Еxcel - де формулалар енгізу

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 16.09.2015 ж Сыныбы 6 «Б» Бекітемін:________

Сабақтың тақырыбы: Еxcel - де. формулалар енгізу
Сабақтың мақсаты: Microsoft Еxcel - де формулалар енгізу, формулаларды көшіруді ұяшықтағы мәліметтердің орнын ауыстыруды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, тақта


Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.


Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Формулалар - жұмыс парағындағы мәндер бойынша есептеулерді орындайтын теңдеулер. Формула әрқашанда теңдік белгісімен басталады (=).
Қарапайым формуланы тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы жасауға болады. Мысалы, =5+2*3 формуласы екі санды көбейтіп, шыққан нәтижеге санды қосады. Microsoft Office Excel бағдарламасы математикалық амалдардың стандартты ретін орындайды. Алдыңғы мысалда көбейту амалы (2*3) бірінші орындалады, шыққан нәтижеге 5 саны қосылады.
Сондай - ақ, формула жасау үшін, функцияны пайдалануға болады. Мысалы, =SUM(A1: A2) және SUM(A1, A2) формулалардың екеуі де, A1 мен A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосу үшін SUM функциясын пайдаланады. Электронды кестеде (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Стандартты құрал - саймандар тақтасындағы Автоқосынды (Автосумма) батырмасын пайдалануға болады.
Жасалатын формуланың түріне байланысты формула төмендегі бөліктердің кез келгенін немесе барлығын қамтуы мүмкін.

1. Функциялар. Функция, мысалы, PI(), (=) теңдік белгісімен басталады. Көптеген функцияларда, мысалы, SUM(), аргументтерді жақшаның ішіне енгізуге болады. Әрбір функцияда нақты аргумент синтаксисі болады. Кейбір аргументтер нақты бір аргументті қажет етеді, кейбіреулері бірнешеуін қажет етеді немесе оған рұқсат етеді (яғни, кейбір аргументтер міндетті емес болуы мүмкін), ал кейбір функциялар ешбір аргументке рұқсат етпейді - мысалы, PI().
2. Ұяшық сілтемелері. Формулаға ұяшық сілтемелерін енгізіп, жұмыс парағы ұяшықтарындағы деректерге сілтеме жасауға болады. Мысалы, A2 ұяшық сілтемесі сол ұяшықтың мәнін береді немесе есептеудегі мәнді пайдаланады.
3. Тұрақты мәндер. Сандар (2 сияқты) немесе мәтін мәндер сияқты тұрақ мәндерді де, тікелей формулаға енгізуге болады.
4. Амалдағыштар. Амалдағыштар - формуланың орындалуын қажет ететін есептеу түрін көрсету үшін пайдаланылатын таңбалар. Мысалы, ^ (екпін дәйегінің) амалдағышы санның дәрежесін шығарады, ал *(жұлдызша) амалдағышы көбейтеді.
Тұрақты мәндер мен есептеу амалдағыштарын пайдалану арқылы қарапайым формула жасау
1. Формуланы енгізу үшін, ұяшықты таңдаймыз.
2. Теңдік белгісін (=) енгіземіз.
3. Формуланы енгізу үшін, төмендегі әрекеттердің бірін орындаймыз:
Пайдаланылатын тұрақты мәндер мен амалдағыштарды есептеуішке тереміз:

Формула мысалы Әрекеті
=5+2 5 санын 2 санына қосады
=5 - 2 5 санынан 2 санын алады
=5/2 5 санын 2 санына бөледі
=5*2 5 санын 2 санына көбейтеді
=5^2 5 және 2 сандарының дәрежесін шығарады

немесе формулада пайдаланылатын мәні бар ұяшықты таңдап, пайдаланылатын амалдағышты енгізіп, мәні бар басқа бір ұяшықты таңдаймыз:

Формула мысалы Әрекеті
=A1+A2 A1 және A2 ұяшықтарындағы мәндерді қосады
=A1 - A2 A2 ұяшығындағы мәнді A1 ұяшығындағы мәннен алады
=A1/A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығындағы мәнге бөледі
=A1*A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығындағы мәнге көбейтеді
=A1^A2 A1 ұяшығындағы мәнді A2 ұяшығында көрсетілген экспоненциалды мәнге шығарады


Ұяшыққа функцияларды енгізу үшін:
 Формула енгізетін ұяшықты белгілейміз.
 Функция менюіндегі Қою немесе батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функций) диалогтік терезесін шақырамыз.
 Функция шебері диалогтік терезесіндегі Категория өрісінде функцияның типін, содан кейін функция тізіміндегі Функцияны таңдаймыз.
 ОК батырмасын басамыз.

