Презентация қазақша 8 сыныпқа араналған

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 8 «а», 8 «ә»

Сабақтың тақырыбы: «Білімділер сайысы» интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін көрсету, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабағы

Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, пернетақта, плакат

Сабақ барысы:

  1. Өзім туралы

  2. Бәйге

  3. Шығармашылық жұмыс

  4. Сергіту сәті

  5. Капитандар сайысы

1-кезең. Өзім т уралы (Өздерін таныстыру, бағалануы 20 балл)

2-кезең.Бәйге Сұрақтарға жауап беру.

Презентация қазақша 8 сыныпқа араналған

1.20 балл (сол жақ) Графикалық ақпаратты енгізу құрылғыларын ата?

2.20 балл (ортасы) Қатқыл диск дегеніміз...

3.20 балл (оң жақ) СЫЙЛЫҚ

4.30 балл (сол жақ) Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша сантиметр өскен болады?

5.30 балл (ортасы) 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?

6.30 балл (оң жақ) Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөніп тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?

7.40 балл(сол жақ) Санау жүйесі нешеге бөлінеді?

8.40 балл(ортасы) Санау жүйесі деп....

9.40 балл(оң жақ) Он алтылық санау жүйесіндегі сандарды қалай өрнектейді?

ІII кезең «Шығармашылық жұмыс»

ІV кезең. Сергіту сәті


  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні - жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

V кезең. Капитандар сайысы.

(Екі топ 5 минуттын ішінде пернетақтаныңпернелерін орын орнына қойып шығуы тиіс Бағалануы 20 балл.)






2

© 2010-2022