Компьютерлік графика туралы түсінік

Абат Қасен Абатұлы Байғанин техникалық колледжі, информатика пәнінің оқытушысы       Сабақтың тақырыбы:  Компьютерлік графика Сабақтың мақсаты:                   1.Білімділік - оқушылардың мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Графикалық ақпарат туралы түсінік, графикалық обьектілермен орындалатын оперециялар, түс және палитра комрьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;             2.Тәрбиелік - жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрб...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абат Қасен Абатұлы

Байғанин техникалық колледжі,

информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік - оқушылардың мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы. Графикалық ақпарат туралы түсінік, графикалық обьектілермен орындалатын оперециялар, түс және палитра комрьютерлік графиканың қолданылу салалары туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Тәрбиелік - жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық - оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтіндік дыбыстық және графикалық ақпараттардың ұсынылуы.

Мәтіндік режимде, әдетте экран әрбірінде 80 символы бар 25 жолға бөлінеді. Экранның әрбір позициясына арнайы құрылғы белгі генераторымен программаланған 256 символдың бірі енгізілуі мүмкін. Мәтіндік режимде құрастырылған қарапайым суреттерді және мәліметтерді шығаруға болады.

Мәтіндік ақпаратты кодтау үшін ASCII коды қолданылады. Компьютерге мәтіндік символды енгізгенде, мысалы, «А» пернесін басқанда, жедел жадқа 01000001 екілік коды беріледі. Символды экранға шығарғанда кері кодтау (декодталу) жүргізіледі, яғни біз экранда оның екілік кодынан алынған символды көреміз.

Дыбыс бұл табиғатында тербелмелі ауа болып табылатын үздіксіз сигнал. Компьютерге дыбыс енгізу үшін оны нолдермен бірліктердің жиыны түрінде ұсыну керек. Бұл мына жолмен жасалады: микрофонның көмегімен дыбыс электрондар тобының тербелісіне айналады. Бірдей, өз уақыт аралығы (0,00002с) сайын электр тоғының шамасын белгілейміз. Жоғарырақ мәнін - бірлік, төменгі мәнін 0 деп есептейміз, бәрі белгілі дәрежедегі дәлдікпен орындалады. Сонда біз дыбыстың екілік кодын аламыз, оны компьютерге енгізуге, сақтауға және өңдеуге болады.

Компьютерде дыбыстық ақпаратты шығарғанда кері процесс жүреді, екілік кодтар жиыны электр импульстеріне айналдырылады да, динамика арқылы өткізіледі, сонда біз дыбысты естиміз. Қазіргі кезде компьютерден мәтіндік ақпаратты сөз сөйлеу түрінде шығару мүмкіндігі бар, яғни компьютер мәтінді «оқи алады». Адамның сөзін қарапайым дыбыстар (фонемалар) тізбегі және олардың арасындағы паузалар (үзілістер) түрінде де ұсынуға болады. Мысалы, қазақ тілінде 40-45 фонеманы ерекшелеуге болады.

Графикалық ақпарат туралы түсінік.

Графикалық режимде экран жекелеген жарқырауық нүктелерге бөлініп олардың саны манитордың мүмкіндігімен тәуелді (мысалы, VGA типті экран үшін түрлі-түсті болғанда, көлденеңінен - 640; тігінен - 480 нүкте, ал 256 түсті болғанда көлденеңінен - 320; тігінен - 200 нүкте) болады.

Мониторлар базалық түсінің турлері 16 стандартты түсті болады және келесідей 4 элементпен: түстің үш құраушысы: қызыл, жасыл, көк жарықтан мүмкін екі деңгейінің бірімен анықталады. Төрт құраушысының әрқайсысының бар болуы 0 немесе 1 цифрлары ақпаратымен көрсетіледі. Мысалы, егер компьютерлердің мониторы болса, онда экрандағы кескін жадтың 110 Кбайтын алады, 4 битке көп керек: 640*350*4=112000(байт)=110(Кбайт).

Графикалық ақпараттың нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу деп аталады.

Фотосуреттер де растрлық кескін сияқты сақталады. Егер компьютерге сканер қосылған болса, онда кез келген фотосуретті сканерлеп алып, оларды дискіде растрлық кескін түрінде сақтауға болады. Сканер суретті «суретке түсіреді»де, оны «цифрланған» нүктелер жиыны түрінде көрсетеді. Осыдан кейін растрлық кескінге түрлендірілген фотосуретті Word құжатына кірістіреміз. Ақ-қара фотосуреттер, әдетте түрлі түсті суреттерге қарағанда, сапасын жақсы сақтап сканерленеді.

Растрлық кескіндеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.

Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді, қажет болмаған жағдайда ішінра алып тастауға немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.

Кемшілігі: растрлық кескін өлшемін масштаб әдісімен (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) өзгерткен де, кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысылы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, ал кішірейткенде - кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерді жоғалтқандықтан).

Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі - файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, соғұрлым үлкен болады).

Компьютерлік графика растрлық және векторлық болып қана қоймай фракталдық болып та бөлінеді Фракталдық графика векторлық графика сияқты математикалық есепетеулерге негізделген.

Компьютерлік графиканың қолданылу салалары.

Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.

Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын программалық қамтамасыз етулер жсалады. Графикалық редакторлардың түрлері мен оларды қолдану туралы жоғарыда айтылды. Компьютерлік графиканың кейбір бағыттарын қарастырайық.

Ғылыми графика - бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті - обьектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми графика - ғылыми және инженерлік қызметтегі графика. Ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, экспиремент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с түрінде қолданылады. Білім беруде - мультимедиалық программалық құралдарда пайдаланылады.

Іскерлік графика - компьютерлік графиканың бұл саласы әртүрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын иллюстрация жасауға арналған. Жоспар көрсеткішін, есеп беру құжаттарын, статистикалық мәліметтерді жасағанда осы обьектілер үшін іскерлік графиканың көмегімен иллюстрациялық материалдар (көбінесе бұл график, диаграмма түрінде ) жасалады.

Көркемдік және жарнамалық графика. Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейнесабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды әр қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік графика түрлерінің бірі мультимедиа болып табылады, ол дыбысты, музыканы, мәтінді, бейне мен анимацияны (қозғалатын обьектілер) қарастырып үйлестіреді. Соңғы кездерде мультимедиа жүйесі кең таралып келеді.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар:

Кескіннің ақпараттық көлемін анықтаңдар.

4.Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1.Компьютерде дыбыс қалай ұсынылуы мүмкін?

2.Компьютерде мәтіндік және графикалық ақпарат қалай ұсынылады?

3.Графикалық ақпараттың қандай түрлері бар?

5.Үйге тапсырма беру.

6.Оқушыларды бағалау.


© 2010-2022