Модель және олардың түрлері 6 сынып сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

__________________________

Пән аты: Информатика

Күні: 26.12.2015ж

Cынып: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Модель және олардың түрлері

Cабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модельдер және олардың түрлері, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмыс, жаттығу жұмысы
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу

-оқушыларды түгелдеу

-сабаққа дайындықтарын тексеру

-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
III. Жаңа сабақ:
Модель - кез - келген нысанның қарапайым кейіпі. Нақты обьектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.Модельдер материалдық түрде, яғни бар болуы мүмкін. Кей жағдайларда модельдер құрамы бойынша нағыз нұсқаны ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қуыршақ қыздың моделі. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтікі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель. Модельдердің ақпараттық түрі болады. Бұл информатика үшін маңыздырақ. Ақпараттық модель: ауызша, математикалық және графикалық. Автомобиль сызбасы графиктік модель. Қарапайым ақпараттық модель - адамның есімі. Тақпақтар да ауызша модель бола алады.
Оқушыларды екеуден жұптап, топқа бөліп, компьютерге отырғызамыз. Әр топ әртүрлі модель түрлеріне байланысты тапсырмаларды графикалық редактор, мәтіндік редактор, калькуляторды пайдаланып орындайды.
Нәтижелері тексеріліп, бағаланады.
IV. Жаңа сабақты бекіту

Оқушыларға модель және оның түрлері туралы түсінік берілгеннен кейін, жаңа сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Модель дегеніміз не?
2. Модельдің қандай түрлері бар?
3. Қандай мысалдар келтіруге болады?
V.Сабақты қорытындылау :

VI.Бағалау
VII.Үй тапсырмасы

© 2010-2022