Информатика пәні мұғалімнің шығармашылық есебі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО, Орал қаласы

№41 жаратылыстану математика бағытындағы мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі

Кожахметова Ляззат Асылбековна

Шығармашылық есеп

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімділік бар биікке шығар саты

Ең алғаш басталады осы адамнан.

Сүйеді сондықтан да, жақын, жаты…..

С. Мұқанов.

Мен, Кожахметова Ляззат Асылбековна 2011 жылы М. Өтемісов атындағы мемлекеттік университетінің жаратылыстану - математика факультетін бітірдім. Алғашқы еңбек жеке кәсіпорындарында бастасам да, мамандығыма деген сүйіспеншілігім мектепке алып келді. 2013 жылы №41 жаратылыстану- математика бағытындағы мектеп - лицейіне информатика пәнінің мұғалімі болып орналастым. Еңбек өтілім 3 жыл.

Ізденіс тақырыбым: «Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру»

Мұғалім - мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Сондықтан, мен өзімнің ұстаздық тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын, сыни тұрғысынан ойлаудың технологиясын және оза оқыту технологияларын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде үнемі қолданып келемін.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Сондықтан соңғы үш жылда өткен сабақтары 5- сыныпта «Paint-графикалық редакторы», «Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару», 6- сыныпта «Мәтіндік процессор», 7-сыныпта «Сандық ақпараттарды кодтау және кері кодтау» 9-сыныпта «Тармақталу опреаторы» атты ізденіс сабақтарым өз дәрежесінде өтті.

Оқушылар әр түрлі сайыстарға үнемі қатыстырылып отырылады. Атап айтсам: 2013 оқу жылында облыстық «Мектептің фирмалық стилі» байқауында 10-сынып оқушылары Байсанов Еркебұлан, Кенжеахметов Қасиет, Қадырболатов Ершат дистанциялық түрде қатысып, «Алғыс хат» алды; 7-сыныптар арасында «Aptech» оқу орталығы ұйымдастырған «Қош келдің, Наурыз» атты компьютерлік графикадан Асылханова Жасмина III орын иеленді; ЗКГИУ және Украина мемлекетінің Винница қаласындаға Винницкий национальный технический университетімен бірлесіп өткізген «Дебют Дизайн» байқауында 9 сынып оқушысы Хамитов Асқар III орын иеленді. Сол жылы осы оқу орны өткізген «Молодежь и наука в современном обществе» атты XV ғылыми конференциясында Мадақтама қағазымен марапатталды. 2015 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институты ұйымдастырған «CompAS» студенттердің және оқушылардың Халықаралық конкурсында, 3D графика(модельдеу) бағыты бойынша 9 -сынып оқушысы Хамитов Асқар II орын иеленді. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа, ғылыми жұмыстарға бағыттауда да айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ұстаз қай уақытта болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек!

Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.

Біз қашан да «Білім мен тәрбие егіз» дейміз. Шындығында да , сапалы білім, саналы тәрбие астасқан ұлт тірегі. Осы тәрбие саласы бойынша биылғы оқу жылынан бастап, 5«в» -сыныпқа сынып жетекшілік қызметін атқарып келем. Сыныбымда түрлі тәрбие саласында тәрбие сағаттары өтіледі. Атап айтсам «Денсаулық -зор байлық», « Біз болашақтың гүліміз», «Тазалық-саулық кепілі» т.б. ашық тәрбие сағаттарын өткіздім. Сынып оқушыларымен бірге әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларға қатысып отырамыз. «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің оқушылары да білімді болмақ. Сондықтан өз білімімді ылғи да көтеріп отыруға тырысамын.

  1. 2015-2016 оқу жылы информатика пәні мұғалімдері арасында өткізілген «Ақпараттық технологиялар» олимпиадасында Алғыс хатпен марапатталдым

  2. 2015 жылы ЗКИГУ жоғары оқу орнынының «Алғыс хатымен» марапатталдым

Білім мен т әрбие сапалы болу үшін әр мұғалім сапалы еңбек ету керек.

Соңғы үщ жылдағы пән бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей:

  1. 2013-2014 оқу жылында 176 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 88,3%.

  2. 2014-2015 оқу жылында 263 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 80,6%.

  3. 2015-2016 оқу жылында 235 оқушыға сабақ бердім, сапа көрсеткіші 90,5%

Мектепте информатика пәні кабинетінің кабинет жетекшісімін. Сонымен қатар, мектепте «Зерде» атты шығармашылық топ ұйымдастырып, мұғалімдердің Ақпараттық технология құралдарын қолдануда көмекші топтың жетекшісі болып табысты жұмыс істеудемін.

Сөз сонында айтарым, « Шәкіртсіз ұстаз -тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.


© 2010-2022