Урок по информатике для 6 класса на тему Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау

Информатика пәнінен 6-сыныпқа арналған қысқа мерзімдік жоспарДайындаған: №51 гимназияның информатика пәні мұғалімі Жетписбаева Гульнур Нурсултановна Күні: Информатика 6-сынып Сабақ тақырыбы: Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізден...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінен 6-сыныпқа арналған қысқа мерзімдік жоспар

Дайындаған: №51 гимназияның информатика пәні мұғалімі Жетписбаева Гульнур Нурсултановна


Күні:

Информатика

6-сынып

Сабақ тақырыбы:

Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
Тәрбиелік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сілтеме:

  • 6-сыныпқа арналған информатика оқулығы.

  • e.edu.kz порталынан материалдар

Оқу нәтижесі:

Оқушылар кесте кұрумен және оны пішімдеумен танысады, осы бағдарламада жұмыс істеуді үйренеді.

Сабақта қолданыла-

тын материалдар:

ДК, интерактивті тақта, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, таратпа карточкалар, постерлер, стикерлер, қағаздан қиылған жүрекшелер.

Оқыту әдістері:

Түсіндірмелі, иллюстративті, көрнекілік, сұрақ-жауап

Дерек көздері:

  • Информатика оқулығы

  • Сілтемелер

  • Электронды оқулықтар

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, тест тапсырмасы.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

(3 мин)

Оқушылармен амандасып, тренинг өткізу.

«Жақсы лебіз» тренингі.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Оқушылар бір - бірімен жағымды қарым - қатынас орнату үшін, достықтарын нығайту үшін жылы сөздер, тілектер айтылады.

Мұғаліммен амандасып, тренингке қатысады.

Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді.

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Маңдайынан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңменен,

Құшақтап бір алайын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

(5 мин )

Оқушыларды отырған орындықтарының артына ілулі тұрған стикердегі сөздер арқылы 3 топқа бөлемін.

3 топ кезекпен ілулі тұрған шардың ішінде жасырылған сұрақтарға жауап береді. Жауап берген оқушы 1 стикерден алып отырады.

Сұрақтар:

  1. Тұрады ол жолдар мен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған.

(Кесте)

  1. Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі.

(жол)


  1. Тіктөртбұрышқа ұқсайды,

Елемей кетуге болмайды.

Бағанменен жолдардың қиылысы,

Кестеде қай элементті құрайды.

(ұяшық)

  1. Жаңа кесте құру үшін қандай бұйрықтар орындалады?

(Кірістіру→Кесте→Кестенікірістіру)

  1. Ұяшықтан ұяшыққа ауысу үшін қандай перне қолданылады?

(Таb)

  1. Экспресс-кестені қалай түсінесін?

(Бұл кестелердің дайын шаблондары. Ол әрленіп қойған, тек мазмұнын өзгерту ғана жетіспейді)

ІІІ. Жаңа тақырып

(10 мин:

5 мин - орнында

5мин - қорғау)



Балалар, жаңа тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге ребус шешуді ұсынамын.

Интерактивті тақтада ребус көрсетіледі, осы ребусты шешу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын айтады.

Урок по информатике для 6 класса на тему Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау.

3 топқа берілген мәліметтер арқылы постер жасап, оны қорғайды.

1-топ: Кесте ұғымы. Кесте құру әдістері.

Word мәтіндік редакторында мәтін теріп қана қоймай, кесте жасау қызметінде орындауға болады екен. Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады. Құжатта кестені 2 түрлі әдіспен дайындауға болады.

1-әдіс.

Меню қатарында Қою - Кесте (Вставить-Таблица) бұйрығын таңдаймыз. Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қоямыз.

2-әдіс.

Меню қатарында Қою - Кесте (Вставить-Таблица) бұйрығын таңдаймыз да, Ашылған мәзір қатарынан Кестені қою (Вставить таблицу) батырмасын шертіп, ашылған терезеден баған мен жолдың санын енгізіп, ОК батырмасын басамыз.

