Урок: Ақпарат көлемі және өлшем бірлігі (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән аты: Информатика Пән мұғалімі Қ.Арынов Тексерген:_________________

Класы: 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттері мен таныстыру.

Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері.

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз.

Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б өлшейміз.

Ақпаратты қалай өлшеуге болады?

Компьютер - электрондық машине. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімеген белгілеу қабылданған.

Мұнда 0 мен 1 бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 бит ке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ - ол кез-келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгі немесе бос орын.

«Ақпарат және информатика» мәтінінде қанша байт бар?

Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктеріде кездеседі:
1 килобайт (кб) = 1024 байт

1 мегабайт (мб) = 1024 Кб

1 гегабайт (гб) = 1024 Мб

1 терабайт (тб) =1024 Гб

100 мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері. 50 000

Түрлі тусті слайдттар 150

Музыкалық фрагменттер 10 мин

Фильм 15 сек.

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауй технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы: Интернет желісі арқылы.

Ал ақпаратты жеткізу жылдамдығын қалай өлшеуге болады?

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз - бір уақыт бірлігіне жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с өлшенеді.

Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі - бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай алады - 0 немесе 1.

Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8битке = 1байтқа тең.

1 килобайт (кб) = 1024 байт

1 мегабайт (мб) = 1024 Кб

1 гегабайт (гб) = 1024 Мб

1 терабайт (тб) =1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен, байтпен, кбайтпен, мбайтпен және т.с.с өлшенген ақпараттың көлемі.

Практикалық тапсырма. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беремін.

Сабақты қорытындылау. Тәжірибелік жұмыс және есеп шығарғандары үшін оқушыны қорытытындылаймын.

Бағалау. Оқушыларды білім дәрежесіне сай бағалаймын.

Үйге тапсырма. §4, тест сұрақтары бойынша өз білімдерін тексеру, сұрақтарға жауап беру.



© 2010-2022