Объект және жүйе (7 сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: информатика

Сабақ тақырыбы: Объект және жүйе.

Сыныбы: 7ә

Сабақтың мақсаты

Білімділігі: «объект», «жүйе» ұғымдарын меңгерту,объекті түрлерін ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін өзектендіру, зерттей білу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: кестемен жұмыс, баяндау, сұрақ- жауап, электронды оқулықпен жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақ үрдісіне жұмылдыру. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау

Үй тапсырысын тексеру. (өткен тақырыпты қайталау)сұрақ-жауап, электронды оқулық.

  1. ОЖ дегеніміз не?

  2. ОЖ маңыздылығы?

  3. Адаммен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі?

  4. ОЖ түрлері?

  5. Windows ОЖ-сің қандай компания шығарады?

  6. Microsoft компаниясының президенті кім?

  7. Электронды оқулық бойынша оқушылардың тақтамен жұмысы.

Жаңа сабақ.

Біз өмір сүріп жатқан ортада бізді көптеген объектілер қоршап жатыр. Философияда объекті деп кез-келген нәрсені,затты дәлірек айтқанда сыртқы дүниенің материалдық бір бөлігін айтады. Ол мәлімет түрінде берілуі мүмкін. Информатикада ол біз анализ жасау мақсатында атау берген -зат, жүйе,процесс, құбылыс, оқиға, факт.

Объект біздің танымдық әрекетіміз бағытталған - зат, құбылыс,процесс. Әрбір заттың өзінің қалпы болады және ол белгілі бір материалдан жасалады.Бұл материалды объектілер.


Интерактивті тақтамен жұмыс.

Объект және жүйе (7 сынып)Объект және жүйе (7 сынып)

Объект және жүйе (7 сынып)Объект және жүйе (7 сынып)

Объект аты- бұл бір объектіні екінші объектіден ажыратудың негізгі

сипаттамасы.

Жүйе деп бірнеше реттелген элементтерден тұратын тұтастықты айтамыз. Жүйе элементтерінің арасында байланыс болады.

Күрделі объект -жүйе деп аталады. Ал күрделі объектінің бөлшектері жүйе элементтері деп аталады.

Жаңа сабақты бекіту.

Компьютерде тапсырма орындау.

  1. Объектілерді сипатта.

    Объект аты

    Объект түрі

    Объект сипаттамасы

    Үстел

    Кітап

    Жаңбыр

    Сабақ

    Президент сайлауы


  2. Төменде берілген объектілерді бір сөзбен жаз.

  1. Монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік қорап -

  2. Қайың ,көктерек, жөке, үйеңкі -

  3. Картоп, пияз, қияр , қызанақ -

  4. Көйлек , пиджак, сарафан, шалбар-

  5. қасқыр,аю,түлкі, бұғы -

  6. сиыр, мысық, ит, ат -

  7. Информатика, тарих, биология, физика -

  8. Программа, папка, файл, құрылғы-

  1. Төмендегі сурет бойынша жүйе элементтерін жаз.

Объект және жүйе (7 сынып)

Қорытынды.

  1. Жүйе дегеніміз не?

  2. Объект дегеніміз не?

  3. Объектінің түрлерін ата.

  4. Жүйе мен объектті қалай ажыратамыз?

  5. Объекті мен жүйеге мысал келтір.

Үйге тапсырмасы : Объект және жүйе. Отбасы жүйесін құру.

Бағалау.







© 2010-2022