Конспекты по информатике на тему Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27.11 - 6 «Ә»; 28.11 - 6 «В»

Тақырыбы: Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алгоритм және оның түрлері туралы қайталау және қорыту
Дамытушылық: Алған білімдерін әр түрлі бағыттағы есептерді шешуге пайдалануға үйрету;
Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Қайталау сабақ
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың әдісі: тапсырмалар арқылы мысалдар келтіру
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, таратпа қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеу;
ә) Сынып белсенділігі;
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру алгоритм тарауы бойынша тапсырмалары бар таратпа қағаздар арқылы жүргізіледі:
ІІІ. Практикалық жұмыс:
Тапсырма -1:

Тармақталу алгоритміне мысал келтеріп, оған блок-сызба құрыңдар.

Тапсырма - 2

Математика оқулығынан алгоритмге мысал табыңдар. Сол бойынша блок-сызба құрыңдар.

Тапсырма - 3

Дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. «Марғау» деген мысықтың дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңдар.

Тапсырма - 4

72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

21-ді қос

75-ті алып таста

Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2-ні алып таста

Нәтижені жарияла

Соңы

Келтірілген алгоритмге блок-сызба құрыңдар.

Ү. Сабақты қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма беру: Алгоритм тарауын қайталау.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау

© 2010-2022