Информатика пәнін оқытудағы педагогикалық әдістемелік жұмысым

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің    барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.         Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қаж...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері .......................................................................................... 7

1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары ........................................................................................................... 16

1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары ....................................................................................................... 21

1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар ................................................................................. 22

II.ТАРАУ. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің даму перспективасы ......................................................... 25

2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ........................................................................................................... 26

2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері ........................................................................................ 29

2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері .................. 35

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................... 59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................. 60


КІРІСПЕ

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.

Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.

Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз етеді.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді.

Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Осыған орай, менің педагогикалық жұмысымның тақырыбы:

«12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі» - деп аталды.

Педагогикалық жұмыстың мақсаты - әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Педагогикалық жұмыстың әдіснамалық негіздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары», Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі» Тұжырымдамасы.

Педагогикалық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I - тарау «Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің негіздемесі» деп аталып, онда әлемдік білім тәжірибелерін саралай отырып, өзіндік білім реформасын қалыптастыруды көздеген Қазақстандағы 12 жылдыққа көшу мәселесі қарастырылған.

II - тарау «12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» деп аталып, 12 жылдық білімге көшу жағдайында бастауыш эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, дұрыс сөйлеу білу мәнерін қалыптастыруды көздейді.

I.ТАРАУ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттарын бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.

Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; «Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н..Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлері кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірден тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.

Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлеуметтік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.

Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға сын көзбен қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу - 12 жылдық білім беру мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сәйкес дүниежүзілік практикада 12 жылдық жалпы орта білім берудің басым екені, оны әлемнің 216 елі мойындайтыны белгілі болды.

Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып, оны бекіткеннен кейін Еуропалық білім кеңістігіне ықпалдасудың құқықтық негізін қалады. Бұл жалпы орта білім беру деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшуді көздейді. [7]

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайында оқыту болып отыр. Білім беру жүйесінденгі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:

  • қоғам дамуының қиындылығы;

  • постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;

  • халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;

  • қоғамның демократиялануы;

  • экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;

  • адам капиталы мәнінің артуы.

Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:

- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б;

- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

  • оқушы жастарға азаматтық - патриоттық, рухани - адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі;

  • білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы

болып табылады.

1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері

Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;

- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;

- әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;

- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:

- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;

- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;

- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;

- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;

- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.

Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып табылады. Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны мен құрылымын анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі болып отыр.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.

Тұжырымдаманың міндеттері:

  • 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап көрсету;

  • 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау;

  • Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау.

Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:

  1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.

  2. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.

  3. Жалпы орта білім беру құрылымы.

  4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.

  5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

  6. Педагогикалық кадрлар.

  7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.

  8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.

  9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.

Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды. [1]

Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін мынадай факторлар қалып отыр:

  1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.

  2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттың болмауы.

  3. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы.

  4. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.

  5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Информатика пәнін оқытудағы педагогикалық әдістемелік жұмысым

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады

1-саты - жалпы бастауыш білім беру ( 1-4- сыныптар - бастауыш мектеп)

2-саты - негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар - негізгі мектеп)

3-саты - жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар - жоғарғы мектеп)

Бастауыш мектепте оқытудың ұзақтығы - 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас - баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі.

Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.

Бастауыш мектептің басты міндеті - баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.

Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар:

  1. Баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу;

  2. Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге асыру;

  3. Әр адамды азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау;

  4. Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игеру - бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналды.

1-саты

Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)

Оқуды бастау жасы - 6 жас

Оқыту ұзақтығы - 4 жыл

1-сатыдағы негізгі бағдар - оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі салаларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.

Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер дағдыларды игеруге, оқу және жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен денсаулығын сақау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

2-саты

Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы - 6 жыл

2-сатының негізгі бағдары - негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.

Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.

Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы бейіналды дайындықтың мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына дайындығына игі ықпал ететін педагогикалық, психололгиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып есептеледі.

3-саты

Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)

Оқыту ұзақтығы -2 жыл

Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануы бағдарланған жалпы орта білім беру, оқушулардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.

Бейіндік оқыту жаратылыстану - математикалық, әлеуметтік -гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.

Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуеті мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:

  1. Бір бейінді мектеп - бір бейінді оқытуды іске асыру;

  2. Көп бейінді мектеп - бірнеше бейінді оқытуды іске асыру.

12 жылдық білім берудің басым бағыты - педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас - педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беру жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепте есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:

1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілетті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің ролін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.

2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру, рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.

3. Когнитивтік құзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.

4. Коммуникативтік құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шетел тілінде, қатынас дағдылары болуын қарастырады.

5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.

6. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды қарастырады.

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.

Аталған құзыреттіліктерді игеру оқушының орта білім беретін мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал етеді.

12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін-өзі кәсіби анықтауында, болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір тиімді дайындыққа қол жеткізуде олардың әллеуметтендірілу мүмкіндігін кеңейтеді.

1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары

Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді. Психологияда мынадай негізгі танымдақ процесстер бөле-жара айтылады: түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау, сөйлеу және қиял. Үйлесімді өзара іс-әрекет және оны оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру тұлғаның тұтастай дамуына жағдай жасайды.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды қажет етеді:

- үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы;

- әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с таңдау мүмкіндігін беру;

- бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі табыстарымен салыстыру;

- баланың эмоциялық-құндылық, әлеуметтік жекебастық, танымдық, эстетикалық тұрғыдан дамуына және оның даралығын сақтауға ықпал ететін білім алу ортасын құру;

- бала дамуының аса маңызды факторлары ретінде жетекші іс-әрекетті қалыптастыру;

- зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекеттің, белсенділіктің бірлескен және дербес, қозғалғыш және тұрақты нысандарының теңгерімділігі.

Бастауыш мектеп жасы - баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктері - олардың айналадағы өміріне: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.

Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге құштар, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.

Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектепалды дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр. Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар қазақстандық педагог-психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова және тағы басқалар. Мектепке баланы 6 жастан қабылдау дұрыс болып отыр, өйткені осы жастағы балалардың білуге деген құштарлығы мен қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сақтау орынды. Ал егер 5 жастағы балалар мектепке даярланар болса,онда балабақшадағыдай жағдайы болу керек. Бұл балалардың мектепке дайындығы тексеріледі. Ол үшін «12 жылдық мектептің бірінші сыныбына қабылданатын балалардың оқуға дайындық деңгейін анықтау» атты әдістемелік құрал басшылыққа алынды. Ол бойынша "Әлеуметтік зерттеу", "Ата-аналар туралы мәліметтер", "Ата-аналарға арналған сауалнама", "Медициналық зерттеулер", "Балалардың денсаулық құжаты" т.б. жинақтай келе оқушының психологиялық мінездемесі, психологиялық дайындық ерекшеліктері, таным деңгейлері, ортаға қатысы, дамуы анықталды. 1-жарты жылдықта жылдық қорытынды тексеру жұмыстары алынады. Эксперимент барысында сынып пен салыстырмалы сынып арасында айырмашылық байқалды. Айырмашылықтың болуы, яғни эксперименттік сыныптағы білім, білік және оқу дағдыларының сапасы жоғары болуы, біріншіден, бала санының аздығына, екіншіден сабақтағы жұмысбастылықтың болмай, сабақ ұзақтығының 35 минут болуында және жеке оқулық материалдарының балаға түсініктілігінде деуге болады. Білім сапасының жақсы болуына себептер көп. Отбасы, ұстаз, балалар қауымдастығы осының тетігі.

