Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7 «А»

Күні: 11.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Мақсаты:

Білімділік: Inkscape векторлық графикасының редакторында фигураларды салып үйрену.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін,ой-өрісін,шапшаң ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың жан-жақты болуға,жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану,барысында жүйелікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,дәптер,интерактивті тақта,стикерлер,плакаттар,т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Өткен тақырыпты қайталау

3.Жаңа сабақты баяндау

4.Бағалау

5.Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу;

Оқушыларды түгендеу.

Өткен тақырыпты қайталау

1.Графикалық файлдың пішімі дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Растрлық пішімге мысалдар келтіріңдер

3.Суреттер қандай шімімде жиі сақталады?

4.RLE сығымдар әдісін сипаттаңдар

5.Кескіңдерді сығымдаудың әдісін ұсыныңдар.

Жаңа сабақты баяндау

Inkscape-тегін таратылатын,ашық коды бар векторлық графиканы өңдеу редакторы. Inkscape басқа тегін графикалық редакторлар сияқты,баяу жұмыс істейді,себебі ол компьютер ресурстарының талап етіледі.Дегенмен,осы редакторда сайттың батырмасынан бастап,баннелерге,визиткадан кітаптаң суреттеріне дейінгі әртүрлі кескіндерді жасауға болады.

Inkscape редакторының интерфейсі

Редактор терезесі 9 элементтен тұрады.Интерфейстің параметрлері-тіл,құралдар батырмаларының өлшемдерін және т.б. баптау Файл- Inkscape баптау-Интерфейс бұйрығымен орындалады.Өзгертулерді көру үшін редакторды жүктеу керек.

Элементтердің көрінуі Түр (көрсету немесе жасыру) мәзірін баптау арқылы іске асырылады.

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

3.Құралдар панелі;

4.Таңбалау элементтері:сызғыш,тор,бағыттауыштар;

5.Жұмыс аймағы-кенеп (холст);

6.Бұйрықтар панелі;

7.Жабысу параметрлерінің панелі;

8.Түстер үлгілері-бояу палитрасы;

9.Қалып-күй жолы (Строка состояния)

Құжаттарды жасау мен сақтау

Құжатты Файл-Құру бұйрығы арқылы орындауға болады.

Одан басқа файлдағы кескіндерді Inkscape ашық құжатына импорттауға болады.Inkscape әр құжатқа жеке терезе ашады.

Түйін:

-Векторлық суреттер нысандардан тұрады.

-Inkscape редакторында құжаттар қасиеттерін баптауды Файл-Құжаттың қасиеттері бұйрығымен шақырылатын сұхбатта орындауға болады.

-Терезе элементтерін Түр мәзірінен Көрсету немесе жасыру бұйрығымен көрсетуге немесе жасыруға болады.

-Бағыттауыштар мен тор нысандарды дәл жайғастыру үшін қызмет етеді.

-Құралдар параметрлері панелінде құралдар параметрлерінің нақты мәнін орнату ыңғайлы.

Өзіңді тексер!

1.Inkscape редакторында файлдардың стандарты пішімін көрсетіңдер:

А) Inkscape SVG

В) қарапайым SVG

C) PNG

D)JPG

2.Құралдарды дәл баптау үшін .... пайдаланылады.

А) Жабысу параметрлер панелі

В) Құрал парамертлер

С) Түр мәзірі

D) Нысан мәзірі

3.Орындалған іс-әрекеттер тізімін келесі бұйрықтар арқылы орындауға болады:

А) Түзету(Правка)-Болдырмау(Отменить)

В) Түзету(Правка)-Қайтару(Вернуть)

С) Түзету(Правка)-Іс-әрекеттер тарихы(История действий)

D) Түр(Вид)-Бейне(Отображение)

4.Қандай бұйрық «Құйып бояу мен жиектеу» сұхбатын ашады?

А) Түзету-Құйып бояу мен жиектеу

В) Файл-Құйып бояу мен жиектеу

С) Нысан-Құйып бояу мен жиектеу

D) Контур-Құйып бояу мен жиектеу

5.Палитрадан жиектеу түсін таңдау кезінде,қандай батырманы ұстап тұру керек?

А) Alt

B) Ctrl

C) Shift

D) CapsLock

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Inkscape редакторының терезесі

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Жиырылған сұхбаты бар программа терезесі

Сабақтың тақырыбы: Inkscape векторлық графикасының редакторы

Ашық сұхбаты бар программа терезесі

Бағалау.

Үйге тапсырма.

© 2010-2022