Доклад на тему ХХІ ғасыр-ақпарат ғасыры (8 класс)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ешпанов Бақытжан

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы

Алдаберген Бисенов атындағы

№38 орта мектептің

информатика пәнінің мұғалімі


Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық,танымдық әрекеттерін қалыптастыру


XXI ғасыр-ақпарат ғасыры.Сондықтан осы заманға лайықты болу үшін әрбір адамға компьютерлік сауаттылық керек.Ал бұл сауаттылық мектеп қабырғасынан басталады.Компьютерлік сауаттылық-информатика пәнін оқытудан бастау алады.Информатика пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі ол оқушыға компьютерді оқыта отырып бағдарламалар арқылы ақпараттарды өңдеуді үйретеді.

Информатика пәнін оқытуда әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытатындай жағдай жасау керек.Сонда ғана әр оқушының шығармашылық зерттеушілік қасиеті қалыптасып,ақпараттық қоғам ортасында жұмыс жасай алатын тұлға болып шығуына мүмкіндік туады.

Пәнді оқытқанда оқушының өз беттерінше жұмыс жасауларына мүмкіндік берген жөн.Сол арқылы оқушының ойлау қабілеті өзінің ізденісі арқылы дамиды.

Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен білім алуына,зерттеулік ізденістеріне жағдай жасау білім сапасының артуына және оқушылардың пән бойынша сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Осыған байланысты соңғы жылдары оқу үрдісінің сапасын арттыратындай,оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін белсенді түрде дамытуға бағытталып,оқыту әдістері жаңартылуда.Оқыту үрдісінде оқушылар өздерінің белсенді таным әрекеттері арқылы оқу материалын игеріп,дағдыларын қалыптастырады.Оқу бағдарламасындағы материалды игеру үшін міндетті түрде оқушылардың белсенді таным іс-әрекеттері керек .Оқыту-таным процесіне негізделеді, ал мұғалім- оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда информатика пәнінде кездесетін термин сөздерді оқытудың әдісін қарастырдым.

Жалпы алғанда,термин дегеніміз-белгілі бір ғылым мен техника,өнер саласындағы нақтылы атаусөз бен сөз тіркесі.Термин-ғылымның жинақталған білімдерінің негізгі құрамдас компоненттері.Осы термин сөздердің мазмұны мен мағынасын жете түсінбейінше,оқушы білімінің тиянақты болып нақтылануы мүмкін емес.Оқытудың қазіргі кездегі басты міндеті-мұғалімнің білім беруі мен оқушының оны қабылдауының бір салаға бағытталуы.

Әр сабақта мұғалім оқушылардың ізденулеріне мүмкіндік берсе,олардың танымдық қабілеттері дамиды,пәнге қызығушылықтары артады.

Информатика пәнінде терминдерді оқып үйрету арқылы оқушылардың ғылыми тілі қалыптасады.Терминдерді үйрене отырып оқушының есте сақтау қабілеті дамиды және бағдарлама материялын жан-жақты игереді.

Информатика пәнінде кездесетін Термин сөздерді ойын арқылы оқыту технологиясын қолдануға болады.Ойын арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға үнемі ізденулеріне,оқуға ынталандыруға,терминдерді есте сақтауларына мүмкіндік береді.Ойын түрлері балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып алынады.

Сабақта ойын түрлерін қолданғанда төмендегі талаптардың орындалуын назарда ұстау керек.

1.Ойын балаларды қызықтыру керек;

2.Ойынның тәрбиелік жағына назар аудару;

3.Ойынды түрлендіріп отыру;

4.Ойынның маңызын оқушыға жете түсіндіру;

5.Оқушылардың түгел қатысуын бақылау;

6.Ойынның қорытындысын шығарып отыру.

Информатика сабағында «Бас қатырғылар базары» атты оқыта үйрету ойынын пайдаламын.Төмендегі 8 сыныпқа пайдаланған бірнеше басқатырғылар көрсетілген

1.Басқатырғы -анықтама

Басқатырғының бастапқы кілтін тауып оқығанда,анықтама шығады.

-

л

у

т

и

т

н

қ

ң

і

н

і

т

о

ұ

қ

ы

л

ы

н

л

ж

ұ

р

ы

м

е

о

а

т

э

л

е

м

К

Басқатырғының шешуі:төменгі қатардың соңғы ұяшығындағы К әрпінен басталады да жоғары қарай оқылып,айналым жасап жүріп өткенде шығады.

Жауабы:Колонтитул-құжат элементінің құрылымы


2.Басқатырғы- анықтама

Бұл басқатырғының жеңіл түрін үлгірімі орташа оқушыларға беруге болады.

А

а

ц

ә

т

н

і

ұ

р

ы

м

қ

э

м

е

і

б

з

-

м

і

н

ң

қ

ы

л

д

ы

л

е

н

т

Бастапқы кілтін тауып оқығанда,анықтама шығады.

Жауабы:Абзац-мәтіннің құрылымдық элементі.

8 сыныптың «Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері» атты тақырыпты өткенде сабақты бекіту кезінде төмендегі анаграмманы қолдандым.Анаграмма-түсіп қалған және орындары алмасып кеткен әріптермен жүргізілетін тапсырма.Бұл тақырыпта процессор,регистрлер,дискета,монитор,

принтер деген терминдер бар. Осы терминдерді есте сақтау үшін құрастырылды.

3.Анаграмма «Компьютер элементтері»

Төмендегі терминдерге түсіп қалған әріптерді орнына қойғанда компьютер элементтерінің аттары шығады.

П - о - - с - о - ; Р - г - с - - л - р;

Д - - к - т - ; М - н - т - -;

П - и - т - - .

Анаграмманы шешкенде әр сызықшаға бір әріптен қойылады.

Шешуі:П р о ц е с с о р , р е г и с т р л е р , д и с к е т а, м о н и т о р ,п р и н т е р.

Жоғарыда көрсетілген басқатырғылардың түрлерін оқушылар өздері де құрастырады.Бұндай ойындар оқушылардың есте сақтау,зейіндік қабілеттерін дамытады.Сонымен бірге,оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттері жетіледі.Оқушылардың коммуникативтік ойлау қабілеті мен шығармашылыққа бейімділігі дамиды.

Оқушының сабақ үстінде танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру,жеке тұлғаның дамуына және пәнге қызығушылықтарының артуына ,тиянақты білім алуларына мүмкіндік береді.Өскелең ұрпақтың сапалы да сауатты білімі еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады және оны әлемдегі бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы

ретінде.Алматы,2002 жыл

2.Қасымов Б.М.,Керімқұлова А.С.,Забара Л.М.,Нарботаева К.Е.

II халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция « Орта білім берудің

мазмұны:дәстүрлері мен өзгерістері» мақалалар жинағы. Астана, 2012ж.14-15

маусым

3. «Информатика негіздері» оқу-әдістемелік журналы, 2013ж. №6, 2003ж. №1.

© 2010-2022