Алты жастан оқыту - баланың ақыл-ойының

дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін

мейлінше қолайлы кезең болып табылады

ҚР 2015 жылға дейінгі білім берудегі

дамыту тұжырымдамасынан

6 жасар баланың оқудағы жетістігі - мектепке дейінгі психологиялық тұрғыдағы дайындық деңгейіне байланысты болып келеді.

6 жасар баланың дамуында қоршаған ортамен байланысындағы үйлесімділік қатынасын 6 аспекті бойынша қарастыруға болады. Олар: медициналық, физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, педагогикалық, интеллектуалдық аспектілер.

6 жастан 1 сыныпқа оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Оқыту процесі бұл жаста негізінде ойын түрінде жүргізіледі. Сондықтан балалардың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, сабақта ойын элементтерін көбірек пайдалану қажет. 12 жылдық білім беруде оқу жүктемесін азайтып, оқушының бос уақытын жеке қабілеті мен ізденуге жұмсауға мүмкіндік туғызу көзделеді. Сабақтың ұзақтығы 35 минут 5 күндік оқу болады. Ал мұның өзі білім беру парадигмасының пәндік білім беруден тұлғалық-бағдарлық бағытқа көшуінен туындап отыр. [18]

Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет. Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т.б нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық-бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.

Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ықпалдың көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.

Оқушылардың білімді меңгеруіндегі басты мәселе-ойлау арқылы іс қылудың тәсілдерін үнемі үйрету, ойлау әрекеттері түрлерін (талдау, жинақтау, пайымдау,т.б.) меңгертудің маңыздылығы сөзсіз.

«Ойлау қалыптаспай тұрып үйретіп отырған білімді қабылдау да жүзеге аса алмайды, өйткені білімді меңгеру оны талдау, жинақтаусыз мүмкін емес» - деп жазған С.Л.Рутинштейн «О мышлениях и путиях его исследования». [26]

Орыстың педагогика ғылымдарының аса көрнекті қайраткері К.Д.Ушинский оқу жетістігі жаңа материалдың ескімен байланысында деп білді. Жаңа мәліметтерді «ескінің легіне» қосып тіндестіру «жаңа міндетті түрде ескінің негізінде құрылып, ескі үздіксіз қайталанған сайын жаңа үстемеленіп қосылып отыру керек». Ол «жаңа ұғымды меңгеру кепілдігі: кепілдік мықты болған сайын жаңа ұғым берік әрі жеңіл меңгеріледі», - деп түсіндірді.

12 жылдық білім беруде бастауыш сынып оқушыларының жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындау жұмыстарын сараптауда аса көңіл бөлген мәселелер мыналар:

- Жаңа материалды оқып-үйренуге дайындауға бағытталған тапсырмалардың саны.

- Оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты дайындық тапсырмалардың мазмұны.

Математика мен информатика пәнінің күрделі тақырыптары өтуге ыңғайлы кезеңдерге бөлінген. Бұл бөлімдер оқу жылы ішінде біртіндеп енгізіліп отырылады. Мұғалім қиын тақырыпты үш кезеңге бөледі:

1-кезең: Перспективалық дайындық. Басқаша айтқанда, біртіндеп ұғындырылатын тақырып. Бұл кезде тірек ұғымдары, іскерлік жаттығулар, оқушылардың жауаптары арқылы оқытуды бастау жүзеге асырылады.

2-кезең: Оқулықпен жұмыс кезеңі. Бұл кезде түсініктер нақтыланып, тақырып бойынша материалдар жинақталады. Оқушылар жинақтау схемалары арқылы саналы түсінуге бағытталады. Олар мектепте және үйде өз беттерімен тапсырмалар орындап, өз ойларын схемалар арқылы дәлелдеуге жұмыстанады. Сонымен қатар осы кезеңде бірқатар ұғымдар алдын-ала түсіндіріліп отырылатындықтан, оза оқыту шарттары да орындалып, оқушылардың материалдарды қабылдау мүмкіндіктері артады.

3-кезең: Үнемделген уақыттарды пайдаланып, жұмыс істеу арқылы іскерлік дағдысы қалыптасады. Бұл қатені үнемі түзетіп отырудан гөрі, одан алдын-ала сақтандыруға үйретеді. Сонымен әрбір оқылған тақырып жаңа тақырыпты оқуға негіз бола алады.

Дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мұғалімдердің сұрақтарға берген жауаптарын, осы мәселе туралы пікірлерді жан-жақты талдай келіп, жаңа материалдарды оқып үйренуге оқушыларды дайындау мәселесі педагогикалық істе өзінің нақты қолданысын әлі де толық таппай отырғаны оқушылардың білім сапасын арттыруда үйрету, жетілдіру, жаттықтыру бағыттарына аса назар аударудың тиімді екенін көрсетеді.

4 жылдық бастауыш, 6 жылдық негізгі және 2 жылдық жалпы орта білімді қамтитын құрылым тулғаның психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары

  1. жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;

2) Білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмұнын әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

  1. Күтілетін нәтижелерге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;

  2. Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

  3. Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын құру;

  4. Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;

  5. 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты ұйымдар болып анықталды.

1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар

1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі.

Қазіргі білім беру тұлғалық-бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағытталған. Оның негізгі идеясы-оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңіcтігін құру.

2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.

Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады. Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз, ас қорыту, жүйке-психикалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты т.б. аурулар ондаған есеге артып отыр.

12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту, оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттарын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.

3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды. 12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

4-фактор. Оқу сапасын арттыру.

12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асырылады.

5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.

12 жылдық білім берудің басым бағыты-педагогикалық іс-әрекеттің жеке тұлғаға бағытталуы. Тұлғаға бағытталған көзқарас-педагогикалық іс-әрекеттің методологиялық жаңа бағыты.

Болашақ мамандардың 12 жылдық білім берудің әдіснамасын, оның теориялық және практикалық негіздерін қазірден бастап жан-жақты үйренуі аса маңызды әрі өзекті мәселе. Осы орайда, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінде педагогика курсы ерекше орын алады. [10]




II.ТАРАУ 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Елбасымыздың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында айтып кеткендей: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек». Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды.

Өмір талабына сай мектеп жаңа әлеуметтік тапсырысты орындауға, басқа мақсатты, формалы, сапалы білім беруге бағытталуы қажет. Ойлап қарасақ, барлық әлемдік кеңістіктегі білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. Бұл идеологияны және ішкі резервті пайдалана отырып, жаңа нарықтық жағдайларға жүйелі бейімдеу механизмін орындау - біздің міндетіміз.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үрдісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету. Ол 2008 жылдан бастап енетін, 12 жылдық білім беру мазмұнынан жан-жақты көрініс таппақ. 12 жылдық жалпы орта білім беру педагогикалық процестің әрбір қатысушысының шығармашылық потенциалы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамуына жағдай жасауға, сондай-ақ негізгі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге, жоғары сатыдағы оқушыларды бейіндеп оқытуға бағытталған біртұтас жүйе құруды қарастырады. Осы жүйенің негізінде 2003 жылдан бастап республикамызда 12 жылдық білім беруді эксперименттен өткізу қолға алынды. [16]

2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушыларды тәрбиелеу жүйесінің даму перспективасы

Қазіргі таңда Республикада 12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде қоғам дамуында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық түбірлі өзгерістер, ынталы бастамалар, мектепте жалпы білімнен таңдаулы білімге көшу және болашақ жасөспірімдерді ғылыми техникалық прогресс талабына сай тәрбиелеу мәселесі оқу мақсатын, мазмұнын, түрін, әдісін қарастырып, тәрбие үрдісіне көптеген өзгерістер енгізуді талап етеді.

