ИНФОРМАТИКА – ҒАСЫР ТАЛАБЫ (7-8 сынып)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Информатика - ғасыр талабы» атты интеллектуалды сайысы

Орындаған: Хуанган А.

информатика мұғалімі

1- жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Информатика - ғасыр талабы» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!

2- жүргізуші: Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік. Сайысқа екі топ қатысады.

1 - топ: «Алғырлар» тобы

2 - топ: «Дарындылар» тобы

1- жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ - қазылар алқасын тағайындап алайық.

2- жүргізуші: Таныстырып таңдамалы команданы,

Ұшталсын деп тілейік қадамдары.

Бірінші кезең де басталыпты,

Сәтті болсын иллайым қадамдарың.

1 - кезең: «Иә не жоқ».

ТУР ережесі: Әр командаға 10 - 10-нан 20 сұрақ қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады. 1 - ші топқа арналған сұрақтар:

1-сұрақ: «INFORMATION» латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)

2-сұрақ: If сөзінің аудармасы әйтпесе ме? (жоқ)

3-сұрақ: Мәтін, радио арқылы хабар, арифметикалық мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)

4-сұрақ: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)

5-сұрақ: Суретте көрсетілген сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)

6-сұрақ: Суретте көрсетілген қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма (иә)

7-сұрақ: 4 қайталау операторы бар ма? (жоқ)

8-сұрақ: Case шартты оператордың көмекші сөзі ме? (жоқ)

9-сұрақ: Ақпарат тасушы - сигнал болып табыла ма? (иә)

10-сұрақ: Whileқайталау операторы ма? (иә)

2 - ші топқа арналған сұрақтар:

1-сұрақ: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)

2-сұрақ: ENIAC -тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ)

3-сұрақ: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)

4-сұрақ: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)

5-сұрақ: Суретте көрсетілген қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)

6-сұрақ: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Caps Lock болып табыла ма? (жоқ)

7-сұрақ: Case таңдау операторы ма? (иә)

8-сұрақ: If қайталау операторы болып табыла ма? (жоқ)

9-сұрақ: While сөзінің аудармасы үшін бе? (жоқ)

10-сұрақ: 1-ге кеміту down to арқылы жүре ме? (иә)

1-жүргізуші: Келесі кезеңді бастайық,

Ұяшықтарды ашайық.

Асығыстық қылмаймыз,

Ұпайларды жинаймыз.

2 кезең: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!».

Мұнда орыс тілінде сөйлем беріледі, сөйлемнің ішінен информатикадан термин сөз жасырынып тұр. Сол сөзді тапқан командаға 50 ұпай қосылады.

1-сұрақ: Этот старинный комод ему достался в наследство от бабушки. (компьютер)

2-сұрақ: По просьбе хозяина квартиры мы шкаф сдвинули в угол. (процессор)

3-сұрақ: Река Днепр интересна тем, что на ней имеются несколько гидроэлектростанций. (интернет)
2-жүргізуші: 1 және 2 кезең корытындысын саралау үшін сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.

1-жүргізуші: Әр жүйріктің жететін мәресі бар,

Биіктерге жете алмас өресі бар.

Екеуінен жете алмас өресі тар,

Қалғандарын ойнауға қалайсыздар?

3-кезең: «Жасырған кодты тап» деп аталады.

Алдарында кесте берілген. Кестенің ішінде әр түрлі символдар жазылған. Сіздер қандай сөйлем жасырылып тұрғанын анықтайсыздар. (70 ұпай)

Кестенің көмегімен кодталған мәтіннің шифрін тап.

07001400013312331342070014002700183017

0

1

2

3

4

5

6

7

8

0

А

Б

В

Г

Д

Е

Ё

Ж

З

1

И

К

Л

М

Ң

О

П

Р

С

2

Т

У

Ф

Х

Ц

Ч

Ш

Ғ

Ъ

3

Ы

Ь

Э

І

Я

_

.

,

?

4

:

;

-

!

«

»

(

)

%

Жауабы: «Жаңа білім - жаңа ғасыр».

2-жүргізуші: Шыңда тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетті ұл мен қыздар.

Ең соңғы кезеңге де келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таңқалдырар.

4-кезең: «Анаграммалар».

Бұл турда орыс тілі, ағылшын тілі, математикалық және информатика анаграммалары ретінде сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 50 ұпаймен есептеледі.

1-сұрақ: Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:

ОРЯД ЯДРО

ТЕФИЙНЕСР ИНТЕРФЕЙС

ВРДЙАЕР ДРАЙВЕР

РИПРНЕТ ПРИНТЕР

2-сұрақ: Адасқан әріптерден сөз құрап, артық сөзді көрсетіңіз:

IWDWOSN WINDOWS

RMDDOV DVDROM

FOIFEC OFFICE

SHCOLO SCHOOL

3-сұрақ: МАТЕМАТИКАЛЫҚ АНАГРАММА

Сұрақ белгісінің орнында тұратын санды табыңыз:

50 60 ? 70 30

Жауабы: 50+10=60-20=40+30=70-40=30

4-сұрақ: ИНФОРМАТИКА АНАГРАММА

Амалды орындаңыз: 0110 ? 0101 ? 0111=1100

Жауабы: 0110 + 0101 - 0111=1100

1-жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,

Білім сана толастап жана берер.

Әділқазыларды ортаға шақырайық

Сайыскерлерге әділ баға берер.

(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).

2-жүргізуші: Осымен бүгінгі интеллектуалдық олимпиадамыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп-көп рахмет.

Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта!


© 2010-2022