тұрады:

Windows Movie Maker туралы негізгі түсінік, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері

2





  1. Жоба аты көрсетілген тақырып жолы;

  2. Меню жолы;

  3. Құралдар тақтасы;

  4. Фильмдермен жұмыс жасау панелі;

  5. Жинақтар панелі;

  6. Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ;

  7. Монитор терезесі.

Меню жолы және құралдар тақтасы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы меню командаларымен және құралдар тақтасымен орындалатын тапсырмалар туралы мәліметтердің құрамы.

Фильмдермен жұмыс жасау панелі. Фильм құру кезіндегі орындалатын әрекеттерден (бейне жазу, фильмді монтаждау, фильм құруды аяқтау, фильм құру туралы кеңестер) тұрады.

Жинақтар панелінде импортталған клип жинақтары (кескіндер, бейне және дыбыстар т.б.) көрсетіледі.

Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ. Раскадровка немесе уақыт шкаласында орындалатын әрекеттерді көрсетеді.

Уақыт шкаласы жоба клипіндегі уақыт параметрінің өзгерісін қарастырады. Уақыт шкаласында ағымдағы жобаға қосылған файл типтерін көрсете отырып келесі жолдар бейнеленген: бейне, ауысым, дыбыс, дыбыс немесе әуен, атау кірістіру.

Монитор терезесін жеке клиптерді және толық жобаны көру үшін қолдануға болады. Монитор терезесі фильмді сақтар алдында алдын ала көру үшін қолданылады.

Сабақты бекіту сұрақтары


  1. Windows Movie Maker бағдарламасы интерфейсінің элементтерін ата.

  2. Меню жолы және құралдар тақтасы қандай қызмет атқарады?

  3. Фильмдермен жұмыс жасау панелі қандай бөліктерден тұрады?

  4. Импортталған клип жинақтары қандай қатарда көрсетілген?

  5. Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақтың қызметі қандай?

  6. Монитор терезесін не үшін пайдалануға болады?

Үйге тапсырма: лекция оқу, фильм құру үшін материалдар жинақтау.





Windows Movie Maker туралы негізгі түсінік, шығыс файлы, фильмді сақтау, қолданылатын файл типтері

© 2010-2022