Тармақталу операторлары сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тармақталу операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық жұмыстар.

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілімен: Паскаль тілінің операторларын оқып білу және ағылшын тілінен аудару.

Көрнекілігі: ДК, Паскаль АВС, интерактивті тақта, смайликтер, себет.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Оқу-құралдарын тексеру

  4. Топқа бөлу.

«Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет.»

Ж.Баласағұн

1-топ. Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу

2-топ. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз

3-топ. Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.

II.Білу. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар:

  1. Санау жүйесі дегеніміз не? (Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері)

  2. Санау жүйесі қандай үлкен топтарға бөлінеді? ( позициялық, позициялық емес)

  3. Санау жүйесінің негізі дегеніміз не?

  4. Сандарды ондық санау жүйесіне қалай көшіреміз? (санды жаймалаған түрде (яғни разрядтарға жіктеп) жазып, оның мәнін есептеу жеткілікті)

  5. Сандарды ондық жүйеден екілік, сегіздік, он алтылық жүйелерге қалай көшіреміз? (ондық жүйедегі санды сол жүйенің негізіне бөлеміз)

  6. Екілік санау жүйесінде 1+1 неге тең? Сегіздік санау жүйесінде ше? (сәйкесінше 10 және 2)

  7. Пікір дегеніміз не? (Пікір деп ақиқат немес жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз)

  8. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді? (идеал пікірлерге қатысты ақиқат немесе жалған пікірлерді тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейді.

  9. Конъюнкция дегеніміз не? (Ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екуеуі де ақиқат болғанда ғана ақиқат мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал)Тармақталу операторлары сабақ жоспары

  10. Төмендегі суреттердің қайсысы қай логикалық амалға сәйкес келеді


    Тармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспары



  1. Паскаль бағдарламалау тілінде программаның басталғандығы мен аяқталғандығы қандай операторларға сәйкес келеді: begin, end.



  1. Программаның атын жазу үшін қандай оператор қолданылады? program



  1. Алгоритмдік тілде алгоритмнің басталғандығы мен аяқталғандығын қандай түйінді сөзбен көрсетіледі? басы, соңы



  1. Енгізу, шығару операторларын айт. read, readln, write, writeln



  1. Блок-схемада тіктөртбұрыш нені білдіреді?



  1. Блок-схемада эллипс нені білдіреді?

ІІІ.Түсіну. Жаңа сабақ.

Тармақталу операторы - шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Шарт ретінде логикалық қатынастар қолданылады. Логикалық қатынастар өрнегін жазу үшін мынадай қатынас белгілері қолданылады: <, >, =, <=, >=, <> (тең емес),AND (логикалық «және»), OR (логикалық «немесе»). Паскаль тілінде шартты көшу операторының 2 түрлі құрылымы бар.Тармақталу операторлары:

IF - ЕГЕР

THEN - ОНДА

ELSE- ӘЙТПЕСЕ

Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}

IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.

Қысқа оператордың жазылу түрі:

IF <шарттыөрнек> THEN <1 оператор> ;

басы

А, В

А>B

Y=A

Y= B

Y

соңы

Тармақталу операторлары сабақ жоспарыТармақталу операторлары сабақ жоспары

1-Мысал:Екі бүтін сан енгізіп,экранға

олардың үлкенін шығару.

алг ЕСҮ (арг нақ А,В, нәт нақ У)

басы

енгізу А,В иә жоқ

егер А>В

онда У:= А

әйтпесе У:=В

бітті

шығару У

соңы

PROGRAM ESEP1;

VAR A, B, Y:INTEGER;

BEGIN

READLN(A,B);

IF A>B THEN Y:=A ELSE Y:=B;

WRITELN('Y=',Y);

END.

2-Мысал:Функция берілген:

басы

X

X<=0

Y=Тармақталу операторлары сабақ жоспары

Y= X2

Y

соңы



X2 X<=0

Y=

Тармақталу операторлары сабақ жоспары X>0

алг ЕСҮ (арг нақ А,В, нәт нақ У)

басы

енгізу Х

егер X<=0Тармақталу операторлары сабақ жоспары

онда

әйтпесе Тармақталу операторлары сабақ жоспары

бітті

шығару У

соңы

PROGRAM ESEP2; жоқ иә

VAR X, Y:REAL;

BEGIN

READLN(X);

IF X<=0 THEN Y:=SQR(X) ELSE Y:=SQRT(X);

WRITELN('Y=',Y);

END.

