Сабақтың тақырыбы: Графиктік режім. Графикалық объектілерді программалау

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: _____________

Күні: ______________

Пәні: Информатика

Сабақтың

9- СЫНЫП.

І

тақырыбы:

Графиктік режім. Графикалық объектілерді программалау (1 сағ)

Мақсаттары:

1. Модуль, процедура мен функция ұғымдарын Паскалдың графикалық мүмкіндіктері негізінде қалыптастыру,.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын дамыту. Оқушылардың математикалық моделдер туралы түсініктерін тереңдеу.

3. Программа бойынша графикалық нәтижелерді экранға шығарудың эстетикасын сақтау.

көрнекілігі:

Паскаль редакторы - Паскал АВС, интарктивті тақта, Power Ponit, плифчарт презентациялары (көкпен жазылғандар плифчартқа салынады немесе оқушылар дәптерге жазады).

түрі:

Теориялық сабақ (лекция).

ІІ

барысы:

(2 мин)

(3 мин)

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

  2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІІ

Үй тапсырмасымен жұмыс.

Оқулықтан 3.7 (96-99 бет)

Есеп №12, программа жазып келу.

IV

Жаңа сабақ

Лекция

(20 мин

1. Графикалық режим адаптерлері.

Экранға ақпарат шығару үшін бейнеадаптер және бейнемонитор деген екі модуль қолданылады.

1-модуль . Бейнемонитор н/е дисплей электрон-сәулелік түткішеден немесе сұйық кристаль тақтадан тұрады және оған мәтін мен графикалық бейнелер шығарылады. Дисплей теледидар сияқты экрандағы бейнені сеундына 25 рет өзгертіп тұрады. Бұл жылдамдықты адам көзі сезбейді де экраннан табиғи қозғалыстарды көреміз. Бейне экранда кішкене нүктелер (пиксель) жиынтығынан тұрады.

Экрандағы нүктелердің қатар және биіктік бойынша нүктелер саны бейнеадаптердің жұмыс режіміне байланысты болады.

2-модуль. Бейнеадаптер - экранды басқаратын микросхемалық болок. Екі бөліктен: электрон-сәулеліәк түтікше (CRT контроллер) және бейнебуферден (видеопамять) тұрады. Қазіргі адаптерлерде бұған қоса графикалық контроллер бар.

Поцедура - негізгі программада жиі қайталанатын шағын программа (ішкі программа-көмекші алгоритм -подпрограмма)

Функция - белгілі бір әрекетті ғана орындайтын Паскалдағы дайын, бірмақсатты шағын программа. Мысалы: Sin(x) х -санынынң синусын шығаратын программа.

3. Экран өлшемдері.

2. Графикалық процедуралар мен функциялар.

1) Ақапаратты жаңа терезде шығару үшін CRT модулы қолданылады. (CRT - Cathode Ray Tube Display - Электрон-сәулелік түтікше) Жазылуы USES CRT; мысалы:

program mmm;

uses crt;

begin

write('Акпарат жана терезеге шыкты ');

Мұндағы USES- программада CRT кітапханасынан процедура шақырылатынын білдіреді.

2) Графикалық GRAPH кітапханасынан процедура шақыру үшін сипаттау бөліміне (VAR-дың алдында) USES GRAPH; деп көрсету керек. График сызуда CRT кітапханасынан да процедура пайдаланатын болсақ

USES GRAPH, CRT; деп жазу керек.

3) Геометриялық объектілер салу процедуралары

Нүкте салу - PutPixel(x,y:integer; color: word)

Мұндағы: x,y - нүкте координаттары, color-бояуы, word -типі.

Мысалы:

program risunok;

Uses Crt, Graph;

VarDv, Mv,i : Integer;

Begin

Dv:=Detect;

InitGraph(Dv, Mv, '');

for i:=1 to 200 do

PutPixel(i,200,Red);

CloseGraph;

ReadLn;

Прог.аты;

Проц.шақыратын кітапхана ашу;

Берілгендер типін анықтау;

Басы

Граф.режімді алғаш көрсету

(инициализация.);

1-ден 200-ге дейін қайталау;

і,200 коорд.б/ша нүкте салу.бояуы қызыл;

Граф.режімді жабу;

-ді басқанша прог.тоқтап тұрады;

Соңы.

Түзу сызық салу: line(x1,y2,x2,y2:integer);

Берліген (х,у) нұктеге дейін сызу: lineto(x,y:integer);

Ағымдағы нүктеден бастап dx,dy өсімшемен сызу: LineRel(dx,dy: integer);

Сызық қалыңдығын ескеріп үлгі бойынша сызу: SetLineStyle(t,p,th: word);

Мұндағы: t -сызық түрі, p -сызық үлгісі, th -сызық қалыңдығы. (оқулық 177 бет).

Тік төрт бұрыш салу:

Мысал: Алдынғы программаға 4-бұрыш қосып толықтырайық

program risunok;

Uses Crt, Graph;

Var Gd,Gm: Integer;

Begin

Gd:=Detect;

InitGraph(Gd, Gm, '');

Rectangle(250,150,350,450);

CloseGraph;

ReadLn;

Прог.аты;

Проц.шақыратын кітапхана ашу;

Берілгендер типін анықтау;

Басы

Граф.режімді алғаш көрсету

(инициализация.);

Көрсетілген коорд.б/ша 4-бұрыш салу;

Граф.режімді жабу;

-ді басқанша прог.тоқтап тұрады;

Соңы.

V

Сынып жұмысы

(18 мин)

  1. ТАПСЫРМА:

А) Соңғы программаға сызық сызатын процедура қосып өзгертіңіз:

Б) Экранға жалау суретін сызатын программа жазыңыз.

С) Оқулықтың 181-бетіндегі Sinx-тің графигін сызатын программаны компьютерде теріп зерттеңіз.

Үйге тапсырма

(2 мин)

Оқулықтан 7.4 (177 бет)

С-тапсырмадағы сабақта қарастырылмаған процедуралар туралы анықтамалар жазып келу.



Бурабаева Гүлзира Көшербайқызы


© 2010-2022