Открытый урок по информатики на тему Алгоритм (7 класс)

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету.
Дамытушылығы: Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың ой-өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
• DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
• Мәліметтердің типі дегеніміз не?
• Мәліметтердің қандай типтері бар?
• Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
• Var операторының қызметі қандай?
• Const операторының қызметі қандай?
• Readln операторының қызметі қандай?
• Writeln операторының қызметі қандай?

Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз және шартты көшу, цикл (қайталау) ұйымдастыру операторлары жатады.
Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа - құрама , шартты және қайталану операторларына жіктеледі.
Құрама оператор. Құрама оператор бір-бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектей отырып, оларды бір оператор тәрізді орындалатын етіп біріктіру жолымен ұйымдастырылады.

Құрама оператордың синтаксистік диаграммасы
Мұндағы операторды шектеп тұрған begin (БАСЫ), end (СОҢЫ) түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады.
Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар if және case.
Шартсыз көшу операторы. Шартсыз көшу операторы операторлардың рет - ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшу ісін орындайды. Ол GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады, одан кейін LABEL бөлімінде сипатталған белгі атауы саны көрсетіледі.
Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен тармақталуды ұйымдастырады.
Мысалы:

Апта күндерінің реттік нөмірі бойынша олардың аттарын анықтайтын
программа құру керек.

Program kyn;
Var kyn: integer ;
Begin
Write (' kynnin aptadagi rettik nomirin engizinder: ' );
Readln (kyn);
Case kyn of
1: writeln ( ' duisenbi');
2: writeln ( 'seisenbi');
3: writeln ( ' sarsenbi');
4: writeln ( ' beisenbi');
5: writeln ( ' juma');
6: writeln ( 'senbi');
7: writeln ( ' jeksenbi');
Else writeln ( ' 1… 7 araligindagi sandardi engizinder');
End
End.

Сабақты бекіту сұрақтары:

• Құрылымдық операторларға қандай операторлар жатады?
• Қарапайым және құрылымдық операторлардың айырмашылығы неде?
• Құрама оператор деп қандай операторды айтамыз?
• Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не?

Үйге тапсырма:

Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.



© 2010-2022