Урок по информатике для казахской школы на тему: Массив (жиым) 9 классс

Пәні: Информатика                                          Сыныбы: 9 ә сынып Күні:19.02.2014 Пән мұғалімі: Ешкеева А.А. Сабақтың тақырыбы:  Массив (жиым) Сабақтың мақсаты: А) білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында жиым көмегімен берілген есептерді шығаруды, есептерге программа жазуды үйрету. Б) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру С) тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдіптілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін-өзі сенімді болуға баулу. Оқушы білуі қажет:            Массивке берілген есептерге программа жазуды. Оқушы меңгерукерек: Массивтің көмегімен есептерді шығару, программа жазу Сабақтың түрі: жаңа сабақ Қолданылатын технология:  Дамыта оқыту технологиясы                            Оқыту әдіс-тәсілдер:                     Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: компьютер, проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі А)Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу Г)Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау «Кубизм»  әдісі 1        қыры: Құрылымдық типтерді ата. 2        қыры: Программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды қалай атайды. ІІІ. Жаңа сабақ мазмұныПаскаль тілінде деректер типі қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым  типтерге келесілер жатады: стандарты, саналмалы деректер типі, шектелген деректер типі, күрделілерге: массивтер (жиымдар), файлдар, жазулар, жиындар жатады. Математикада, экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі мыс: кесте, фамилиялар тізімі,  сандар тізбегі кеңінен қолданылады. Бір типті  деректер  жиынын өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі. Бір типті индексті айнымалылар жиынтығын массив деп атайды. Нақты сандар жиынын мыс: 1.6,14.9,-5.0,8.5,0.46      массив деп есептеп оны бір атпен мыс: А деп белгілейік. Массивтің   әр әлементі  индексті массив атымен белгіленеді.            Ереже бойынша математикада индекс де дөңгелек жақшаға  не массив атынан бірнеше төмен беріліп жазылады. Мысалы: А(1), А(2), А)3), А(4), А(5)  немесе А1, А2, А3, А4, А5 немесежалпы  түрде {Ai}, мұнда   i=1,2,3,…,n.            Ал Паскаль  тілінде  индекс квадрат жақшаға алынып жазылады. Қарастырылған мысал үшін,  массив элементтері A[1]=1.6, A[2]=14.9, A[3]=-5.0, A[4]=8.5, A[5]=0.46. Егер бағдарламада массив қолданылса, онда ол VAR айнымалылар бөлімінде, не TYPE типтер бөлімінде сипатталады. Алдымен массивтің айнымалылар  бөлімінде сипатталуын қарастырайық. Сипатталу  түрі: VAR_массив аты:ARRAY[t1] OF_t2; Мұндағы ARRAY (массив), OF (одан)- қызмет сөздері. t1-REAL және INTEGER  стандарт типтерінен басқа , кез келген қарапайым тип болатын тип индексі. t2-Паскаль тілінде  мүмкін болатын  массив  элементтердің типі. Келесі мысал үшін  массив мынадай түрде сипатталады: VAR А:ARRAY[1..5] OF   REAL; Мұндағы  А- элементтері базалық тип REAL болатын  массив аты. Индекс типі 1 ден 5-ке дейін шектелген. Мысал1. 15 бүтін санның  қосындысын  есепте. Сандарды белгілеу үшін элемент индекстері I болатын  массив атын Х  деп  белгілейік. Сонда Sum= X[1]+X[2]+…+X[15]. VAR X:ARRAY[1..15] OF INTEGER;    . . .  SUM:=0; FOR I:=1 TO 15 DO      BEGIN             READ(X[I]);         SUM:=SUM+X[I];     END; Цикл ішінде X[I]  массивтің бір элементі енгізіліп, ол ағымдағы қосынды мәніне  қосылады. Цикл 15 рет қайталанады. Массив элементтері  INTEGER бүтін болады, ал индекс- шектелген тип 1..15. Паскаль  тілінде массивті сипаттаудың VAR айнымалылар бөлімінен басқа, TYPE типтер бөлімі бар. Алдыменен, TYPE типтерді сипаттау бөлімінде  массив типі көрсетіледі. Сосын VAR айнымалылар бөлімінде  сол типке жататын  массивтер жазылады. Жалпы жазылу түрі: TYPE_массив аты =ARRAY[t1] of _t2 VAR_массив аты: тип аты; Мұнда t1- индекс типі; t2- массив элементінің базалық типі.             Мысалы, бағдарламада 10 элементтен  тұратын Х массиві  берілсін. Массив типін  MAS  атымен атымен белгілейік. Сонда массивті келесі түрде сипаттаймыз: TYPE  MAS =ARRAY[1..10] of real; VAR X: MAS;            Егер бағдарламада  бірнеше массив X, A, B, C бір тип MAS болса, онда тек айнымалыларды сипаттау бөлімі ғана өзгереді. VAR X,А, В, С: MAS; Осы уақытқа дейін  біз әр элементі бір индекстен тұратын массивті қарастырған болатынбыз. Мұндай массивтер бір өлшемді массивтер деп аталады. Математикада көбіне көп өлшемді массивтер  яғни массивтердің массиві қолданылады.Әсіресе кең тарағаны екі өлшемді массивтер, оларды матрицалар деп атайды. ІV. Жаңа материалды бекіту: V. Сабақты қорытындылау. VI. Үй тапсырмасы Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер бойынша дайындалу Элемент саны 15 тең массив берілген. Массивтегі ең үлкен және ең кіші элементтердің орындарын ауыстыру.
Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 9 ә сынып

Күні:19.02.2014

Пән мұғалімі: Ешкеева А.А.

Сабақтың тақырыбы: Массив (жиым)

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: оқушыларға Паскаль программалау ортасында жиым көмегімен берілген есептерді шығаруды, есептерге программа жазуды үйрету.

