Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 кл

"Описание материала: 5 сыныпқа арналған қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала». Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан жалпы мағлұмат беріп, «Әке мен бала» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашу. Сабақта "Сын тұрғысынан ойлауын дамыту стратегиялары: кластер, фишбоун, Блум таксономиясы, тоқтатып бейне- көрініс қарау әдісі, Жигсо әдісі, «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы қолданылған. Сонымен қатар сабақта бейнекөрініс пен бейнеба...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 клЫбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 кл«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№3 мектеп-гимназиясы» ММ

Мұғалім: Қабдырашова Айкүміс Қабимоллинқызы

Күні: 31.01.2014

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: талдау,тұжырымдау,салыстыру,баяндау,шығармашылық

жұмыс, сұрақ- жауап.

Сын тұрғысынан ойлауын дамыту стратегиялары: кластер, фишбоун, Блум таксономиясы, тоқтатып бейне- көрініс қарау әдісі, Жигсо әдісі, «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнетаспа, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты 3 топқа бөлу

1-топ - «Әке»

2-топ - «Бала»

3-топ - «таға»

  • Топ басшыларын сайлау, топ басшыларының міндетін түсіндіріп, бағалау парағын беру

  1. Қызығушылықты ояту

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!


  1. Жаңа сабақ

???

А. «тоқтатып бейне- көрініс қарау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашу

- бұл кімдер?

- қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ, кім туралы, кімнің қандай әңгімесі жайлы, топтарымыздың атауы нені білдіреді, қалай ойлайсыңдар?



  1. Оқушылардың сабақтағы мақсатын айту.

- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.



  1. Үй жұмысын тексеру / «Озыңқы мінездің » үй тапсырмасы (домашние задание опережающего характера) Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат жинап оқып , дайындалып келгендерін, естеріңе түсіріп, бейнетаспа көрсету арқылы, ойларын топтау

  • Ыбырай туралы бейнетаспа тыңдау

Ә. «Кластер» стратегиясы / топпен жұмыс-топтарға берілген қағазға бейнетаспадан түсінгендері бойынша кластер арқылы мағынаны ашу/

Ыбырай

Алтынсарин





  • Б. «Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(ойымызды жинақтай келе, сандар мен сөздерді сөйлету)

  • 1841 - Ыбырай Қостанай облысы, Затобол ауданында туған.

  • 1850 - Ыбырай Орынборда қазақ-орыс мектебіне оқуға түседі.

  • 1857- Ыбырай мектепті үздік бітіріп шыққан жылы

  • 1859- Ыбырай Орынборда тілмаш болып жұмыс істейді.

  • 1879 - Ыбырай «Қазақ хрестоматиясын» оқулығын жазды

  • 1889 - қайтыс болған жылы.

  • Шығармалары: «Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Қисық ағаш», «Кел, балалар, оқылық!», «Әке мен бала» т.б

  • Шығармаларының тақырыбы: адамгершілік, еңбексүйгіштік, өнер, білім

  1. «Әке мен бала» әңгімесі

В. Проблемалық сұрақ

  • Балалар қалай ойлайсындар, «Әке мен бала» әңгімесі не туралы?

/оқушылар сұраққа жауап береді, -әке мен бала туралы, ендеше, бейнетаспаға көңіл аударып, тыңдап алайық.

  • Тыңдап болған соң, әңгімемен жұмыс

Әке мен бала

Жаңа сөздер

Жаяу - пешком

Ескі таға - старая подкова

Сынып қалған таға - сломанная подкова

Иіліп алды - наклонившись, поднял

Бірем-бірем алып жеп - кушал по одной

Темірші ұсталар - кузнецы

Шие - вишня

Құр қаларсың - останешься ни чем

Азға қанағат - довольствовать малым

Еріну - лениться

Жалма-жан - быстро


Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.

Бала әкесіне:

- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да жүре берді.

Қаланың шетіне темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 3 тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Шамалы жүрген соң және бір шие, сонымен әр жерде бірәкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріптұрып айтты:

- Көрдің бе, мына тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: "Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең - көптен де құр қаларсың", - деді.

Г. «Жигсо» әдісі

В. Мәтінді 3 топқа абзац бойынша бөліп, тапсырма беру:

1) мәтінді оқып, аудару

2) мәтін бойынша 3 топқа берілген сұрақтарға жауап беру

Д. «Блум» таксономиясы

Е. «Фишбоун» әдісі

1-топ 2-топ 3-топ

3 топ бір-бір себептері мен деректерін жазады

Ыбырай Алтынсарин «Әке мен бала» 5 кл

1-топ 2-топ 3-топ

Топтарға жеке жұмыс

Ж. Әке мен бала тобына «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы

топтар

Әке

бала

Үлкен кісі

Тағаны алады

Ақылды адам

Шие сатып алды

Еңбектенді

Жас бала

Алғысы келмейді

Ақылсыз бала

Сатып алмады

Еңбектенген жоқ

«Таға» тобына синквэйн әдісі - ЫБЫРАЙ

  1. Зат есім

  2. 2 сын есім

  3. 3 етістік

  4. 1 Сөйлем

  5. Синоним

7.Қорытынды: тест

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

А) ұстаз ә) әнші б)жыршы

2.Ыбырай Алтынсарин қай жылы туды?

А)1851 ә) 1841 б) 1861

3.Ыбырай ең алғаш қайда мектеп ашқан?

А) Алматыда ә) Семейде б)Торғайда

4. Ыбырайдың әңгімесі

А) Алдар көсе ә) Әке мен бала б) Жиренше шешен

5. «Әкесі мен баласы» әңгімесінде әкесі не тауып алады?

А) таға ә) әке б) бала

Жауаптары

1.а

2.ә

3.б

4.ә

5.а

8.Үйге тапсырма

* 117-118б мазмұнын айту / «Әкесі мен бала» әңгімесі

* Ыбырай Алтынсарин - реферат /ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы шығармашылық жұмыс/

9.Бағалау - топ басшылары бағалау парағын тапсырады, бағалау парақтарына байланысты және оқушыларды сабаққа қатысуларына байланысты бағалаймын.

Сабақ аяқталды!

Сау болыңыздар!







© 2010-2022