Біз тәрбие мен білімді егіз дүние деп келеміз. Бұл екекуі бір арнада, бір мақсатта әрекеттескенде ғана оңды нәтиже бере алады. Ғылыми негіздерге сүйенсек адам тәрбиесі методологиясын екіге бөлуге болады. Бірінші биологиялық индивид, екінші сананы жетілдіру сатысы.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Қазіргі заманғы электронды оқулық басылымдарын әзірлеуге, жалпы білім беретін мектептің негізгі пәндері бойынша электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыру және оларды дәстүрлі оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыру керек. 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылында 1-сынып оқушылары жаңа бағдарлама бойынша оқи бастайды», - делінген.

12 жылдық білім берудегі оқушылар қызметінің мақсаты:

- жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны) ;

- әрекет ету әдістерін, тәсілдерін,біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;

- оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіоіктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;

- жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиалық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б) берілген мүмкіндікті қолдану.

2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама

Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен төмендегі құрамда ұсынылады:

  1. Оқулық

  2. Әдістемелік құрал

  3. Дидактикалық материалдар

  4. Хрестоматиялар

Информатика оқулығына қойылатын талаптар

Информатика оқулығына қойылатын талаптарды анықтауда жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізге алынады. Оқулыққа қойылатын талаптарды анықтап жүйелеуде оқулық функциялары:

  • білім мазмұнын тасымалдаушы;

  • мазмұнды меңгеру процесін ұйымдастырушы;

  • ақпараттық;

  • трансформациялы;

  • материалды бекітушілік;

  • өзін-өзі бақылау;

  • өз бетімен білім алу;

  • дамытушы-тәрбиелеуші.

басшылыққа алынып, негізінен ескеретін құжат болды десек те болады.

Информатика пәні оқулығының маңызды ерекшелігі бұл өскелең өмір талабына сәйкестігі болып табылады. Оқулыққа қойылатын талаптар жалпы оқулыққа қойылатын талаптар негізінде төмендегіше іріктелді:

  • ұлттық ғылым саясатына сәйкестігі;

  • бағдарламаға сәйкестігі;

  • мазмұнының ғылыми мәнділігі және нақтылығы;

  • әлеуметтік-мәдени құндылығы;

  • ұсынылған материалдың тарихилығы;

  • оқушылардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің ескерілуі;

  • мазмұнының жүйелілігі, бірізділігі;

  • сабақтастық принципінің сақталуы;

  • компьютерлік программалар пайдаланылуының ескеріліуі;

  • практикалық тапсырмалардың тақырыпқа сәйкестілігі;

  • оқушылардың жалпы оқу біліктерін және дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасауы;

  • деңгейлік тапсырмалардың болуы т.с.с.

Осы талаптарды ескере отырып дайындалған оқулықтың сапасы жоғары болып, оқушылардың білімін арттыруға көмектеседі.

Информатика пәнін оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар:

Информатиканы оқыту әдістемесі-әрбір сынып бойынша информатиканы оқып үйренуге арналған оқу-әдістемелік кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Бұл әдістемелік оқу-әдістемелік кешендерді құрайтын басқа құралдарды үйлесімді пайдалануды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдерге нақты көмек көрсетуді көздейді.

Әрбір сыныпқа арналған әдістемелікте сол сыныптағы информатикадан берілетін білім мазмұны және оны оқып үйретудің өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ сабақ барысында сол ерекшеліктерді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Әдістемеде информатикадан білім мазмұнының сипттамасы беріледі.

Оқулық пен құралдарын сабақ барысында тиімді қолдану, экономикалық білімді игерудегі білім, білік, дағдыны қалыптастыру, өзіндік жұмыстарды орындау біліктілігін қалыптастыру, теориялық материалдарды қайталауға берілген сұрақтарға тиімді жауап беру тәсілдерін көрсету жайында әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі. Есептердің шығару үлгілері ұсынылады.

Информатиканы оқыту процесінде пайдаланылатын мультимедиалық үйрету программаларының, электрондық оқулықтарының өскелең өмір талабына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы арқылы пайдалана алатындай деңгейде болу керек. [26]

12 жылдық білім жүйесіне арналған типтік оқу жоспары

Білім аймағында оқытылатын пәндер

Әр сыныпқа бөлінетін апталық сағат саны

Жүктелетін сағат



1

2

3

4

5

Апталық

Жылдық


І. Инварианттық компонент



ІI.

Тіл және әдебиет

7

9

10

11

11

48

1536

11.

Мақтау қағазы

7

-

-

-

-

7

224

22.

Қазақ тілі және әдебиеті

-

7

7

7

7

28

896

33.

Орыс тілі

-

2

2

2

2

8

256

44.

Ағылшын тілі

-

-

1

2

2

5

160

ІІI.

Математика және информатика

4

4

5

6

6

25

800

55.

Математика

4

4

5

5

5

23

736

66.

Информатика

-

-

-

1

1

2

34

ІIІІ.

Адам және қоғам

3

3

3

3

3

15

480

77.

Қоршаған орта

2

2

2

2

2

10

320

88.

Өзін өзі тану

1

1

1

1

1

5

160

ІIV.

Өнер және технология

3


3

3

3

3

15

480

99.

Музыкалық өнер

1

1

1

1

1

15

160

110.

Сызу

2

2

-

-

-

4

128

11.

Бейнелеу өнері

-

-

1

1

1

3

96

112.

Технология

-

-

1

1

1

3

96

V V.

Физикалық тәрбиелеу

2

2

2

2

2

10

320

1 13.

Дене шынықтыру және ритмика

2

2

2

2

2

10

320

Инвариантты оқыту жүктемесі

19

21

23

25

25

113

3616

ІІ. Профильдік компонент

Таңдау бойынша оқу

1

2

3

3

3

12

384

114.

Таңдау бойынша оқу

-

1

2

2

2

7

224

115.

Зерттеу жұмыстарының негізі

1

1

1

1

1

5

160

Максимальная аудиторная учебная нагрузка

20

23

26

28

28

125

4000

ІІІ. Тұлғалық компонент

Жеке-тұлғалық оқыту

2

2

2

2

2

10

320

Оқу жоспарының жалпы көлемі

22

25

28

30

30

135

4320

2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері

Эксперимент сыныптарда дәріс берген экспериментатор-педагогтар 12 жылдық білім берудегі бастауыш саты жүйесін толық меңгеріп, осы жүйенің оқушыға тиімді және тиімсіз жақтарын саралай отырып, өз ұсыныстары мен пікірлерін енгізді.

12 жылдық білім берудің өзіндік бір ерекшелігі ерте жастан информатика пәнінің оқу бағдарламасына енгізілуі. Мұндай білім беру жүйесі келешек ұрпақтың білімінің толығуына, жан-жақты болуына шынайы әлем жағдайында тәрбиеленуіне көп септігін тигізеді. Сонымен қатар осы өзгерістерді іске асыру жолында жалпы педагогтар қауымының психологиялық - педагогикалық жаңаруы көзделеді. Себебі, 12 жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі құндылықтарымен, сенімдерімен өз оқушыларының шығармашылық потенциалын дамытудағы инновациялық қызмет қабілеттілігін өздігінен жетілдіруге білікті маманды талап етеді.

