Графикалық нысандар мен өрнек жазуды кірістіру

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні: 16/03/2016

Сыныбы:6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру,

фигуралық мәтін кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік : Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа,тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылык Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар : компьютер, оқулық, практикум

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Үйге тапсырма

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

  2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

  3. Кесте деген не?

  4. Кесте құру жолдарын ата?

  5. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

  6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка-Рисунок-Картинки... командасын орындау қажет.

а) суреттер... ( СlірАгt программасы объектілерінен);

б) файлдан... (файл түрінде сақталған объектілер);

в) автофигуралар;
д) сканерленген;

е)диаграммалар (Ехсеl электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

1. Вставка - Рисунок - Картинки...командасын таңдағанда Місrosoft СliрСаllеrу диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қежет. Суретті
орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка - Положение командасын таңдау қажет.

Вид -Панель инструментов -Рисование командасы арқылы түрлі дайын геометриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады. Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады.

Графикалық нысандар мен өрнек жазуды кірістіру

Графикалық нысандар мен өрнек жазуды кірістіру

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?

  2. Рисование панелі арқылы қандай әрекеттер орындаймыз?

  3. Формат рисунка - Положение командасы қандай қызмет атқарады?

Үйге тапсырма беру. Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру тақырыбын оқып келу.

Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022