Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мукими атындағы №13 жалпы орта мектеп









АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы:

Сызықтық алгоритмдерді программалау





8 сыныптар үшін







Пән мұғалімі: Алханова Г.Ш.















Шымкент

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Сабақтың мақсаты:

  • Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программаларды құру.

  • Синтаксистік, семантикалық ережелерді сақтау, операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдану.

  • Өздігінен жұмыс істеп, пікірлерін айта білуге үйрету.

Оқушылар білуі тиіс: қарапайым операторларды, оларды қолдану ережелерін, қызметтерін.

Оқушылар меңгеруі тиіс: сызықтық программа құру барысында қарапайым операторларды қолдануды меңгеру.

Көрнекіліктер: ДК, проектор, экран, презентация, флипчарт, маркер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылар ықыласын сабаққа аудару. -3мин

  • Оқушыларды екі топқа бөлу. Мысалы: (1-INPUT; 2-OUTPUT)

  • Үй тапсырмасын сұрау.

  • Жаңа сабақ өту.

  • Сабақты бекіту.

  • Сабақты қорытындылау

  • Үйге тапсырма беру. .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Оқушылардың операторларды жатқа білуін тексеру.

Екі топ бір-біріне сұрақтар қояды:

Топ басшылар оқушыларды бағалап отырады. -7мин.

1-INPUT тобына:

  1. Айнымалыларды сипаттайтын программаның бөлігі? (Var);

  2. Прорграмма қандай қызметші сөзден басталады? (Program);

  3. Қай қызметші сөзден кейін нүкте қойылады? (End);

  4. Меншіктеу операторының белгісі? (:=);

  5. Бүтін типтің қызметші сөзі? (Integer);

2-OUTPUT тобына:

  1. Енгізу операторының жазылуы? (Read, readln);

  2. Шығару операторының жазылуы? (Write, writeln);

  3. х2 функциясының Паскаль тілінде жазылуы? (Sqr(x));

  4. 3|х| өрнегінің Паскаль тілінде жазылуы? (3*abs(x));

  5. Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалауПаскаль тілінде жазылуы? (Sqrt(2*x));

ІІІ. Жаңа сабақ өту.Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпқа тиісті көрсетілім көрсету. 12мин.

Сызықтық алгоритмдерді программалау:

Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

Математикалық модель құру:Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

Алгоритмді блок-схема түрінде көрсету:

Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

Блок-схеманы Паскаль тіліне аударамыз:

Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

Топтарға функцияның мәнін есептейтін программаны флипчартқа жазуға нұсқау беру. 10мин.

1-ші топқа . Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау 2-ші топқа. Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

Оқушылар х және у әртүрлі мәндерін енгізіп, функцияның мәндерін есептейтін программа құрады.

Әр топ берілген тапсырманы оқушы өзіндік жұмыс жасап, жұпта ой бөлісіп, топта талқылайды. Программаны флипчартқа түсіреді. Топтар жұмыстарымен алмасады. Қателіктерді туралайды. Баяндамашылар өз жұмыстарын қорғайды.

1-топ флипчарты: Program esep1;

Uses crt;

Var x, y, z: real;

Begin

read (x,y);

z=sqr(sin(x+y))/sqr(x)+sqr(y);

write ('z=',z);

End.

2-топ флипчарты : Program esep2;

Uses crt;

Var x, y, z: real;

Begin

read (x,y);

z=(sqr(x)*x)+sqr(y)/y*sin(x);

write ('z=',z);

End.

Оқушыларғатоптыбағалауғанұсқауберу.

Топты смайлигтер арқылы бағалайды.

IV. Сабақты бекіту.

Көрсетілген блок-схемасы бойынша табаны В, биіктігі Н үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритмін және программасын құру. 10мин

Формуласы: S=B*H/2

Информатика пәнінен ашық сабақ Сызықтық алгоритмдерді программалау

А) алг Үшбұрыштың ауданын есептеу

басы

үшбұрыштың табаны В және биіктігі Н мәндерін енгіземіз.

үшбұрыштың ауданын S=B*H/2 формуласымен есептейміз.

S мәні есептің шешімін баспаға шығарамыз.

соңы

Ә) Program esep1;

Uses crt;

Var B,H,S: real;

Begin

read (B,H);

S=B*H/2;

Write ('S=',S);

End.

V.Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта біздің үйренгеніміз:

  • Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программа құру.

  • Компьютерде программаларды теріп, есептерді шығару.

  • Оқушыларды бағалау. 3мин

VI. Үйге тапсырма.

  • Операторларды қайталау;

  • Сызықтық алгоритмдерді программалау.


© 2010-2022