Биылғы оқу жылының алғашқы күні, яғни 3 қыркүйекте Елбасымыздың өткізген интерактивті сабағының өзі келешек ұрпақты ынталандырып, жігерлендіріп, еліміздегі жылдан - жылға жоғары қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, үздіксіз білім алу керек екендігіне көз жеткізді.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр. 12 жылдық эксперимент сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде.

Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік - тақырыптық жоспар бойынша 2 - 5 эксперимент сыныптарда әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бұл сыныптарға арналған күнтізбелік - тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Эксперимент сыныптарда жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.

Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым - қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиасында сақтайды.

12 жылдық эксперимент сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар - математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек, информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы жақсы сақталған.

Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді компьютерді пайдалана оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңіл орындайды.

  • Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған есептер;

  • Ана тілі сабағында мәтіндік редактор кеңінен қолданылады, тақырыптық шығарма, құттықтаулар жазуға болады. Бұл балалардың тіл байлығын, ойын тиянақты жеткізе алуын, шығармашылық қабілетін және сауаттылығын айқындайды;

  • Бейнелеу өнері, дүниетану сабақтарында графиктік редактордың алатын ролі өте зор. «Тышқан» манипуляторымен жұмыс істеп үйренген оқушы қарындаш, ластик, бояу түстерін, қылқаламды таңдап, әртүрлі геометриялық фигураларды, әртүрлі суреттерді сала алады, түрлі түске бояу дағдылары қалыптасады;

  • Ән-күй сабақтарында әмбебап ойнауыш программасын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді;

  • Орыс тілі пәндерінде мультимедиалық программалар арқылы әр түрлі ертегілер тыңдауға, әрі эпизодтық бейнелерді көрсетуге болады. Мұндай сабақтар балалардың есінде ұзақ сақталады, тіпті балалардың пәнге деген, білімге деген құштарлығын арттыра түседі.

Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп - шығуға мұғалім рұқсат береді, әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді жүктеуді мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық - эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютерлер, қолданылатын бөлмелер барлық санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.

1-сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау

Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

«Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу

1

2-3

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi.

2

4-5

Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат.

Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi

2

6-7

Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi).

2

8

Қайталау

1

9

Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi.

1

10

Пернетақтамен танысу.

1

11

Қарапайым жаттығу.

1

12-13

Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні).

2

14-15

Нысан және олардың қасиеттерi (құрамы).

2

16

Қайталау

1

17

Қайталау

1

18

Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi).

1

19

Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау.

1

20

Нысандардың жұмыс жасау әрекеттерi.

1

21

Берiлген қасиеттерi бойынша нысан құрастыру.

1

22

Тiзбектер

1

23

Тiзбектегi әрекеттер реттiлігі.

1

24

Қайталау

1

25

Жиын

1

26

Жиындарды салыстыру

1

27-28

Жиын және оларды топтау

2


29

Iшкi жиындар

1

30

Қайталау

1

31

Қайталау

1

Барлығы

34

2 сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн оқытуға арналған

күнтiзбелiк-тақырыптық жоспарлау

Сабақтар нөмiрi

Мазмұны

Сағаттар саны

1

Компьютер сыныпта тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау

1

2

Көз жаттығулары. Қайталау.

1

3

«Терiстеу» ұғымы

1

4

Ақиқат және жалған.

1

5-6

Тұжырымдар

2

7

№1 бақылау жұмысы

1

8

Қайталау

1

9

Компьютер құрамы. Енгiзу және шығару құрылғылары.

1

10

Компьютердегі ақпараттар ағыны

1

11-12

Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы

2

13-14

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

2

15-16

«Сызық», «Доға» құралдары.

2

17

№2 бақылау жұмысы

1

18-19

«Эллипс» және «Тiктөртбұрыш» құралдары.

2

20

«Шашыратқыш» құралы.

1

21-22

Нысандар симметриясы

2

23

Ақпарат

1

24-25

Ақпараттарды кодтау

2

26

№3 бақылау жұмысы

1

27

Ақпаратты бейнелеу

1

28

Ақпарат көзі мен оны қабылдаушы.

1

29-30

Ақпарат алмасу

2

31

Ақпараттарды алу арналары.

1

32

Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi

1

33

№4 бақылау жұмысы

1

34

Қайталау

1

Барлығы

34

2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері

Соңғы кезде информатика пәнінің қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер туындауда. Осының негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі практика жүзінде дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып - білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет.

12 жылдық білім беруге көшу жағдайында информатика пәнін бастауыш сыныптан енгізген білім стандарты бар. Онда былай делінген:

Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

  • ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;

  • интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;

  • оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу.

Сондай-ақ негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы «Логика және алгоритм бағыты» және де «Компьютер және ақпараттық технологиялар бағыты» деген мазмұндық бағытта берілген. Осы минимумға орай қазіргі кездегі информатика пәнін оқытудың әдістерінің күн сайын жаңарып отыруына қарамастан бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:

  • Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;

  • Ойды логикалық түрде дамыту;

  • Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;

  • Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Жоғары сыныпта информатиканы оқыту жеке бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл жеке пән ретінде ғана емес, басқа негізгі пәндерді қолдаушы пән ретінде жүргені тиімді. Өйткені, компьютерді үйрену кезіндегі мәтін теру, қате түзету, сурет салу, есептің немесе әрекеттің алгоритмін құру сияқты практикалық жұмыстар мен тапсырмалар қазақ тілі, орыс тілі бейнелеу және математика пәндерімен сабақтастырылады.

Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнін бірнеше кезеңге бөліп оқыту жөн екенін дәлелдеп отыр.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Қазір еліміздегі жалпы білім беретін 155 мектептің бастауыш сыныптары сынақ-тәжірибеден өтуде. Білім мазмұнын жаңартудағы бұл үрдіс барша педагог қауымға, сондай-ақ ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепте білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды. Қазақсатнның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.

Мынадай жастық даму кезеңдері ғылыми негізделген:

- балалық кезең-6-10 жас;

- жасөспірімдік кезең-11-16 жас;

- бозбалалық кезең-17-18 жас.

Ұсынылып отырған жалпы орта білім берудің 4+6+2 құрылымы көрсетілген жастық даму кезеңдеріне толығымен сәйкес келеді. [8]

Білім берудің мазмұны мен құрылымы тұжырымдамасының негізінде 12 жылдық мектепте базистік оқу жоспары, жекелеген білім салаларының тұжырымдамалары, оқу бағдарламалары және пән оқулықтары жасалады. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі үш деңгейін бөліп алуға болады, олар: жалпы теориялық, түсінік деңгейі, оқу материалының деңгейі. Жалпы орта білім беру жүйесінде оқу жоспарларының бірнеше түрі: базистік,типтік және мектептің оқу жоспары орындалады. Базистік оқу жоспары - бұл негізгі мемлекеттік нормативтік құжат, білім берудің осы саласындағы мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол типтік және жұмыстық оқу жоспарларының негізгі және мектепті қаржыландырудың басты құжаты ретінде қызмет етеді. Типтік оқу жоспарлары ұсынымдық сипатқа ие. Мектептің оқу жоспарының екі түрі болады:

  1. Мектептің өз оқу жоспары, ол мемлекеттік базистік оқу жоспарының негізінде ұзақ мерзімге жасалады да, нақты бір мектептің ерекшеліктерін көрсетеді.

