Глосарий по информатике Глосарий 9 класс

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Глоссарий 9 сынып

Айнымалы - программа орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамалар. Олар айнымалы идентификаторы арқылы белгіленеді.

Ақпарат (information ) - 1) таңбалар мен сигналдар түріне берілетін белгіні бір нысандар, құбылыстар немесе жан - жануарлар дүниесі туралы мағлұматтар; 2) есептеу техникасында - компьютерге енгізілетін, оның жадында сақталатын, қажет кезінде өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер жиыны.

Ақпараттық модель (information model) - 1) басқару жүйесінде автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналамының үдерісін параметрлік ұсыну; 2) мәліметтер моделі.

Алгоритм - нақты мәселені шешуге қажетті әрекеттердің формальданған тізбегі.

Алгоритмдеу - есепті шығару алгоритмін құрастыру үдерісі.

Алгоритмдік тіл - алгоритмдерді жазуға арналған символдар мен сол символдардан тұратын конструкцияларды құрастыру және түсіндіру ережелерінің жиыны.

Алфавит - программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиыны.

Альфа-тестілеу - меншікті қыметкерлерінің күшімен меншікті жабдықта оның дайындалушысымен орындалатын программаны тестілеу. Альфа - тестілеудің мақсаты - программа алгоритмі мен программалық кодтың қателіктерін жою.

Анимация - мультипликация әсерін жасайтын экрандағы нысандардың түрін, формасын, мөлшерін немесе өзара орналасуын өзгерту.

Амалдық жүйе (АЖ) - қужаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Аспаптар тақтасы - қапшықтар мен қосымшалардың терезелеріндегі басқару элементі. Батырмалары бар тақта болып табылады. Жиі пайдаланылатын бұйрықтарға қатынауды жеңілдетеді.

Аспаптық құралдар - оқытудың виртуалдық ортасында жаңа программаны жаңартумен немесе жасаумен байланысты міндетті атқаратын, ең аз дегенде мәтіндік редакторды, трансляторды, графикалық редакторы, жүктеуішті, сондай-ақ баптау программаларын қамтитын программалар жинағы.

Аспаптық программалық жасақтама (инструменталдық ПЖ ) - ЭЕМ- ге қажетті программаларды құруға немесе өзгеруге арналған программа пакеттері.

Бас мәзір - амалдық жүйенің қосымшалары мен қызметтік іс-әрекетіне тез қатынас құру үшін арналған Windows 95/98 амалдық жүйесінің Жұмыс үстелін басқарудың негізгі элементі. Іске қосу батырмасында шертіп шақырылады.

Безендіру - объективтік әлемнің заттары, үдерістері мен құбылыстары туралы студенттердің нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын бейнелі көрнекілік құрал. Безендіруге жататындар: фототүсірілімдер, суреттер, нобайлар, сызбалар, жоспарлар, карталар, сызбалар, графиктер, диаграммалар және т.б.

Бит - компьютердегі ақпаратты кодтау бірлігі (0 немесе 1, иә немесе жоқ дегенді білдіреді).

Блок-сызба - алгоритмнің құрылымын графикалық түрге бейнелеу. Мұндағы мәліметтерді өңдеудің әрбір кезеңі атқарылатын операцияға сәйкес әртүрлі геометриялық фигуралар (блоктар) түрінде көрсетіледі.

Бос оператор - ешқандай да әрекеттің орындалмайтынын көрсетеді, бірнеше жолды орындамай өткізіп жіберіп, блог соңына бірден көшетін кезде пайдаланылады.

Бұлтты технология - компьютер ресурстарына ғаламтор қолданушыға онлайн жағдайына деректерді өңдеу технологиясы.

Бұйрықтар - қандай мәліметтер қандай оперпцияға қатысатынын, олар қандай реттілікпен орындалатын және нәтиженің қай түрде шығарылатынын көрсетеді.