2-топ: Кестеге жол мен баған енгізу, жою. Ұяшықтарды біріктіру және бөлу.

Кестеге жол мен баған енгізу үшін Дайын кестенің баған немесе жол қажетті жеріне меңзерді апарып, тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы ашылған жанама менюден Добавить столбцу/строку бұйрығын таңдаймыз.

Егер жол мен бағанды артық деп тауып, жою қажет болса, жою керек бағанды немесе жолды тышқан көмегімен ерекшелендіріп, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз де, жанама менюден Удалить строку/столбцу бұйрығын таңдаймыз.

Кесте элементі ұяшықты қажетімізше біріктіруге және бөлуге болады. Біріктіру үшін біріктіру қажет ұяшықтарды ерекшелеп алып, Тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, жанама менюден Ұяшықты біріктіру (Объединить ячейку) бұйрығын таңдаймыз. Сәйкесінше ұяшықты бөлу үшін, бөлетін ұяшықтың ішіне меңзерді апарып, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз де, пайда болған жанама менюден Ұяшықты бөлу (Разбить ячейку) бұйрығын таңдаймыз.

3-топ: Кестені форматтау, яғни стилін өзгерту.

Кестені форматтау үшін кестені ерекшелендіріп аламыз да, Конструктор менюінен Кестенің стилін қалауымызша өзгертеміз.

Урок по информатике для 6 класса на тему Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау.

ІV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

(10 мин)


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.

ДК-ін қосып деңгейлік тапсырмаларды орындау.

А деңгейін орындағандар -«3» деген баға алады;

А және В деңгейлерін орындаған оқушыларға - «4» деген баға қойылады;

А,В және С деңгейлерін орындаған оқушыларға «5» деген баға қойылады.

Кімнің сұрағы бар, қастарына жақындап көмек беремін.


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

І. Міндетті деңгей (А)

1. Меню көмегімен Қою - Кесте (Вставка - Таблица) бұйрығын орындау арқылы 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құрыңыз.

2. Кестеге апталық сабақ кестелеріңізді енгізіңіз.

3. Кестені Конструктор бөлімінен стилін өзгертіңіз.

«Менің сабақ кестем»

Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.

ІІ. Лайықты деңгей (В)

1.Төменде берілген кестені құрып, мәліметпен толтырыңыз.

2.Кестеге Дизайн - Границы страниц бұйрығын орындау арқылы кестені безендіріңіз.

«Оқушы туралы мәлімет»

ІІІ. Жоғары деңгей (С)

1.Меню көмегімен Қою - Кесте (Вставка - Таблица) бұйрығын орындау арқылы 5 баған, 7 жолдан тұратын кесте құрыңыз.

2.Төменде берілген кестені барлық талапқа сәйке құрыңыз және мәліметке толтырыңыз.

3.Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.

4.Tab пернесін басып 1 жол қос, ең соңғы жолдардағы ұяшықты біріктір.

«Менің күнделігім»

V. Сергіту сәті.

(2 мин)

Интерактивті тақтадан видеоролик көрсету. («Қызыл өрік» сергіту сәті)

Көрсетілген видеороликтегі жаттығуды орындарында тұрып қайталап орындау.

VІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар.

(8 мин)

e.edu.kz порталынан алынған тапсырмалар мен тест сұрақтары экраннан көрсетіліді.

Урок по информатике для 6 класса на тему Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау.


VІI. Үйге тапсырмасын беру

(2 мин)

IV тарау, §22, 23 оқу, конспект. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру ).

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VIII. Бағалау

(2 мин)

Әр оқушыға жинаған стикерлері бойынша жеке тұлға ретінде баға беру. (жарайсың, қолыңнан келеді, көп еңбектендің)

IХ. Рефлексия

(3 мин )


Урок по информатике для 6 класса на тему Кесте. Кесте құру. Кестелерді редакциялау.



© 2010-2022