Урок+презентация по информатике на тему Программалау тілі. Программа және оның құрылымы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 29.10.2015ж Сыныбы: 7 Пәні информатика

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілі. Программа және оның құрылымы

Сабақтың жалпы мақсаттары: Паскаль программалау тілінің программа құрылымы мен қарапайым операторлары және жазу ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Программа түсінігін бере отырып, интерпретатор, компилятор түсініктерін енгізу.

Оқыту нәтижелері Паскаль программалау тілінің программа құрылымы , қарапайым операторлары жазу ережесі туралы біледі. Программа бөлімдерінің атауларын, қызметші сөздерді біледі.

Оқушылар меңгеруі тиіс: Паскаль тілінің құрылымдарын ажырата алады, қарапайым программа құра алады.

Әдісі: іздендіру, проблемалық, практикалық, жұптық, жеке, топтық жұмыс.

Көрнекілігі ДК, презентация, интернет желісі, тест, дене жаттығулары (бейнеролик), электронды оқулық,
Сабақтың кезеңдері:

Ұйымдастыру

Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу. Бағалау парақшасын тарату. Бағалау әдісін түсіндіру. Әр тапсырманы орындап болған соң бір-бірін қолдарындағы бағалау таяқшасын көтереді. Әр баланың бағасын қосып, баға санына бөліп қорытынды бағасын қояды.

Үй тапсырмасын тексеру. Тест жауаптарын тақтадан көрсетіп, тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.

1. "Кім білімпаз?" ойыны (қалпақтың астындағы сұрақтарға жауап беру)

1. Алгоритмнің неше түрі бар?
2. Сызықтық алгоритм деген не?
3. Циклдік алгоритмнің қандай түрлері бар?

2. «Иә - жоқ» ойыны
(Сұраққа дұрыс болса «иә», дұрыс емес болса «жоқ» деп жауап бересіздер. Берілген жауап дұрыс болса «1», дұрыс емес болса «0» деген жауап шығады)
1. Алгоритмді жазудың 4 түрі бар. 1
2. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - циклдік алгоритм. 0
3. үшбұрыш фигурасы циклдік алгоритмде қолданылады. 0
4. Алгоритмнің шартқа байланысты орындалуын тармақталу алгоритмі дейміз. 1
5. ромб фигурасы тармақталу алгоритмінде қолданылады. 0

6. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер - циклдік алгоритмдер. 1

Жауабы: 1, 0, 0, 1, 0, 1.

ІІ. Мағынаны тану

1. Электронды оқулықтан «Паскаль», «Программа құрылымы», «Паскаль тілінің алфавиті» көрсету.

2. Слайд арқылы көрсету.

Pascal программасында жұмыс жасау үшін:
1) Мой компьютер - Локальный диск С: - ТР7 - Bin - turbo.exe ;
2) Ашылған көк терезеде программаны жазу;
3) Run - run немесе Alt+F4 командасын орындау;
4) Ашылған қара терезеде мәндер енгізіп, Enter басу;
5) Debug - Output командасымен есептің шешуін қарау.
6) File-Save командасымен есепті сақтау.
7) File-Exit командасымен программадан шығу.

Pascal программасында жұмыс жасау үшін:
1) Жұмыс үстелі - РАВС құжатты ашу - Pascal ABC ;
2) Ашылған ақ терезеде программаны жазу;
3) Құралдар тақтасындағы жасыл бағытшаны басу;
4) Терезенің төменгі жағына мәндер енгізіп, Enter басу;
5) Debug - Output командасымен есептің шешуін қарау.
6) File-Save командасымен есепті сақтау.
7) File-Exit командасымен программадан шығу.

3. Паскаль программасын ашып қарапайым бірінші программаны жасау.

Program sandu;

Begin

Write ('menin birinshi programmam');

End.

Енді компиляцияға жіберу үшін Ғ9 пернесін басу жеткілікті.

Сергіту сәті: Модельдеу. «Суретжұмбақ».

Берілген қиындылар бойынша сурет құрастыру.

ІІІ. Ой толғау.

1. Сәйкестендіру тесті. Жұпта жұмыс.

1. Паскаль тілі алгоритмді жазудың қай түріне жатады? (программалау)
2. a:= b+c өрнегін қандай алгоритм түріне салып шығарады? (сызықтық)
3. Программалауда енгізу, шығаруды қалай жазады? (readln, writeln)
4. Программалауда есептің басын және соңын қалай жазады? (Begin, end)

Сәйкестендір. Жаубын сан түрінде жаз.

1. Паскаль тілі алгоритмді жазудың қай түріне жатады? 1. (сызықтық)

2. a:= b+c өрнегін қандай алгоритм түріне салып шығарады? 2. (Begin, end)

3. Программалауда енгізу, шығаруды қалай жазады? 3. (программалау)

4. Программалауда есептің басын және соңын қалай жазады? 4. (readln, writeln)

Жауабы: 13, 21, 42, 34

2. Деңгейлік тапсырма. Компьютерде тәжірибелік жұмыс.

Оқулықтан 51 беттегі тәжірибелік жұмыстарды орындау.
Урок+презентация по информатике на тему Программалау тілі. Программа және оның құрылымы 46 беттегі 5-кестеге ұқсас кесте құрыңдар.

Үйге тапсырма § 8, 9 оқу. 52 беттегі тест жұмысы.

Бағалау. Бағаларды қосып 4 -ке бөліп қорытынды бағаны шығарамыз.

Бағалау парағы

Оқушының аты

Тест жауабы

Кім білімпаз?

«Ия-жоқ»

Сәйкестік тесті

Компьютердегі тапсырма

Қорытынды баға








Урок+презентация по информатике на тему Программалау тілі. Программа және оның құрылымы



Урок+презентация по информатике на тему Программалау тілі. Программа және оның құрылымы


Урок+презентация по информатике на тему Программалау тілі. Программа және оның құрылымы






І топ


Оқушының аты

Тест жауабы

Кім білімпаз?

«Ия-жоқ»

Сәйкестік тесті

Компьютердегі тапсырма

Қорытынды баға














ІІ топ

Оқушының аты

Тест жауабы

Кім білімпаз?

«Ия-жоқ»

Сәйкестік тесті

Компьютердегі тапсырма

Қорытынды баға









© 2010-2022