  2. Жұмыстық оқу жоспары, ағымдағы жайларды ескере отырып жасалынады да, жыл сайын мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітіледі.

1-сыныпқа арналған сабақ өту үлгілері

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

  1. оқушыларды «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен таныстыру.

  2. оқушыларға «ақпарат» және «ақпараттық мәдениет» ұғымдарының мағынасын түсiндiру.

  3. оқушыларды жұмыс дәптерiмен және онымен жұмыс істеуге қойылатын талаптармен таныстыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жаңа сабақпен таныстыруды жұмыс дәптерiн пайдалана отырып, әңгiме түрiнде өткiзуге болады. Әңгiмелесу барысында сабақтың ақпараттық технология болып табылатыны жөнiнде мағлұмат берiледi. Әрi қарай әңгiме желiсi балалардың компьютердi қай жерде көргенiн, онда кiмдердiң жұмыс жасайтынын және оның адам еңбегiн жеңiлдететiн жақтарын айқындайтын ақпараттарды тыңдаумен жалғасады. Ақпараттық технологияның адам көмекшiсi екенiне оқушылардың назарын аудару керек. Ал егер онымен дұрыс жұмыс жасамай қойсаң, онда оның пайдасынан зияны көбейетiнiн ескерткен орынды. Оқушылардың "ақпарат" ұғымымен бала кездерiнен таныс екендiгiн естерiне сала отырып, ақпараттың өмiрдегi түрлi жағдайлардан хабардар ететiндiгi жөнiнде әңгiме жүргiзiледi. Оқушылар жұмыс дәптерiмен, онымен жұмыс iстеу ережелерiмен және Аруна мен Әлім атты жаңа достарымен танысатын болады. Жұмыс дәптерiндегi боялмаған суреттердi бояуға арналған тапсырманы орындауға нұсқау берiп, үлгермегенiн үйден орындап келуге тапсыруға болады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Құрметтi балалар! Сендер «Информатика» әлемiне саяхатқа аттанатын боласыңдар. Бұл саяхат мектептегі оқудың барлық кезеңдерiнде жүрiп жатады. Сол сияқты мектептi бiтiргеннен кейiн де жалғасатын болады. Бұл тамаша әлем өте кең, сондықтан онда адасып кетуiң де мүмкiн. Сондықтан, мұндай қауiптен құтылу үшiн осы әлемдегi жасайтын саяхатқа қажеттi тәртiп ережелерiн үйренiп алуың қажет. Бұл тәртiп ережелерiн "Ақпараттық мәдениет негiздерi" сабағын өту кезiнде үйренiп аласың. Саяхат-сабақ барысында түрлi достар тауып, бiр-бiрiңе көмектесетiн сәттерге тап боласыңдар.

Ендi бiздi қоршаған тамаша әлемге қарап, жан-жағымызға зер салайық. Айналамыздағы түрлi заттарға назар аударайық: гүлдер жайқалады, құстар сайрайды, күн шығып тұр, жаңбыр жауып тұр, ыстық жаз өтiп, күз келедi де, ол қарлы қысқа ұласады. Бiз ақпаратты гүлдiң иiсiн сезу, сiркiреп жауған жаңбыр тамшысының тырсылын есту, күннiң шыққанын көру сияқты әрекеттер арқылы аламыз. Оны кiтап оқу, теледидар көру арқылы алу мүмкiндiгiмiз бар. Ал теледидардан көрген ертегiңдi досыңа айтып беретiн болсаң, онда сен досыңа ақпарат бересiң. Ертегiнi бейнемагнитофонға жазу арқылы бұл ақпаратты сақтай аласың. Ақпараттық қоғам жағдайында сендер оны Интернет арқылы алуларыңа және электрондық пошта арқылы алыстағы туыстарыңа хат жазуларыңа болады. Сондықтан осы айтылғандардың барлығын бiз бiртiндеп үйренуiмiз керек. Ақпараттық қоғам жағдайында кез келген адам ақпарат көздерiмен жұмыс жасай бiлудi, оны сақтауды, өңдеудi және дұрыс қолдана бiлу сияқты әрекеттердi үйрену арқылы ақпараттық мәдениетiн қалыптастыра алады.

Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: ақпарат - бұл қоршаған орта туралы мәлiмет болса, ал ақпараттық мәдениет - бұл ақпарат көздерiн (анықтамалармен, сөздiктермен, энциклопедиямен, ұшақ кестелерiмен және теледидар бағдарламаларымен) қолдана бiлудi үйрену. Ақпараттық мәдениет - бұл дұрыс сөйлей бiлу, теледидарды орынды көре бiлу, компьютермен жұмыс тәртiбiн игеру және достарыңмен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттердi қамтиды. Осы бағытта сендерге қолұшын беретiн достарың бар. Олар: Аруна мен Әлім. Сәттi қадам тiлейiк!

Тапсырмалар:

  1. Компьютердiң қайда қолданылатынын Әлімге әңгiмелеп бер. Суреттерді боя.

  2. Компьютермен не iстеуге болады?

а) сурет салу

ә) ойнау

б) есептеу

в) ақпаратты сақтау және тарату.

Оқушылармен талқылай отырып, суреттердi боя.

3-4. «Сатылар» және «Батырмалар» сияқты жаттығу ойындары оқушылардың компьютерде жұмыс жасау жылдамдығын дамытуға арналған. Ойын тәртiбi бойынша батырманы қанша рет басу ұсынылса, саусақты сонша рет басу керек. Жаттығу, ең алдымен, бiр қолмен орындалса, содан кейiн екi қолмен бiрге орындалады. «Сатылар» және «Батырмалар» жаттығу ойындарын әрбiр сабақтың соңында қайталап ойнауға болады.

  1. "Батырмалар" ойыны. Батырмаларды алдымен, бір қолмен, содан кейін екінші қолмен, соңынан екі қолмен бірдей бас. Батырмаларда қандай сан жазылса, саусақтарыңмен сонша рет бас.

  2. "Сатылар" ойыны. Саусақтарыңды перне сатыларымен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларда қандай сан көрсетілсе, оны саусақтарыңмен сонша рет бас.

Сергiту сәтi

2-3 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат.

Сабақтың мақсаты: Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi

  1. Өткен материалды қайталау.

  2. Түрлi ақпарат түрлерi туралы мағлұмат қалыптастыру.

  3. Ақпарат түрлерiн ажырата бiлуге үйрету.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Сабақ басталмас бұрын мұғалiм компьютерлiк сыныпта жұмыс істеу тәртiбi мен техника қауiпсiздiгi ережелерiн оқушылардың есiне салып, көздiң шаршағандығын басу жаттығуларын қайталауды ұсынады. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейi мен оны қорытындылауы мына тәртiппен жүргiзiледi:

  • Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен қабылдайды, мысалы, көру және есту.

  • Егер бiз ақпаратты көру арқылы қабылдасақ, онда ол - көру ақпараты.

  • Егер бiз ақпаратты есту арқылы қабылдасақ, онда ол - дыбыстық ақпарат.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты сезiм мүшелерi көмегiмен қабылдайды: көру, есту, иiс сезiмдерi, сезiну, дәм арқылы.

