ШӘКӘРІМ «ЕҢЛІК-КЕБЕК» ПОЭМАСЫ. 10 сыныптарға арналған әдебиет пәнінен сабақ жоспары

Мақсаты:  Поэманың сюжеттік мазмұнына сүйене отырып тақырыбын, идеясын ашады, композициялық құрылымын, көркемдігін таниды. Ақын мұраты мен ақындық шеберлігін пайымдайды. Міндеттері: Білімділік:  Поэманың тақырыбын, идеясын ашады. Композициялық құрылымын, мәні мен маңызын танып біледі. Дамытушылық:  Оқиғаны жүйелі баяндай білу, ойын еркін жеткізу машықтары жетіледі. Шығарма құрылымына, тіліне талдау жасау арқылы іскерлік дағдылары артады. Тәрбиелік: Дүниетанымдары , ұлттық құндылықтарды тану, құрметтей білу көзқарастары жетіледі. Шешім қабылдау әрекеттері дамиды, өзін-өзі бағалайды. Көрнекіліктер: Ақын портреті, шығармалар жинағы, фото-суреттер, цитаттар. Слайд және интерактивті тақтаны қолдану. Пәнаралық байланыс:  Әдебиет теориясы, тарих, география.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШӘКӘРІМ «ЕҢЛІК-КЕБЕК» ПОЭМАСЫШӘКӘРІМ «ЕҢЛІК-КЕБЕК» ПОЭМАСЫ. 10 сыныптарға арналған әдебиет пәнінен сабақ жоспары.



А.О. Жакупова,

№23 орта мектеп, Семей қаласы

Мақсаты: Поэманың сюжеттік мазмұнына сүйене отырып тақырыбын, идеясын ашады, композициялық құрылымын, көркемдігін таниды. Ақын мұраты мен ақындық шеберлігін пайымдайды.

Міндеттері:

Білімділік: Поэманың тақырыбын, идеясын ашады. Композициялық құрылымын, мәні мен маңызын танып біледі.

Дамытушылық: Оқиғаны жүйелі баяндай білу, ойын еркін жеткізу машықтары жетіледі. Шығарма құрылымына, тіліне талдау жасау арқылы іскерлік дағдылары артады.

Тәрбиелік: Дүниетанымдары , ұлттық құндылықтарды тану, құрметтей білу көзқарастары жетіледі. Шешім қабылдау әрекеттері дамиды, өзін-өзі бағалайды.

Көрнекіліктер: Ақын портреті, шығармалар жинағы, фото-суреттер, цитаттар. Слайд және интерактивті тақтаны қолдану.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет теориясы, тарих, география.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ой қозғау (эвокация)

Экранда тақырып слайдының ашылуы

1.Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау: Еңлік-Кебек поэмасы

Поэма-қандай жанр?

Поэма- өлеңді повесть. Көлемді, желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттелген шығарма. Поэма оқиғасы тарихтың қай кезеңін еске түсіреді?

Ақын толғауы

«Абай жолы». Ұстаз Абайдың «Еңлік-Кебек» мұңын айтып беруі.

Шәкәрім ақындығы

Әдеби-теориялық анықтаманы еске түсіреді. Өмірде болған күрделі құбылыс, оқиғалар, адам тағдырлары. Оқушылар өз білгендерін тарихпен байланыстырып, еске түсіреді «Ақтабан шұбырынды...»

2. Ойды іске асыру (реализация)

Экранда






Сюжеттік жоспарға сүйене отырып шығарманың идеялық мәнін, тақырыбын ашу. Сюжеттік жоспар:

1. Ақын толғауы.

  1. 1723 ж. «Ақтабан шұбырынды...»

  2. Шыңғыстау жеріне Тобықты елінің келіп қоныстануы (1780ж.) Билері-Кеңгірбай,Көбей,

  3. «Еңлік-Кебек» әңгімесі.

  4. Жуантаяқ-Тоқтамыс, Кебек батыр.

  5. Бақсы, балгер Нысан, абыз (Қорқыт күйлерін орындаушы)

  6. Аңға шығу.

  7. Еңлік пен Кебектің кездесуі. Махаббат.

  8. Еңліктің шері.

  9. Кебектің сыны.

  10. Уәделесу, серттесу.

  11. Құдай қосқан іс.

  12. Еңлік пен Кебектің қашып кетуі. «Орда» тауын паналау.

  13. Рулық тартыс (Матай-Еңлік, Тобықты-Кебек)

  14. Барымта (Қыз құнына екі жылқы алып кету)

  15. Билер шешімі (Шариғат. Өлім жазасы).

  16. Қос ғашық. Нәресте.

  17. Ақшоқы басындағы кеңес. (Қолға түсіру)

  18. Үш тілек.

  19. Қайғылы қызы.

  20. Насихат.



Оқушылар сюжеттік жоспарға сүйене отырып, әр бөлік бойынша шығарманың мазмұнын баяндайды.



Шығарманың композициялық құрылымына тоқталады

  1. Басталуы.

  2. Байланысы.

  3. Дамуы.

  4. Шиеленісі.

  5. Шарықтау шегі

  6. Шешімі.



3. Қорытындылау (рефлекция)

Пысықтау сұрақтары:

  1. Поэмадағы өзекті ой?

  2. Ақын көтерген әлеуметтік мәселелер?

  3. Поэма тілі, ақынның суреткерлік шеберлігіне тоқтал.

  4. «Қалқаман-Мамыр» поэмасымен салыстыр.

Оқушылар сұрақтарға өз пікірлерін ауызша білдіреді.

-Жастардың бас еркіндігінің жоқтығы

-Ел ынтымағы, бірлігі мәселелері, жан дауы, мал дауы.

-Халық нақылдарын қолдану

-Көркемдік тәсілдерге мысал келтіру

-Портрет

-Мінездеме

Бекіту: Шәкәрім неге қайта оралған есім? «Алмас қылыш жатпайды қын түбінде...» Ақын мұрасы 1988 жылы сәуірде ақталды.

Зерттеулерге шолу жасату. Оқушы ізденістері.

«Шәкәрім-өз өмірін өзі жазып кеткен адам» Қ. Мұқаметханов.

Үйге тапсырма: Шәкәрім прозасы: «Әділ-Мария» шығармасын оқып, сюжеттік жоспар құру, талдау жасау.



© 2010-2022