Информатика пәні ақпарат түрлері

Сынып 6 «А»  Мерзімі: 10.09.2014  сабақ реті: № 2 Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат.  Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  ақпарат, информатика  ұғымы,  түрі  және  қасеттерімен  таныстыру Оқушылар  білуі тиіс: информатика  пәні  нені  оқытады, ақпарат  ұғымын, ақпарат  түрлерін.  Оқушылар  үйренуі тиіс: информатика  ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат  алу  көзіне, қабылдау  және  беру  ортасына  анықтама  беруді. Сабақ  түрі: қайталау  сабақ Сабақ әдісі: сөздік, практикалық, көрнекі Оқыту формала... Ақпарат Ақпарат көзі Интернет бүкіл  әлеммен  байланысты Информатика  сабағы Қосындылардың  орнын  ауыстырғанмен олардың суммасы  өзгермейді Математика сабағы Амеба бір клеткадан  тұрады Биология сабағы Тоққа  қосылған  үтікке  қол тигізу қауіпті Апаңның ескертуі Тұратын уақыт болды. Қоңырау сағат Компьютермен жұмыс Компьютерде  СИН каз бағдарламасында  тапсырмаларды  орындау    VI.            Қорытындылау Бүгінгі  сабақта  қандай  жаңа  мәліметтер  алдыңдар?  Бүгінгі  сабақ  несімен  ұнады? Көңіл  күйлерің  қалай? Әр топ басшылары өз тобындағы оқушыларды  өздері бағалайды.   VII.            Үй тапсырмасы Конспектті оқу. Ақпарат және ақпарат  көзіне  мысалдар  келтіру
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып 6 «А»

Мерзімі: 10.09.2014

сабақ реті: № 2

Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасеттерімен таныстыру

Оқушылар білуі тиіс: информатика пәні нені оқытады, ақпарат ұғымын, ақпарат түрлерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беруді.

Сабақ түрі: қайталау сабақ

Сабақ әдісі: сөздік, практикалық, көрнекі

Оқыту формалары: жеке, топтық

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, үлестірме қағаздар, СИН каз бағдарламасы.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

Бүгінгі сабағымызда 5 сыныпта өткен информатика, ақпарат түсінігімен танысамыз. Ақпарат түрлерін еске түсіріп, толықтырамыз.

Топқа бөлу

  1. Білімді өзектендіру

Сұрақтар:

  1. Информатика дегеніміз не?

  2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?

  3. Ақпарат дегеніміз не? Қандай түрлері бар?


  1. Жаңа сабақты оқып- үйрену.

Информатика - ЭВМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Ақпарат - қоршаған орта мен онда болып жатқан құбылыстарды таңбалар мен сигналдар түрінде беретін мағлұматтар.

«Ақпарат» термині латынның « information» сөзінен аударғанда «түсіндіру, баяндау, мәлімет» деген мағынаны білдіреді.

Ақпараттың көзі және оны қабылдаушы болады. Дәл қазіргі сәтте ақпарат көзі кім? Ақпарат қабылдаушы кім?

Қоршаған ортадағы ақпаратты алуда адам сезім мүшелерінің бес түрін қолданады: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу.

Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық, видео.

  1. Бекіту

Топпен жұмыс

Әр топ ақпаратты алу және беру түріне мысал келтіріңдер

Тапсырма № 1

Ақпарат алатын көздерді атап айт.

«Біз ақпаратты қайдан аламыз» деген сұрақты дискуссия барысында талдау

Тапсырма № 2

Ақпарат

Ақпарат көзі

Интернет бүкіл әлеммен байланысты

Информатика сабағы

Қосындылардың орнын ауыстырғанмен олардың суммасы өзгермейді

Математика сабағы

Амеба бір клеткадан тұрады

Биология сабағы

Тоққа қосылған үтікке қол тигізу қауіпті

Апаңның ескертуі

Тұратын уақыт болды.

Қоңырау сағат

Компьютермен жұмыс

Компьютерде СИН каз бағдарламасында тапсырмаларды орындау


  1. Қорытындылау

Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер алдыңдар? Бүгінгі сабақ несімен ұнады? Көңіл күйлерің қалай?

Әр топ басшылары өз тобындағы оқушыларды өздері бағалайды.


  1. Үй тапсырмасы

Конспектті оқу. Ақпарат және ақпарат көзіне мысалдар келтіру.

© 2010-2022