Бұйрықтық жол - пайдаланушыныңграфикалық интерфейсі жоқ амалдық жүйенің бұйрықтарын енгізу үшін қызмет ететін жол. Мысалы, МS-DOS жүйесі. «Шақыру» термині де жиі қолданылады. Егер тек бұйрықты ғана емес, қосымша параметрлерді де енгізу талап етілсе, онда бұйрықтық жол қолайлы болады. Графикалық амалдық жүйелер әдетте арнайы сұхбаттық терезеде немесе бұйрықтық жолдың қызметін орындайтын қосымша тақтада беріледі.

Бульдік операция - компьютерлікграфикада бульдік құралдарды пайдалана отырып нысанды өзгерту бульдік операциялар логикасына негізделген. Нәтижесінде нысандардың қиылысуынан, қосылуынан немесе бірігуінен үшінші нысан пайда болады.

Виртуал (латын тілінен алғанда virtualis) - белгілі бір жағдайларда мүмкін болатын, қолданылатын деген мағынаны білдіреді. Виртуалдық деп тиісті жағдайларда белгілі бір мақсат үшін нысандар, субъектілер, санат, қарым-қатынас, әрекеттер, еліктеудің көмегі арқылы міндетті немесе болуы мүмкін құбылыстарды айтамыз.

Виртуалды шындық - компьютерлік техниканың негізінде кеңістік - уақыттық континиумды адамның тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты, қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі.

Графикалық редактор - графикалық кескіндерді әзірлеу және/немесе редакциялауға арналған программа. Графикалық редактордың екі класын жеке қарастырады: растрлық редакторлар және векторлық редакторлар.

Драйвер - программалар мен қосымшалардың жабдықтармен, мысалы, бейнеадаптермен, өзара әрекетін басқаратын қосалқы программа.

Енгізу - шығарудың базалық жүйесі (BIOS, Basic Input - Output System) - әдетте компьютердің тұрақты жадына жазылған программалар тобы. BIOS программасы компьютердің бастапқы жүктелуін және кейбір стандарттық құрылғылармен өзара әрекетін басқаруға арналған.

Жағдаяттық міндет - шығармашылыққа жуық модельді таңдауды шешу үшін , талап етілетін түйінді білімдерді пайдаланып белгілі бір іс - әрекетті имитациялайтын модель.

Жиым (массив) - бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. Қасиеттері ұқсас болып келетін бір типтегі айнымалылардың реттелген жиыны.

Жүйелік программалық жасақтама - компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.

Жұмыс үстелі - дайындау элементінің қызметін орындайтын Windows нысаны. Нысандардың, бумалар мен қосымшалардың терезелерінің, сондай- ақ амалдық жүйенің басқа нысандары мен басқару элементтерінің таңбашаларын орналастыру үшін қызмет етеді.

Идентификатор - программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, процедураларды, файлдарды және тағы басқаларды белгілеп жазу; әріптерден, сандардан және астын сызу белгісінен құрастырылып, міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегі.

Интерпретация - программаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру үдерісі. Интерпретация үдерісі интерпретатордың басқаруымен тікелей программаны орындау кезінде болады.

Интерфейс - компьютерлік жүйені құраушылар мен қатысушыларының арасындағы өзара байланыс.

Кескін - қолданушының көзбен қабылдауына арналған ақпаратты ұсыну формасы.

Кесте - тік бағандар (графтар) мен горизонталь жолдарға ұйымдастырылған, өзіндік мағыналық тор құратын сөздік, сандық материал.

Компилятор - жоғары деңгейлі программалау тілінде жазылған программаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына тәржімалауды орындайтын қызметтік программа (транслятор).

Компиляция - жоғары деңгейлі программалау тілінде жазылған программаның бастапқы кодын процессордың машиналық кодына түрлендіру үдерісі. Компиляция үдерісі программаны атқарумен ешқандай байланысты емес. Ол жеке және тәуелсіз жүргізіледі. Компиляция нәтижесінде нысандық код - программалаушы пайдаланған, тек қажетті стандарттық процедуралар кітапханасынан қосылғаннан кейін ғана орындалатын кодқа (программаның жұмыс кодына ) айналатын «жартылай фабрикат» алынады. Бұл қосылуды басқа қызметтік программа - байланыстар редакторы орындайды.