Б) дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру

С) тәрбиелік: Оқушыларды ізденуге, әдіптілікке, мақсатшылдыққа тәрбиелеу. Мұқияттылыққа, өзін-өзі сенімді болуға баулу.

Оқушы білуі қажет: Массивке берілген есептерге программа жазуды.

Оқушы меңгерукерек: Массивтің көмегімен есептерді шығару, программа жазу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын технология: Дамыта оқыту технологиясы

Оқыту әдіс-тәсілдер: Түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, миға шабуыл әдісі, проблемалық жағдай туғызу, ой қорыту, тұжырым жасау, дәлелдеу

Қолданылатын техникалық құралдар, көрнекілік: компьютер,

проектор, слайд, тақта, кітаптар, таратпалар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

А)Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейпі мен заттарының орнында болуын қадағалау

Б) Оқушыларды түгендеп, журналға белгі соғу

Г)Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру

ІІ. Қызығушылықты ояту. Өткен материалдарға шолу жасау

«Кубизм» әдісі

  1. қыры: Құрылымдық типтерді ата.

  2. қыры: Программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды қалай атайды.

ІІІ. Жаңа сабақ мазмұныПаскаль тілінде деректер типі қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типтерге келесілер жатады: стандарты, саналмалы деректер типі, шектелген деректер типі, күрделілерге: массивтер (жиымдар), файлдар, жазулар, жиындар жатады.

Математикада, экономикада деректердің жинақталған түрлері жиі кездеседі мыс: кесте, фамилиялар тізімі, сандар тізбегі кеңінен қолданылады. Бір типті деректер жиынын өңдеу үшін массив ұғымы енгізіледі.

Бір типті индексті айнымалылар жиынтығын массив деп атайды. Нақты сандар жиынын мыс: 1.6,14.9,-5.0,8.5,0.46 массив деп есептеп оны бір атпен мыс: А деп белгілейік. Массивтің әр әлементі индексті массив атымен белгіленеді.

Ереже бойынша математикада индекс де дөңгелек жақшаға не массив атынан бірнеше төмен беріліп жазылады. Мысалы: А(1), А(2), А)3), А(4), А(5) немесе А1, А2, А3, А4, А5 немесежалпы түрде {Ai}, мұнда i=1,2,3,…,n.

Ал Паскаль тілінде индекс квадрат жақшаға алынып жазылады. Қарастырылған мысал үшін, массив элементтері A[1]=1.6, A[2]=14.9, A[3]=-5.0, A[4]=8.5, A[5]=0.46.

Егер бағдарламада массив қолданылса, онда ол VAR айнымалылар бөлімінде, не TYPE типтер бөлімінде сипатталады. Алдымен массивтің айнымалылар бөлімінде сипатталуын қарастырайық. Сипатталу түрі:

VAR_массив аты:ARRAY[t1] OF_t2;

Мұндағы ARRAY (массив), OF (одан)- қызмет сөздері. t1-REAL және INTEGER стандарт типтерінен басқа , кез келген қарапайым тип болатын тип индексі. t2-Паскаль тілінде мүмкін болатын массив элементтердің типі.

Келесі мысал үшін массив мынадай түрде сипатталады:

VAR А:ARRAY[1..5] OF REAL;

Мұндағы А- элементтері базалық тип REAL болатын массив аты. Индекс типі 1 ден 5-ке дейін шектелген.

Мысал1.

15 бүтін санның қосындысын есепте. Сандарды белгілеу үшін элемент индекстері I болатын массив атын Х деп белгілейік. Сонда

Sum= X[1]+X[2]+…+X[15].

VAR X:ARRAY[1..15] OF INTEGER;

. . .

SUM:=0;

FOR I:=1 TO 15 DO

BEGIN

READ(X[I]);

SUM:=SUM+X[I]; END;

Цикл ішінде X[I] массивтің бір элементі енгізіліп, ол ағымдағы қосынды мәніне қосылады. Цикл 15 рет қайталанады. Массив элементтері INTEGER бүтін болады, ал индекс- шектелген тип 1..15.

Паскаль тілінде массивті сипаттаудың VAR айнымалылар бөлімінен басқа, TYPE типтер бөлімі бар. Алдыменен, TYPE типтерді сипаттау бөлімінде массив типі көрсетіледі. Сосын VAR айнымалылар бөлімінде сол типке жататын массивтер жазылады.

Жалпы жазылу түрі:

TYPE_массив аты =ARRAY[t1] of _t2

VAR_массив аты: тип аты;

Мұнда t1- индекс типі; t2- массив элементінің базалық типі.

Мысалы, бағдарламада 10 элементтен тұратын Х массиві берілсін. Массив типін MAS атымен атымен белгілейік. Сонда массивті келесі түрде сипаттаймыз:

TYPE MAS =ARRAY[1..10] of real;

VAR X: MAS;

Егер бағдарламада бірнеше массив X, A, B, C бір тип MAS болса, онда тек айнымалыларды сипаттау бөлімі ғана өзгереді.

VAR X,А, В, С: MAS;

Осы уақытқа дейін біз әр элементі бір индекстен тұратын массивті қарастырған болатынбыз. Мұндай массивтер бір өлшемді массивтер деп аталады. Математикада көбіне көп өлшемді массивтер яғни массивтердің массиві қолданылады.Әсіресе кең тарағаны екі өлшемді массивтер, оларды матрицалар деп атайды.

ІV. Жаңа материалды бекіту:

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы

  • Бір өлшемді және көп өлшемді массивтер бойынша дайындалу

  • Элемент саны 15 тең массив берілген. Массивтегі ең үлкен және ең кіші элементтердің орындарын ауыстыру.



© 2010-2022