Paint графикалық редакторы. Шашыратқыш құрал

Раздел Информатика
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Ақпараттық мәдениет негіздері

Мұғалім: Журсунова Мадина Маратовна

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Шашыратқыш құралы

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды графиктік редакторымен жұмыс жасау кезінде қолданылатын саймандар қызметімен таныстыру, олармен жұмыс жасауды үйрету;

2.Саймандар панелін тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру;

3.Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың құрал - жабдығы: интерактивті тақта. Компьютерлер.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу сабағы.

Сабақтың жоспары:

Үй жұмысын тексеру, сұрақ-жауап;

Жаңа материал түсіндіру;

Тапсырма орындау;

Қорытындылау және бағалау.

Сабақтың барысы:

Үйымдастыру бөлімі:Шаттық шеңберін құру, амандасу

Үй жұмысын сұрау:

СҰРАҚ ЖӘНЕ ЖАУАП.

Paint графикалық редакторды қалай іске қосамыз?

Терезеде қандай құралдар орналасқан?

Түстер политрасы не үшін қажет?

Тышқанның оң жақ батырмасымен сурет салуға бола ма?

Paint графикалық редактордан қалай шығамыз?

ЖАҢА МАТЕРИАЛ ТҮСІНДІРУ.

Paint графикалық редакторы. Шашыратқыш құрал.

Paint графикалық редакторы. Шашыратқыш құрал.

Бүріккіш құралы бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады. Мұны жасау үшін:

Бүріккіш батырмасында тышқанды шертеміз.

Нұсқағышты түстер политрасына орнатып, қажетті түсті таңдаймыз.

Құралдар тақтасындағы төменгі жағындағы бүрку дағының өлшемін таңдаймыз.

Тышқан нұсқағышын қажетті жерге апарып, сол жақ батырмасын басып отырып, бояуды бүрку керек.

Сергіту сәті.

Тапсырма.

Барлық құралдарды пайдаланып Paint графикалық редакторында балықтын суретін салып боя.

Paint графикалық редакторы. Шашыратқыш құрал.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Балалар бүгінгі сабақты қорытындылай келе бүгінгі сабақта біз қандай құралмен таныстық? Сабақ ұнады ма?

Бағалау: Оқушыларды тиісінше бағалау

© 2010-2022