Балалар, бiз теңiздiң жағалауында тұрғанымызды көз алдымызға елестетейiк. Не естiдiңдер? Егер ауа райы ашық, күн шығып тұрса, онда толқындар жай тербеледi. Ал егер аспанды кiшкене бұлттар қаптап, қатты жел тұрса, онда теңiзде толқындар қатты тербеледi және теңiз жағасында толқынның дыбыстары естiледi. Бұл екi жағдайда да бiз көру және дыбыстық ақпараттарды алдық.

Ал егер бiз гүл отырғызатын ыдысқа гүлдiң тұқымдарын сеуiп отырғызсақ, оны бiрнеше күн су құйып күтетiн болсақ, онда не байқауға болады? Бiрнеше күн өткеннен кейiн дәндердiң қалай бүршiк атқанын байқайсыңдар, яғни бұл жағдайда көру ақпараты арқылы ақпараттарды аламыз. Ал көктем айында құстардың көңiлдi сайрауынан және сiркiреген жауын тамшыларынан көктем айының келе жатқанын байқаймыз. Бұлардан көктем айының жақындағаны туралы дыбыстық ақпарат аламыз.

Балалар, келесi сұраққа жауап берiңдер:

  1. Әлім терезеге қарап, күннiң жарқырап атқанын көрдi. Әлім қандай ақпарат алды?

  2. Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық?

  3. Ас үйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың?

  4. Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз?

  5. Аруна мерекелiк торт пiсiрдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқады?

6. Дыбыстық және көру ақпараттарына өздерiң мысалдар келтiрiңдер.

2-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Балалар немен шұғылданып жатыр? Боя.

Аруна мен Әлім не iстеп отыр? Аруна мен Әлімнiң қандай ақпарат түрлерiн алды? Оқушылармен талқылай отырып, боялмаған суреттердi боя.

Аруна терезеге қарап, "ауа райының жақсы" екендiгiн көрдi. Бұл - көру ақпараты. Әлімнiң күнделiгiнде тек бестiк бағалар. Олай болса, "Әлім жақсы оқитын оқушы". Бұл - көру ақпараты.

Әлім қоңырау сағаттың шырылынан дыбыстық ақпарат алды. Ал Аруна барабанда ойнау арқылы дыбыстық ақпарат алды т.б.

  1. Қай жануарға қандай үн сәйкес келеді? Аңдарды шығаратын дыбыстарына қарап, бiр-бiрiмен жалға және ол суреттердi боя.

  2. Суретте жасырынған бейнелерді тап. Олар қандай үн шығарады? Бейнелердің кескінін ажыратып, айналдыра сыз. Суретте мысық, ит, қаз жасырынып қалған.

  3. Сурет бойынша ауызша әңгiме құрастыр. Боя. Әңгiменi құрастыру барысында олардың қандай дыбыстар шығаратын және қандай түспен боялатын да ескер.

3-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Дыбыс шығаратын заттарды боя.

  2. Мына дыбыстарды не шығарады, суреттен тап.

Аңдардың қандай дыбыстар шығаратынын балалармен талқылаңдар. Егер сыныптағы балалардың iшiнен жаза алатын балалар табылса, онда осы аңдардың атын жаз деген тапсырма берiңдер.

  1. Тiзбектi жалғастыр. Логикалық ойлау қабiлетiн дамытуға арналған жаттығу.

  2. Артық заттарды сыз. Бiрiншi топтағы нысандар атауы - бұл дыбыстарды шығаруға болатын қоңырау, ал екiншi топтағы нысанның атауы - дыбыс шығармайтын глобус.

  3. Бiр, екi, үш, төрт, бес дейік.

Барлығын санап көрейiк.

Оқушылардың аңдардың орналасқан орнын нөмiрлеп, жазуы керек немесе мұғалiммен қосылып ауызша аңдарды санауы қажет.

Сергiту сәтi

Берiлген тақпақты оқушылар қайталау арқылы саңырауқұлақтың қозғалысын көрсетедi: ары берi жүредi, жерге қарай иiледi, саңырауқұлақтарды жинайды. Қозғалысты асықпай, белгiлi бiр ырғақпен жасағаны дұрыс.

4-5 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат.

Сабақтың мақсаты: Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi.

  1. Ақпараттың жаңа түрлерiн қарастыру.

  2. Оқушыларды ақпарат түрлерiн ажырата бiлудi үйрету.

  3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға ақпарат және оның түрлерi материалдарын қайталату ұсынылады.

Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны сынып оқушыларымен бiрге қорытындылау мына түрде өткiзiледi:

  • Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иiс сезу, сипап сезу және дәмдi сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.

  • Егер бiз ақпаратты сезiм мүшелерi арқылы қабылдасақ, онда ол - сипап сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы - "тактильдiк ақпарат".

  • Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол - иiс сезу ақпараты болып табылады.

  • Егер бiз ақпаратты тiл мүшесi арқылы қабылдасақ, онда ол - дәмдiк ақпарат деп аталынады.

  • Есту, көру, сезу, иiс және дәм сезу мүшелерi - бұл ақпаратты алу арнасы болып табылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм :

Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi су жылы ма, әлде үтiк ыстық па және т.б. әрекеттердi өз денемiз арқылы байқаймыз.

Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың иiсiн сезсеңдер, онда не iстер едiңдер? Ондай жағдайда жедел жәрдем қызметiне хабар беремiз. Жаңа жылда қандай иiстер сезесiңдер? Мәселен, шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады. Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол иiс сезу мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.

Ал ендi мына бiр көрiнiске назар аударайық. Аруна Әлімге алма бердi. Оның сыйлаған алмасының қышқыл, не тәттi екенiн Әлім қалай бiледi? Бұл жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол - дәм сезу ақпараты деп аталады.

Сонымен, ақпаратты мынадай сезiм мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту, көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу - бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.

4-сабаққа арналған тапсырмалар:.

  1. Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя.

Аруна мен Әлімнiң қандай ақпарат түрлерiн алатынын оқушылармен бiрге талқылаңдар .

1 және 2 суреттер - дәмдi сезу ақпарат.

3 және 4 суреттер - иiс сезу ақпараты.

5 және 6 суреттер - сипап сезу ақпараты.

2. Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос.

тышқан - сыр

қоян - сәбiз

балапан - бидай

ақ тиін - жаңғақ

қонжық - бал

3. Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос. Боя. Бұл тапсырманы орындау барысында гүлдердiң иiс сезу ақпаратына енетiнiн талқылаңдар.

  1. Суретте не бейнеленгенiн әңгiмеле. Боя.

  2. Суреттерде қандай ақпарат түрлерi бейнеленген?

  3. Сөздердi әрiптермен қос. Бұл сөздердiң қандай ақпарат түрлерiмен байланысты екенiн талқылаңдар.

5-сабаққа арналған тапсырмалар:.

  1. Суреттер ішінен дәмі тәттi, тұзды, қышқыл, ащы заттарды тап.

  2. Сөздердi құрастыр: торт, сары, суық, түтін, дыбыс.

  3. Қатарды жалғастыр. Тақ сандар - 1,3,5,7,9

  4. Жеуге болатын заттарды боя.

  5. Тиісті әрiптердi қойып, шыққан сөзді оқы. Елік, есік, ара, аша

  6. Суреттерді сәйкес әрiптермен қос. Піл, от, шырша, әтеш. Олардың қандай ақпарат түрлерiне жататынын талқылаңдар.

  7. Тiзбектi жалғастыр.

Сергiту сәтi

Балалар желдiң қозғалысын көрсетедi. Оқушылар "Тыныш" сөзiне отырады, ал "жоғары" сөзiне - тұрады.

