Компьютердің қосымша құрылғылары ( 5 сынып)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Компьютердің қосымша құрылғылары ( 5 сынып)Компьютердің қосымша құрылғылары ( 5 сынып)Компьютердің қосымша құрылғылары ( 5 сынып)Сабақ тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары.

Сабақ мақсаты :1.Оқушылардың компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

2. Іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

-ДК-мен, оның негізгі құрылғыларымен және олардың міндетімен таныстыру.

-Компьютердің құрылғылары туралы түсініктерін дамыту;

- Жауапкершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық;

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын,қазақ тілі, математика

Программалық дидактикалық қамтылуы:

Оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, интерактивті тақта, «Компьютердің қосымша құрылғылары» презентация, информатикалық диктант.

Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық;


Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • Компьютер деген не екенін, құрамын;

  • Ақпараттық не екенін;

  • Компьютердің құрылғыларының міндетін.

  • Жүйелік қорап ішіндегі құрылғылардың аттарын;

Оқушылар үйрену тиіс:

- ДК-мен, оның негізгі блоктарымен және олардың атқаратын міндеттерімен.

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылықты ояту

а/ Тренинг «Көңіл күй»

б/ Топқа бөлу

в/ сұрақ -жауап

II. Мағынаны тану

а/Жаңа тақырыпты түсіндіру.

б/ Практика жүзінде көрсету.

III. Ой толғаныс

а/ Информатикалық диктант

б/ «Көзге жаттығу»

ІҮ. Бекіту сұрақтары.

в/ Рефлексия

с/Бағалау

I.Қызығушылықты ояту.

а/ «Көңіл күй» Балалар өздерінің көңіл күйлерін бағалау сұралады: « Мен өзімнің көңіл күйімді 3 баллдық жүйемен бағалаймын, себебі көңіл -күйім орташа, мен өзімнің көңіл күйімді 4 баллдық жүйемен бағалаймын, себебі ұйқым қанған жоқ , 5 баллдық жүйемен бағалаймын, себебі көңіл- күйім керемет!».

Осы тренинг арқылы топқа бөлу.

1 топ-«Ақпарат » 2 топ-«Графика» 3 топ «Компьютер»

в/Сұрақ-жауап

II. Мағынаны тану

а/Дәптермен жұмыс.

-Қане балалар күннің жады мен тақырыпты жазып аламыз.

-Бүгінгі біздің қарайтын тақырыбымыз.

Компьютердің қосымша құрылғылары. Электрондық оқулық арқылы сабақты түсіндіру.

Компьютер сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, Компьютер деректерді программалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы.

ДК өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің негізгі жинағы).

Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.

Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК-дің жүйелік блогы - компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда:

  • Аналық (материнская, системная)

  • Процессор

  • Қоректендіру блогы

  • Жедел жад

  • Қатты диск

  • CD-ROM

  • Көрініс платасы

  • Дыбыс платасы

  • Және т.б. құрылғылар орналасқан.

Монитор (дисплей)-бұл кез-келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы.

Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.

Бұлардан басқа, компьютердің көптеген құрылғылары бар, оларды енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.

Тышқан (мышь)-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы.

Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы.

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Құлақшын - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Микорфон - Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы

Джойстик - Компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік

Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы

Бұл құрылғылардың әр қайсымен тереңірек алдыңғы сабақтарымызда танысатын боламыз.

Ноутбукта барлық қажетті компоненттер бір корпус ішінде орналасады және ол кітап сияқты бүгіліп жабылады.Сыртқы жадтың барлық құрылғылары , онымен қоса енгізу арқылы өзара байланысқан.Онымен қоса диск жетекші бақылаушысы, монитор бақылаушысы, принтер бақылаушысы және т.б болады.

-Балалар алған білімдерімізді одан әрі толықтыру үшін тақтаға қарайық.


  1. Ой толғаныс

-Ендеше , тапсырмалар орындаймыз берілген.

а)Информатикалық диктант

1.Компьютерлік жүйенің негізгі бөлшектерінің атауларын жаз:

Компьютердің қосымша құрылғылары ( 5 сынып)

Жүйелік

блок

монитор

пернетақта

2. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз.

Пернетақта

Пернетақтаның көмегімен компьютерге информацияны енгізуге және басқаруға болады. Пернетақтада жүзден астам пернелер бар. Пернелер көбінесе информация енгізу міндетін атқарады, бірақ олардың кейбіреулері компьютерді басқару үшін қажет.

3. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз

Тышқан

Тышқан компьютерді басқаруға арналған. Оның екі батырмасы бар, бірақ олардың көмегімен әртүрлі көп жұмыс жасауға болады. Тышқанды үстел бетінде жылжытқанда, онымен бірге монитордың экранында тышқанның нұсқағышы да жылжиды. Команда беру үшін нұсқағыш графикалық басқару элементіне апарып, содан кейін тышқанның батырмаларының бірімен жылдам шерту керек. Шерткен кезде компьютер команда алады.

4. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

Монитор мәтіндерді, бейнелерді экранға шығару міндетін атқарады.

Пернетақта компьютерге мәтіндік информацияны енгізуге арналған.

Тышқан компьютерді басқаруға арналған.

Компьютер орындайтын барлық есептеулер жүйелік блокта жүреді.

Дыбыс колонкалары дыбысты информацияны шығаруға арналған.

ә)«Сергіту жаттығуы»

б) Бекіту сұрақтары:

Рефлексия.

Бүгінгі сабақта көзің арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта құлағың арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта қолың арқылы қандай қызмет атқардың ?

Үйге тапсырма: 7 тақырып оқып келу, бақылау сұрақтарына дайындалу.

Бағалау.

а/Топты б/жекелеп










«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі



















Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары


(ашық сабақ)






Сыныбы: 5 «А»


Өткізген:Алдонгарова Райхан




2015 жыл



© 2010-2022