Сабақ жоспары Циклдік алгоритм

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Циклдік алгоритмдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға циклдік алгоритмдер туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылы: Паскаль тілінің циклдік алгоритмдер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.

Сабақтың түрі: Практикум элементі бар, көрсете түсіндіру сабағы.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын қадағалап өту.

II. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Шартты оператордың негiзгi жазылу ережелерiн ата.

2. Шартты оператор қандай жағдайда орындалады?

3. IF операторының құрамына қай кезде құрама оператор кiредi?

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кейбір есептерді шешкенде бір типті әрекеттерді бiрнеше реет қайталанып отыруы мүмкiн. Мұндай болып келген әрекеттер тiзбегiн цикл операторлары деп атайды. Циклдiк оператордың үш түрi бар:

- параметрлi цикл операторы - FOR;

- шартын алдын-ала тексеретiн цикл операторы - WHILE;

- шартын соңынан тексеретiн цикл операторы- REPEAT.

Егер қайталану саны алдын ала белгілі процессті ұйымдастыру қажет болса, онда параметрлі цикл операторы қолданылады. Жазылу үлгісі:

1) FOR i:= n1 TO n2 DO <цикл денесі>;

2) FOR i:= n1 DOWNTO DO <цикл денесі>;

Мұндағы: FOR (үшін), TO (дейін), DOWNTO (төмен), DO (орындау) - қызметші сөздер; і - цикл параметрі; n1, n2 - цикл параметрiнiң алғашқы және соңғы мәндерi; <цикл денесі > - бiр және бірнеше рет қайталанатын оператор. Параметрлі цикл операторы блок-схема түрінде жазылу үлгісі:

Сабақ жоспары Циклдік алгоритм1-мысал: 1-ден 10-ге дейінгі сандардың қос.

Program Kosu;

Var i, s: integer;

Begin {цикл басы} s:=0;

for i:=1 to 10 do {қайталану операторы}

s:=s+i;

Writeln('қосынды=', s);

Readln;End.

2-мысал: 10-ден 1-ге дейінгі сандарды көбейт.

Program Kobeit;

Var i, p: integer; {егер көбейтінді integer диапазоныны асып тұрса, онда Longint типін қолданамыз}

Begin p:=0;

for i:=10 downto 1 do

p:=p*i;

Writeln('көбейтінді=', p);

Readln;

End.

3Сабақ жоспары Циклдік алгоритм-мысал: 2 және 3 қалдықсыз бөлінетін сандардың бағдарламасын және блок-схемасын құр.

Program Eki_tanbali;

Var i, k, n, m,: integer;

Begin s:=0; Readln (k);

for i:=1 to k do

begin

n:=I mod 2;

m:= I mod 3;

if (n=0) or (m=0) then Writeln(i);

end;

Readln;

End.

Шартын соңынан тексеретiн цикл операторы:

Шарт цикл соңында тексерiлетiндiктен REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бiр рет орындалады. Циклдiң орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды. Жазылу түрi:

REPEAT <оператор> UNTIL <шарт> {бiр оператор қайталанады} мұндағы REPEAT - «қайталау», UNTIL - «дейiн» болып аударылады. Ал бiрнеше оператор қайталанатын жағдайдағы жазылуы:

REPEAT

<1-оператор>;

<2-оператор>;

…;

UNTIL <шарт>;

Алдымен Repeat сөзінен кейінгі операторлар тізбегі орындалады. Содан кейін Untіl сөзінен кейінгі шарт тексеріледі. Егер, шарттың мәні False болса, онда цикл қайталанады, True болса цикл аяқталады. Begіn . . . End операторлық жақшаларды қолданбасада болады, себебі мұнда операторлар Repeat . . . Untіl аралығында жазылып сол жақшалардың функциясын орындап тұр. Бұл шартын алдын-ала тексеретiн цикл операторына ұқсас, бірақ шарт, цикл денесі орындалғаннан кейін тексеріледі, сондықтан, цикл ең жоқ дегенде бір рет орындалады.

Шартын соңынан тексеретiн цикл операторы блок-схемасының жазылу үлгісі:

Сабақ жоспары Циклдік алгоритм


RСабақ жоспары Циклдік алгоритмeadln;

End.

IV. Бақылау сұрақтары

1. Циклдiк оператордың түрлерiн ата.

2. Параметрлi цикл операторының жазылу үлгiсi қандай?

3. FOR операторының параметрi қай типте болуы тиiс?

4. Шартты алдын-ала тексеретін операторы қалай жазылады?

5. WHILE операторының бiр рет те орындалмауы мүмкiн бе?

6. Шартты кейін тексеретін операторы қалай жазылады?

7. REPEAT операторында құрмалас оператор қалай жазылады?

8. Қай кезде FOR операторы, ал қай жағдайларда WHILE және REPEAT операторларын пайдаланған ыңғайлы болады?

V. Үйге тапсырма. Өткен сабақ бойынша қайталау.

© 2010-2022