IV. Қолдану. 3 топқа әр түрлі есептер беріледі. Есептердің программасын құрып алып компьютерге салып, нәтижесін алу.

І-топ Y=X2+50 X≤0Тармақталу операторлары сабақ жоспары

Тармақталу операторлары сабақ жоспары X>0

Паскаль тілінде программасын және блок-схемасын құрыңдар.

PROGRAM E1;

VAR X,Y:REAL;

BEGIN

READLN(X);

IF X<=0 THEN Y:=SQR(X)+50 ELSE Y:=SQRT(X)+4;

WRITELN('Y:=',Y);

END

ІІ-топ. Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программасын және блок-схемасын құрыңдар.

PROGRAM E2;
VAR A: REAL;
BEGIN
WRITE('VEDITE A');
READ(A);
IF A>=0 THEN WRITE('A ОН САН') ELSE WRITE('А ТЕРИС САН');
END.

ІІІ-топ. Екі сан А, В берілген. Егер А<В теңсіздігі орындалса, онда олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін басып шығарыңдар.

PROGRAM E3;
VAR A, B, Y: REAL;
BEGIN
READLN(A, B);
IF А<В THEN Y:=A+B ELSE Y:=A*B;
WRITELN('Y:=',Y);

END.

V. Жинақтау. 3 топқа бөлек-бөлек тапсырмалар беру.

1-топ. Тест.

  1. THEN қандай түйінді сөз?

А) егер

Ә) әйтпесе

Б) шейін

В) онда

  1. Программа қандай есепті шешетінін анықтаңдар?

readln(a, b);

if a>b then y:=b else y:=a

writeln ('y=',y);

А) екі санның үлкенін анықтау керек

Ә) екі санның еселі болуын анықтау керек

Б) екі санның кішісін анықтау керек

В) екі санның көбейтіндісін анықтау керек

  1. Программа қандай есепті шешетінін анықтаңдар?

readln(c, d);

if c

writeln ('y=',y);

А) екі санның үлкенін анықтау керек

Ә) екі санның еселі болуын анықтау керек

Б) екі санның кішісін анықтау керек

В) екі санның көбейтіндісін анықтау керек

  1. Тармақталған алгоритм операторларын көрсет.

А) FOR-TO-DO

Ә) IF-THEN-ELSE

Б) WRITELN

В) READLN

  1. Блок-схемада шарт қандай блокпен белгіленеді?

А) Ә)

Б) В)

2-топ. Сәйкестендіру.


Функция атауы

Әрекеті

1

if a>b then y:=b else y:=a

Тармақталған алгоритм операторлары

2

if c

Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтау

3

if a>=0 THEN write('a онсан') else write('а терис сан');

Шарттың орындалуына немесе орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

4

IF-THEN-ELSE

екі санның кішісін анықтау

5

Тармақталу операторы

екі санның үлкенін анықтау

3-топ. Келесі программаның ішіндегі қателерді табу.

PROGRAM ЕSEP1;

VAR X:Y:REAL;

BEGIN

READLN(X);

IF X<3 TO Y:=X+2 ELSE Y:=5*X;

WRITEN('Y=',Y);

END.

PROGRAM;

VARX,Y:REAL

BEGIN

READLN(X);

X<=0 THEN Y:=SQR(X)+50 IF Y:=SGRT(X)+4;

WRITELN('Y:=',Y);

END

VI. Рефлексия

• Бүгін мен білдім…

• Мен үйрендім…

• Қолымнан келді …

• Қиындық тудырды…

VIІ. Бағалау.

Тармақталу операторлары сабақ жоспары



VIІІ.Үйге тапсырма.

Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, "ыстық" сөзін, 25 градустан жоғары болса, "қалыпты" сөзін, ал 25 градустан төмен болса, "суық" сөзін экранға шығару керек.

PROGRAM H1;
VAR T:REAL;
BEGIN
READ(T);
IF T>=50 THEN WRITE(' ЫСТЫК ') ELSE
IF T>=25 THEN WRITE(' КАЛЫПТЫ ') ELSE WRITE('СУЫК ');
WRITELN('T=',T);
END.



© 2010-2022