Константалар (тұрақтылар) - программаның жұмыс істеу барысында өз мәнерін өзгертпейтін мәліметтер, яғни мәндері өзгеріссіз қалатын шамалар. Константаларға атау беруге немесе тікелей олардың өздерін пайдалануға болады.

Континиум ( лат.continum - үздіксіз), математикада - үздіксіз жиынтық, мысалы, түзу кесіндісінің барлық нүктелерінің немесе түзудің барлық нүктелерінің жиынтығы. Ол барлық нақты сандар жиынтығының эквиваленті болады.

Көрінерлік ету - мәліметтерді кескіндер түрінде көрсету үдерісі.

Көшірмелеу - нысанды көбейту операциясы. Орын ауыстырумен салыстырыңдар.

Қанатша - сұхбаттық терезені басқару элементі. Белгілі бір параметрді таңдау немесе бас тарту үшін қызмет етеді.

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар ( ҚПД ) дестелерінен тұратын программалық жасақтама бөлігі.

Құрақтама оператор- BEGIN және END операторлық жақшаларына алынған операторлар тізбегі. Программада олар бір оператор сияқты орындалады.

Мәзір - біреуі таңдалатын пункттер (әдетте бұйрықтар) жинағы болып табылатын басқару элементі.

Мәліметтер - сан мәндерін, мәтін ретіндегі сөз тіркестерін де мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар (константалар), айнымалылар, т.б. осылар тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері; белгілі бір үдеріс көмегімен тасымалдап, өңдеуге болатын, формальды түрде бейнеленген фактілер мен идеялар.

Мәлімет енгізу - бастапқы мәндерді пернетақтадан, дискілерден немесе енгізу-шығару порттарынан оқу арқылы атқарылады.

Модель - оқып-білетін нысанның сипаты мен іс-әрекетін имитациялауды қамтамасыз ететін программа немесе құрылғы.

Модификатор - нәтижесінде нысанның қасиеті өзгеретіндей, нысанға арналған іс- әрекет.

Модульдік программалау - программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі.

Монитор - ақпаратты экранда бейнелеу құрылғысы. Барлық компьютерлердің құрамында іс- жүзінде монитор немесе оның аналогі бар ( мысалы, проекциялық қондырғы).

Мультимедиалық оқулықтар - безендіру материалы мультимедиа ортасының көмегімен CD-ROM-да орындалған жоғары динамикалық оқулықтар. Мазмұны әдеттегідей, жанды дәрістер, кәсіби диктор дыбыстап және кинематографиялық құрастыру заңдарын сақтап, безендірілген әңгімелер түрінде ұсынылады.

Нақты параметрлер - ішкі программаны шақыру кезінде формальды параметрлердің орнына қойылатын айнымалылар,тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа нысандарды.

Нәтиже алу (шығару)- аралық немесе қорытынды мәліметтерді экранға, дискіге немесе енгізу-шығару порттарына жазу.

Нысан - мәліметтердің жеке элементтері үшін ортақ ұғым. Көбінесе жеке құжат немесе құжаттың бөлігі түрінде болады, мысалы, басқа құжатқа кірістіріле алатын бөлік.

Нысанға бағытталған программалау тілі - өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілі.

Оқытудың интерактивтілігі - білім алушының танымдық іс - әрекетін белсенді етудің және интерактивтік өзара әрекет негізінде дайындықтың тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі.

Оператор - программалау тілінің белгілі бір іс - әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар қарапайым сөйлемі.

Операциялар - берілген, есептелген мәндерді меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру істерін орындайды.

Өрнек - арифметикалық амалдардың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиыны. Өрнектердің есептелу барысында амалдардың орындалу реті жақшалардың көмегімен өзгертіледі.

Пайдаланушының интерфейсі - пайдаланушының жүйемен немесе желімен өзара әрекеттесу процедурасын анықтайтын интерфейс.

Пернетақта - компьютерге әріптік- сандық мәліметтердіенгізуге арналған стандарттық құрылғы.