2-сыныпқа арналған сабақ өту үлгілері

11-12-сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы

Сабақтың мақсаты:

  1. Графикалық редактормен таныстыру.

  2. «Бүрiккiш» құралын пайдалана бiлуді үйрету.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту.

  4. Графикалық ақпараттарды өңдеу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi құралдары мен түрлі-түсті палитрасының жалпы түрiн қарастыру. Программаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып, "Заливка" құралын қалай қолдануға болатынын көрсету.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Балалар, бүгiн бiз өте қызықты программамен танысамыз, сол программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тышқанмен оны шертеміз, ашылған МЕНЮ бойынша КУРСОРДЫ ПРОГРАММА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТНЫЕ, одан кейiн PAINT жолын тауып, оны тышқанмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық редактордың жалпы түрi шығады. Осы программада қандай құралдар және бояулар бар екендiгiн қараңыздар.

Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «Заливка» аспабымен жұмыс жасап үйренемiз. «Заливка» аспабына тышқанмен басыңдар, сол жақ палитраға қарасаңдар екi квадрат бар - ақ және қара. Егер тышқанмен қызыл бояуға басақ онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар - бұл ЕКПІНДІ түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз.

Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тышқанмен "Файл"-ды шертеміз де, "Открыть" командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.

11-сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Нысандарды боя.

  2. Кемпiрқосақты боя.

  3. Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен (қызанақ). Түс таңдауда Жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып келедi.

12-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Суретті бояп, атауын бер.

  2. «Сиқырлы сарайды» боя.

  3. Қатарды жалғастыр.

  4. Сары, жасыл қарындаштарды алып, түрлi тәсiлдерді қолданып, төмендегі қуыршақтарды боя.

  5. Қызыл және көк қарындашпен түрлі тәсiлдерді қолданып шарларды боя.

Сергiту сәтi

13-14 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен жұмыс істеуге үйрету.

  2. Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

  3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту.

  4. «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарын пайдаланып, графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың эстетикалық мәдениетi мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

«Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. "Қылқаламның" түрлері мен "Өшiргiш" құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал "Өшiргiш" құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер.

13-сабаққа арналған тапсырмалар:

  1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi бояулармен боя.

  2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес.

14-сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Артық нысанды сыз.

2. Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал:

Қысы, жазы бір түсті.

/Шырша/

Өзі қызыл, өзі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

/Құлпынай/

Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/

Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/

  1. Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос.

Суық - Ыстық

Ауру - Сау

Көңiлсiз - Көңiлдi

Кiшкентай - Үлкен

Мейiрiмдi - Қатыгез

Жарық - Қараңғы

Қатты - Жұмсақ

Тәттi - Ащы

Сергiту сәтi

15-16 -сабақтар

Сабақтың тақырыбы: «Сызық», «Доға» құралдары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға «Сызық» құралымен жұмыс істеуді үйрету.

  2. оқушылардың графикалық редакторде жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Тапсырмалар оқушылардың жаңа құралдарды меңгере отырып, өткен тақырыптарын қайталауға ыңғайлы етiп таңдалған. Түрлі сызықтар, сурет салуды игеру. Ақпарат түрлерін қайталау.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм:

Бүгiн бiздiң танысайық деп отырғанымыз - "Сызық" құралы. Ал ендi осы құралды тышқанмен шертіп, экранға әр түрлi қалыңдықтағы сызықтар салайық. Кез келген түстi және оның қалыңдығын таңдап, сызықтар салуға болады. Егер сендер сызықтарың экранда көлденеңнен немесе ұзыннан орналасуын қаласаңдар, онда Shift пернесiн басып тұру керек. Өз беттерiңмен жұмыс жасап көрiңдер.

15- сабаққа арналған тапсырмалар.

  1. Сызықтар арқылы нүктелерді бір-бірімен қос.

  2. Кім қандай үн шығарады? Сызықтар арқылы қос.

16-сабаққа арналған тапсырмалар

  1. Бұл буындар қай суретке сәйкес келедi? Оларды сызықтар арқылы қос.

  2. Үлгіге қарап, цифрлар сал.

  3. Суреттердi боя.

Сергiту сәтi

17-сабақ

Сабақтың тақырыбы: № 2 бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бақылау жұмысын өткiзу арқылы оқушылардың бiлiмiн тексеру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Бақылау жұмысы екі нұсқадан тұрады. Мұғалім тапсырмаларды оқиды, балалар естiгендерiн жазып алады. Екi нұсқаның да тапсырмалары ұқсас. Оқушылар тапсырмалары бар парақтарға өз аты-жөндерiн жазып, қойғаны дұрыс.

1 - тапсырма.

1-нұсқа

Шығару құрылғысын дөңгелектеп қорша. Монитор, баспа құрылғысы, дыбыс бағандары, дискеттер.

2-нұсқа

Енгiзу құрылғысын дөңгелектеп қорша. Пернетақта, микрофон, дискеттер.

2-тапсырма.

1-нұсқа

Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтайды, астын сыз: жады.

2-нұсқа

Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетiне басып шығарады, астын сыз: баспа құрылғысы.

3-тапсырма.

1-нұсқа

Ақпаратты енгiзу құрылғысын жаз: пернетақта.

2-нұсқа

Ақпаратты өңдеу құрылғысының атын жаз: процессор.

4-тапсырма.

1-нұсқа

Суретте қанша тiктөртбұрыш барын есепте: 6.

2-нұсқа

Суретте қанша үшбұрыш барын есепте: 6.

5-тапсырма.

Нүктелердi сызықтар арқылы қос.

Сөйлемдердiң ақиқат немесе жалған екенiн анықта:

1-нұсқа

Бiрiншi дене - шаршы. Ақиқат.

Екiншi дене - үшбұрыш емес. Жалған.

Сызық - үшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы дене - Бесбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек бар. Жалған.

2-нұсқа

Бiрiншi дене - үшбұрыш. Ақиқат.

Екiншi дене - сызық емес. Жалған.

Шаршы - үшiншi дене емес. Жалған.

Соңғы дене - алтыбұрыш. Ақиқат.

Тiзбекте дөңгелек жоқ. Ақиқат.

6-тапсырма.

Сызықтардан құралған нысанды үлгiге қарап сал және оны боя.

Сергiту сәтi

СЕРГIТУ СӘТТЕРI

1. Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

2. Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

3.Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

4. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

5. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасыы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі, арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі»,-деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек.

Бүгінгі күн талабына мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар 1-бағыт: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 2-бағыт: оқушының потенциалдық мүмкіндіктерін есепке ал отырып жеке даралық бағытта оқыту. 3-бағыт: ішкі қажетіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту. 12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар: инварианттық компонент - мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру, профильдік компонент - профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру, тұлғалық компонент -оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру.

Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек? Деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптар басшылыққа алына отырып, негізгі талаптар толықтырылып, жаңа реформалық үлгідегі талаптар ұсынылды. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы мен әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуы мен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуы мен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік-шығармашылығы талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес бере алатын мұғалім қажет.

Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қарым-қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке дара зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың не қалайтынын қанағаттандыруды ұйымдастыруы қажет. Кез келген жаста оқушы үшін көпшілік алдында ұятқа қалу, беделін түсіру, ұрыс-жанжалға бару ішкі жан дүниесін бұзады. Сондықтан ұлы Абай атамыздың:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүріс-тұрысы, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өткен жөн:

- сабаққа педагогикалық-психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

-сабақты ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

12 жылдық білім беру барысында Информатика пәнін оқытудың нәтижелері

Білуі тиіс

Білуі тиіс

Білуі тиіс

- Компьютерде жұмыс жасағанда,санитарлық-гигиеналық талаптарды

- ЕТ кабинетінде компьютермен жұмыс барысында днесаулықтарын сақтап, техника қауіпсіздік ережесін қадағалауды

- Мемлекеттік ақпараттық сақтану жүйелерін

- компьютердің қосымша, яғни перифериялық құрылғыларын және олардың функцияларын

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қосымша бөліктері мен олардың функцияларын

- ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қосымша бөліктері мен олапдың функциялары

- MS Windows стандартты ортасын

- MS Office элементарлық негіздерін

- негізгі қолданбалы бағдарламалар және жүйелік бағдарламалар: офистік бағдарламалар, корпоративті ақпараттық жүйелер, мультимедиа, интернет

- кең таралған қолданбалы және жүйелік бағдарламалар: проектілеу жүйелері, ғылыми бағдарламалық жасақтама, геоинформациялық жүйелер

- ақпараттық жүйелердің қолданылу орны: ролі және функцияларын

- ақпараттық жүйелердің мазмұны, құрамын

- ақпараттық жүйелердің деңгейлерін

- ақпараттық технологияның ролі мен функцияларын

- ақпараттық технологияның мазмұны және құрамын

- ақпараттық технологияның деңгейлерін

- Интернеттің элементарлық негіздері

- веб-сайт, электрондық почта, веб-форум, веб-чат, электрондық магазин


- Ethernet, Extranet, Intranet және Internet желілік жүйелері-Google, Yandex, Yahoo, Aport ақпараттық-іздеу жүйелері

- e-Learning дистанциялық оқыту

- видеоконференц байланыс

- интерактивті технология

- электрондық сауда

- WWW - World Wide Web дүниежүзілік ақпараттық портал

- компьютер көмегімен өлшеу және есептеу технологияларының принциптері

- компьютер мониторингі

- интеллектуалды машиналар мен роботтар

- электрондық үкімет

- алгоритмдер мен программалар

- моделдеу, конструктрлеу, проектілеу және басқару бағдарламалары

- компьютерді басқару объектілері мен жүйелерінің негіздері

- Интернетке қосылу

- текстік, графикалық ақпараттарды құру, сақтау

- аудио және видео ақпараттарды демонстрациялау

- Интернеттен қажетті ақпараттық ресурстарды іздеу және табу

- инновациялық технологиялар білімін қолдана білу

- құжаттарды анализдеу және синтездеу

- қажетті ақпараттық ресурстар кітапханасын дүниежүзілік ақпараттық портал

-Интернет арқылы жіберу

- графикалық бағдарламалар Photoshop, Corel Draw, Adobe Illustrator

- AutoCAD БҚ

ҚОРЫТЫНДЫ


Сонымен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көптілділікті қамтамасыз етеді.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Келешегімізден үмітті болуымыз үшін жас буын өскенде, ата-баба мұрасын білу қажет. Ол үшін жас буынды уақыт санына төтеп беріп, тұрмыс өлшеміне шақ келген ата-бабаларымыздың қасиетті тәжірибесімен ауыздандыру керек. Себебі, қазіргі адамгершілік, әдептілік, имандылық сынды шынайы қасиеттерді адамзаттың әлсіз тұсы деп қарауға жетіп қалған техногендік өркениеттіліктің уытын қайтару үшін салт-дәстүрлерге маңызды рөл жүктеледі. Мектепте оқытылатын информатика пәні оқушыларға компьютерлік технологиялардың барлық мүмкіндіктерін үйретуге негізделген. Міне осы білім беруді ұлттық негізде тәрбиелік жұмыстармен байланыстыра жүргізсе оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге болады.

Қорыта келгенде айтарым, білім-қоғамды қанағаттандыратын, рухани мұраны сақтайтын ұрпақ пен ұрпақты сабақтастыратын құрал. Сондықтан, оқушының елдің ертеңі, үміт күтер азаматы екенін ескере отырып, тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейлерінің әлемдік стандартқа сай болуға лайықты жұмыс істеу, білімді де тәрбиелі азамат тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б

  2. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. -2006. -3.-С. 3-10б

  3. Ізмұқанов М «12 жылдық оқу мерзіміне көшу туралы» // Бастауыш мектеп. -2004-С.1-3-5б

  4. Құланбай Ә «Он екі жылдық білім беру жүйесі» // Егемен Қазақстан. 2003.-С. 22 қаңтар

  5. Аймауытов Ж «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» Қызылорда, 1929ж -58б

  6. Рахметова С.Р «Бағдарламалар. 12 жылдық мектептің 1-4 сыныптары» Алматы: «Атамұра»,2004ж-19б

  7. Құрманалиев М «Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатымыз» // Қазақстан Мұғалімі. -2006.-30 қыркүйек. -Б.3

  8. Құсайынов А «Он екі жылдық оқу:салыстырмалы көзқарас» // Егемен Қазақстан. -2001. -С.24 тамыз

  9. Құсайынов А «Сапалы білім-заман талабы» // Егемен Қазақстан. -2007-2 қараша.-№339-340.-Б.8

  10. Құсайынов «Білім реформасы:Дамыған елдер тәжірибесі // Егемен Қазақстан. -2005. -23 маусым. -С.139.-4б

  11. Құтпанбаев Ә «Он екі жылдық білімнің қажеттілігі // Ұлт Тағлымы. -2001. -С.4-5.-73-79б

  12. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білм беру тұжырымдамасы // Қазақстанның Білім және Ғылым Әлемі. -2006. -2.-С.5

  13. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы // Мектеп. -2006. -2.- С. 6-11б

  14. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан Мұғалімі. -2004-С. 20 қаңтар

  15. Әбілқасымова А «Мектеп реформасы: 12 жылдық білім беруге көшу қажет пе? // Егемен Қазақстан. -2004-С.24 ақпан

  16. Өтеғали Е «12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» // 12 жылдық білім беру. -2007.-12б

  17. Буранбаев Л.С «Жалпы білім беру мекемелерінің қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу» эксперимент жұмысының нәтижелері // Шағын Мектеп. -2004. -2 -1-13б

  18. «6 жасар балалардың психологиялық аспектілері» // ХХ1 ғасыр мектебі. -5-7б

  19. «12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгісі» Информатика негіздері 2008ж-№2-24б

  20. «Информатика негіздері» 2003-№5, 29-30

  21. Мәдиева Қ. «12 жылдық білім беруді жүзеге асырайық» // Қазақстан мектебі. -2005.- №7. -3 б.

  22. Бабанский Ю.К., Сластенин В.А., Сорокин Н.А и др. «Педагогика». - М.:Просвещение, 1988. - 479 б.

  23. Денев Д.Ж. «Бастауыш кластар педагогикасы. ІІ бөлім - Дидактика - Благоевград кітап баспасы. 1983.

  24. Огородников И.П. «Сабақтың тиімділігін көтеру» - М, Білім, 1990.

  25. Рутинштейн С.Л. «Ойлау және оны зерттеу жолдары» - М. 1968-347 б.

  26. Ж.А.Қараев т.б. «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен оқу бағддарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар» Алматы.: РБК, 1998.Информатика пәнін оқытудағы педагогикалық әдістемелік жұмысым


© 2010-2022