V. Сабақты бекіту.
1. Excel - дің қызметі қандай?
2. Excel ұяшықтарындағы мәліметтерді көшіру және орын ауыстыру әрекеттері қалай жүзеге асады?
3. Ұяшыққа функцияларды енгізу қалай орындалады?
VІ. Үйге тапсырма беру. Формуланы енгізу және көшіру.


Күні: 23.09.2015 ж Сыныбы 6 «Ә», «Б» Бекітемін:________


Сабақтың тақырыбы: MS Excel - де диаграмма құру
Сабақтың мақсаты: MS Excel - де диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту;
Тәрбиелiгі: оқушыларды адмагершілікке, имандылыққа, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.


Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сабақ
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграмма - бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.

Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады.

Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады.
Диаграмма құрудың екінші қадамы - мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.

Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т. б. әрекеттер орындауға болады.
Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.
Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі - жеке бетке орналастыру, екіншісі - кесте тұрған бетке қатар орналастыру.
Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.

Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.


Тапсырма:
Информатика пәнінен тоқсандық бағаларының қорытындысын шығару.

Сыныбы Оқушы саны, бағалары

6 «А» 21
6 «Ә» 21
6 «Б» 18
9 «Ә» 19
9 «Б» 20

Сабақты бекіту. Тақырыпқа байланысты сұрақтар.

Үйге тапсырма. Диаграмма құру.









Күні: 30.09.2015 ж Сыныбы 6 «Б» Бекітемін:________

Сабақтың тақырыбы: Ұяшықтағы мәліметтерді түзету.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Microsoft Еxcel - де Жолдармен, бағаналармен, блоктармен операциялар орындау, орнын ауыстыруды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Комьпютер, тақта, оқулық


Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болғансоң да жүзеге асырылады.Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді.

Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін F 2 пернесін басу керек.

Егер ұяшықтармен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер, формулалар) жою керек болса оларды ерекшелеп алып, Delete пернесін басса болғаны. Бұрын енгізілген мәліметтерден блоктарды, ұяшықтарды тазалау үшін оларды ерекшелеп алып, Түзету →Тазалау (Правка→Очистить) командасын орындау керек. Excel-де өздігінен автоматты түрде толтырылатын функция бар, ол кейбір белгілі тізбектерді жылдам енгізе алады (апта күндері, ай, жыл мезгілдері т.б.). Мысалы, 1-ші торға «Дүйсенбі» сөзін енгізсек, келесі торға «Сейсенбі», одан кейінгісіне «Сәрсенбі» т.с.с. сөздер өздігінен енгізіледі, ай аттарыда «Қаңтар» енгізілсе «Ақпан», «Наурыз» т.с.с. болып шыға келеді.

IV. Тапсырмалар орындау.

1. Сервис менюінің Параметрлер командасын орындаңдар және оның Түзету (Правка) қосымша бетін ашыңыз;

2. Тышқан арқылы А4 ұяшығын екпінді етіп қойыңыз.

3. Бағыттауыш пернелер көмегімен теңбілторды А1 ұяшығына жеткізіңіз.

Сабақты бекіту сұрақтары.

1 Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін қандай амалды қолданамыз?

2. Ұяшықтар мен блоктардағы мәліметтерді (сандар, текстер, формулалар) қалай жоямыз?

3. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе қалай түзетеміз?

Үйге тапсырма беру. 21 оқып келу.











Күні: 07.10.2015 ж Сыныбы 6 «Б» Бекітемін:________

Сабақтың тақырыбы: Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Microsoft Еxcel - дегі пайдаланылатын сан форматтарымен, таблицадағы информацияны қорғауды үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Комьпютер, тақта, оқулық.


Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Excel-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап қойуға болады. Информацияны қорғап қою оны өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанға шейін сақталады.

Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:

1) өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады;

2) ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті енгізіледі.

Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен блоктарға ғана мәліметтер енгіземіз.

Белгілі тәсілдердің бірімен блокты ерекшелеп алайық. Содан кейін Формат→Ұяшық →Қорғау командасын орындап, шыққан сұқбат терезесіндегі Бекіту (Заблокировать) параметрін іске қосамыз немесе алып тастаймыз.

Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін:

Сервис→Қорғау→Парақты (кітапты) қорғау (Сервис→Защита→Защитить лист) командасын орындау қажет. Ал керісінше, қорғау қасиетін алып тастау үшін Сервис→Қорғау→Парақты (кітапты) қорғауды алу (Сервис→Защита→Снять защиту листа) командасы орындалады. Мысалдар:

1.Н4:J4 блогын ерекшелеп, оның қорғау қасиетін алып тастайық. Ол үшін Формат→Ұяшық →Қорғау командасын орындап, экранға шыққан Бекіту (Блокировка) терезесінің [x] белгісін алып тастаймыз.

2. Жұмыс парағын өзгертуден қорғау үшін: Сервис→Қорғау→Парақты қорғау →ОК командасын орындаймыз.

Осылардың нәтижесінде негізгі кестеміз толық күйде және қосалқы кестенің тақырыбы қорғалып тұрады.

Тапсырма.

Excel-де кесте құрып, өздерің туралы мәліметтерді енгізіңдер және соны қорғап қойыңдар.

Бекіту сұрақтары.

1 Мәліметтерді қорғау неше бөліктен тұрады?

2. Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін нестеу қажет?

3. Жұмыс парағын өзгертуден қорғау үшін қандай команданы орындаймыз?

Үйге тапсырма беру. Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау











Күні: 28.10.2015 ж Сыныбы 6 «Б» Бекітемін:________

Сабақтың тақырыбы: Кестені экранға және принтерге шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кестені экранға және принтерге шығаруды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың Microsoft Еxcel - де жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жан-жақты болуға тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Комьпютер, тақта, оқулық.


Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Excel- де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндіктер бар. Ол үшін Файл→Қарап шығу (Файл→Просмотр) меню командасын орындау немесе стандартты құрал аспаптар тақтасының алдын ала қарап шығу (Предварительный просмотр) батырмасын басу керек. Алдын ала қарап шығу функциясы кестені экранға шығарады, бірақ оны түзетуге мүмкіндік бермейді. Кестені түзету үшін қайтадан кәдімгі кесте тәртібіне көшу керек. Бірақ қарап шығу режимінде мынадай пайдалы операцияларды: парақ параметрлерін өзгерту, оның шетіндегі бос орындарды анықтап, кестені беттерге бөлу және қағазға басу істерін орындай аламыз. Сонымен бұл режимде жұмыс атқару үшін:

1. Стандартты аспаптар тақтасының алдын ала қарап шығу батырмасы арқылы алдын ала қарап шығу тәртібіне көшеміз.

2. Парақ (страница) батырмасын басып, параметрлер терезесінде кестені қағазға көлденең (альбом түрінде - альбомная) немесе тік (кітап түрінде - книжная) басатынымызды анықтап аламыз.

3. Параметрлер терезесіндегі өрістер (Поля) батырмасын басып, экраннан қағаз шетіндегі сызықпен бөлінген бос орындарды бағдарлаймыз.

4. Принтердің компьютерге қосылып, оның өзінің жеке ток көзіне қосылғанында қарап шығу керек.

Баспа (Печать) батырмасын басу қажет. Сонымен Excel-мен жұмыс сеанысын аяқтаймыз.

Тапсырма. Excel- де кестені қағазға шығармас бұрын, алдын ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Бекіту сұрақтары.

1. Excel- де кестені қағазға шығармас бұрын қандай амалдарды орындаймыз?

2. Алдын ала қарап шығу функциясы кестені экранға шығарады, бірақ нестеуге мүмкіндік бермейді.

3. Қарап шығу режимінде қандай операцияларды орындаймыз.

Үйге тапсырма беру. Кестені экранға және принтерге шығару



© 2010-2022