Пиксель - экранның ажыратуын өлшейтін бірлік. Компьютер басқара алатын жеке жарқырайтын нүктеге, түске және жарықтылыққа сәйкес келеді. Ағылшын сөзі «pixe1» қысқартылған тіркес «picture ce11» (кескін элементі) болып табылады.

Программа - машинаға түсінікті түрде жазылған, яғни, компьютер қабылдап, оны орындай алатын түрде жазылған алгоритм. Программада берілген мәліметтердің сипаттамаларымен бірге оларды өңдейтін бұйрықтар болады.

Программа - бұйрықтардың реттелген тізбектілігі.

Программалау - хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты - аппаратты құрылғымен басқару.

Программаны баптау - дайын программадағы қателіктерді анықтау (тестілеу), іздеу (оңашалау) және жою үдерісі.

Программалық жасақтама - компьютермен жұмыс істеуде пайдаланатын программалық және ақпараттық ресурстардың (мәліметтердің) жиынтық атауы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.

Программа жүйесі - программалауды автоматтандыру құралдары. Олар программалау тілінен, осы тілдің трансляторынан, құжаттамаларынан және программаларды дайындау және орындау құралдарынан тұрады.

Программаны тестілеу - программада қарастырылған режімде де, қарастырылмаған режімдерде де жұмыс істейтін программаны жан-жақты тексеру. Коммерциялық программаларды дайындау үдерісінде альфа-тестілеу мен бета-тестілеуді айырып таниды.

Программалау тілдері - программаларды, ЭЕМ тікелей орындауға арналған алгоритмдерді жазу тәсілі.

Процедура - ішкі программаның алуан түрі. Әдеттегідей, стандарттық және жиі қайталанатын қандай да бір әрекеттерді атқару үшін бас программамен шақырылады.

Редакциялау - құжатқа өзгерістер енгізу (құжатты түзету).

Рендеринг - компьютерлік графика программаның көмегімен 3 D модельдің жазық кескінін алу үдерісі.

Семантика - тіл элементтерін пайдаланудың мағыналық ережелері.

Сипаттама - тіл нысандарын, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны.

Синтаксис - тіл элементтерін жазу ережелері.

Тапсырмалар тақтасы - Жұмыс үстелін басқару элементі.Windows 95/98 амалдық жүйелерінде бумалар мен қосымшалардың барлық ашық терезелеріне қатынас құруды қамтамасыз етеді.

Тип - мәліметтердің қабылдай алатын мәндерінің және оларға қолдануға болатын амалдардың жиыны, яғни,тип деген шамалардың қабылдайтын мәндерінде берілетін сипаттама.

Тексеру - тағайындалған талаптардың орындалғанын сараптама және объективтік дәлел ұсыну арқылы бекіту. Ескерту:Тексеру дегеніміз - жобалау және дайындау кезіндегі қойылған талаптарға оның сәйкестігін анықтау мақсатымен осы іс-әрекеттің нәтижесінде сараптама жүргізу үдерісін білдіреді. «Тексерілді» термині тиісті мәртебені белгілеу үшін пайдаланылады.

Текстура дегеніміз - материалды құрайтын бағдарлы элементтер.

Тест - берілген пән саласындағы білімінің деңгейін анықтау үшін білім алушыға берілетін арнайы тапсырма.

Транслятор - программаның бастапқы кодын процессорға түсінікті нысандық кодқа (машиналық кодқа) түрлендіруге арналған қызметтік программа. Трансляторлардың екі типі болады: компиляторлар мен интерпретаторлар.

Тінтуір (тышқан) - графикалық амалдық жүйелерде оңтайлы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, орынды анықтайтын құрылғы түрі.

Түйінді сөздер - бір-бірінен айыру белгілерімен бөлініп,программада алдын ала анықталған белгілі бір мағынасы бар сөз тіркестері. Паскаль тілінің түйінді сөздерін үш топқа бөлуге болады, олар: қордағы(резервтегі) сөздер, стандартты атаулар немесе идентификаторлар және бейстандарт идентификаторлар.

