Тармақталу операторына есептер шығару

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторына есептер шығару.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Тармақталу операторның жазылу тәртібін еске түсіру және тармақталған алгоритмді бағдарламалау жайлы түсіндіру. Сабаұтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:

Паскаль программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді , пәнге деген қызығушылықты дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі баңалауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпта меңгергенін практикада толық игеру

Сабақтың түрі: жұптық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Практикалық,

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, тапсырмалар парақшасы, Pascal бағдарламалары

Пәнаралық байланыс: математика, экономика

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру ;

Үй тапсырмасын қайталау

Практикалық жұмыс

Қорытындылау

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Оқу құралын дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру. Миға шабуыл

Тармақталу операторына есептер шығару

Тақтамен жұмыс: Төмендегі көрсетілген есепті оқушылар кезектесіп тақтаға орындайды

а және b бүтін сандары берілген. Егер а>b болса, онда а санын квадраттау, әйтпесе b санын кубтау программасын құрайық.

Практикалық жұмыс

Оқушылар сіздер білетіндей бізде физика-информатика апталығы жүріп жатыр. Апталығымыздың аты «Қазақстан жетістігі-EXPO 2017» Ал енді біз өзімізді болашақ жеке кәсіпкер деп елестетейік. Сол бүкіл әлемдік көрмеге қатысу үшін біз өз тауарымызды шығарайық .Тармақталу операторына есептер шығару

Бұл тауарларды мұғалім бес бөлікке бөліп, әр бөлікті дұрыс жауапқа беру қажет. Сабақ соңында бестік алатын оқушы қолында бүтін тауар суреті шығу қажет.

Ол үшін ең алдымен өз серіктесімізді табу қажет.

1-кезең. «Өз серіктесіңді табу» жұптық тапсырма.

ҚР Заң бойынша ЖК куәлігін алу қажет болса, оқушылар ортаға шығып кеспе қағазын алады.

Тармақталу операторына есептер шығару

Бір оқушы дайын программа аласа, келесі оқушы берілгенін алады. Өз программасының берілгенін іздеп табады. Солай жұптарын, серігін табады.

2- кезең. Деңгейлік есептер шығару.

Мұғалім деңгейлік тапсырмалар береді. Әр дұрыс жауапқа оқушы сол тауардың бестен бір бөлігін алып отырады.

№1

1-деңгейлік тапсырма.

Төмендегі функцияны есептейтін прогамма құр.

Тармақталу операторына есептер шығару

2-деңгейлік тапсырма.

Берілген сан Х нақты саны Х>0- ге тең болса, онда Х-ты екіге бөл , әйтпесе Х-ты 3 еселейтін программаны компьютерде құр.

Осындай типтегі есептер шығарады.

3-кезең «Инвестор тарту»

Әр жұп құрастырған өнімдегі атауындағы операторларға түсінік береп, атауын үш тілде айтады. Мұғалім инвестор болып оларға жетіспейтін бөлігін береді.

Тармақталу операторына есептер шығару

Орыс тілінде Қазақ тілінде Ағылшын тілінде

Программа Бағдарламма Program

Қорытындылау.

Оқушылардың жинаған суреттеріне қарап бағалаймыз. Сұрақ-жауап орнату .

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы: Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу

© 2010-2022