Түсті ажырату - экранда бір мезгілде жаңғыртылатын әр-түрлі түс реңктерінің максимал санын анықтайтын параметр. Нақты компьютердің мүмкіндіктерін бейнеадаптердің пайдаланылатын картасы және монитор анықтайды. Windows 95-ке қойылатын ең аз талап - 16 түрлі түс, Windows 98-ге - 256 түрлі түс.

Ұқсастырғыш - жоғары деңгейлі программалау тілінде жазылған программадағы айнымалыға қатынау үшін қабылданған оның белгісі (атауы).

Файл - амалдық жүйемен тіркелген, меншікті атауы бар байттардың тізбегі.

Файлдың ерекше белгілері - файлдың дискіге жазылатын қосымша сипаттамалары. Ерекше белгілер қатарына файлдың соңғы өзгерту уақыты мен айы-күні, файл жасырын болып саналатындығы және басқа параметрлер туралы белгі кіреді.

Фрейм (Frame) - мәліметтерді жеткізу жүйелерінде - желілік әрекеттестіктің арналық деңгейі арқылы берілетін ақпараттың (кадрдың) бөлігі.

Функция - ішкі программалардың алуан түрлілігі. Қандай да бір программалық айнымалылардың мәндерін есептеуді атқару үшін бас программаны шақырады. Есептеу стандартты немесе жиі қайталанатын сипат жағдайларында қолданылады. Есептеулердің аяқталуы бойынша басқару шақырушы программаға беріледі. Бір мезгілде шақырушы программаға беріледі. Бір мезгілде шақырушы программаға айнымалының ( айнымалылардың)есептелген мәні де беріледі (қайтарылады).

Цикл - белгілі бір шарт орындалса (кейде орындалмаса), көрсетілген бұйрықтар жиыны бірнеше рет қайталанып атқарылады немесе шарт көрсетілмей - ақ алдын ала олардың неше рет қайталанатыны бүтін санмен беріледі.

Циклдік оператор - аргументтердің әртүрлі мәндері бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға арналған операторлар тізбегі. Паскаль тілінде циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT.

Шартты оператор - тармақталу үдерістері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін пайдаланылатын оператор. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты атқарылады. Шарт ретінде логикалық өнердің мәні пайдаланылады. Паскальда екі шартты оператор бар, олар: IF және CASE.

Шартсыз көшу операторы - операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды белгісі бар операторға көшу ісін орындайды.

Ішкі программа - стандарттық немесе жиі қайталанатын операцияны орындайтын дербес программа. Бас (негізгі) программамен немесе деңгейі жоғарылау ішкі программамен шақырылады. Жұмыстың аяқталуы бойынша басқару қайтадан шақырылады, сол нүктеге қайтарады. Ішкі программаның құрамында процедура мен қызметті ажыратады. Ішкі программаның сипаттамасында ішкі программаны шақыру кезінде нақты параметрлермен алмастырылатын формальды айнымалыды пайдаланады. Нақты параметрлерді формальді параметрлердің орнына қоюды шақырушы программа орындайды.

Экранның ажыратуы - экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең үлкен мөлшерін анықтайтын параметр. Пиксельдермен өлшенеді. Экранның ажыратуы жанама түрде бір мезгілде ашыла алатын терезенің санын анықтайды. Мүмкін болатын мәндері пайдаланылатын бейнеадаптерден және монитордан тәуелді болады. Windows 95/98-де 640x480, 800x600, 1024x768, 1280х1024 және 1600х1200 стандарттық ажыратулар болып есептеледі. Кейбір жұмыс бекеттері ажыратудың айтарлықтай жоғары параметрлерін қамтамасыз етеді. Ажырату неғұрлым жоғары болса, бейнежадтың белгіленген мөлшерлерінде бейнеадаптер бейнелей алатын түстер саны соғұрлым аз болады.

Электрондық оқулық (Electronic textbook) - мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасында сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.

Электрондық тақта - бір желіге кіретін әртүрлі компьютерлерде бір мезгілде бірнеше пайдаланушыға графикалық немесе мәтіндік бейнемен операция жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік қосымша программа.


© 2010-2022