Күнделікті сабақ жоспары 5 сынып

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 - сабақ. 5 - сынып. Мерзімі____________

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты:Техника қауіпсіздігі ережелерінің маңызын жеткізе отырып, орындалуын қатаң талап ету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Дамытушылық: оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері : сөздік, көрнекі, практикалық.

Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, тест сұрақтары.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі

ІІІ. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі

IV. Жаңа үғымдарды қолдану кезеңі

V. Бақылау кезеңі.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі.

Компьютер түсінігі қауіпсіз жұмыспен тығыз байланысты.Ата-аналарың сендерге компьютер алдында ұзақ отыруға болмайтынын үнемі айтып отыратын шығар.

Қалай ойлайсыңдар компьтер алдында неге көп отыруға болмайды?

Компьютер жұмыс істеу ең алдымен көзге күш түсіреді. Компьютерлік программалармен айналысқанда сендер жұмыстың қызыңына түсіп кетесіңдер. Көздерңнің жыпылықтауы біртіндеп азая бастайды. Сондықтан көз жаспен аз ылғалданады. Ал бұл көздің көру қабіетінің нашарлауының бір себебі болып табылады.

Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай? Ол үшін мына талаптарды орындау керек:

  1. Мониторға дейінгі ара қашықтық 55-65 см-дан кем болмауы керек

  2. Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспауы керек.

  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.

  4. Экранның ортасына қарау керек.

  5. Жұмыс істеу үшін дәрігерлер кһзілдірік киюге кеңес берген оқушылар компьютер алдында міндетті түрде кһзілдірік киіп отыруы керек.

Компьютердің қауіпсіздігі.

Компьютермен жұмыс істегенде тек өз денсаулығыңызды қауіпсізденідіріп қана қоймай, қымбат тұратын компьютерлік техниканы да бұзып алмауың керек.

Ол үшін:

  1. Компьютерде таза қолмен жұмыс істеу

  2. Компьютерге ылңал тимейін қадағалау

  3. Мониторды қолмен ұстамау

  4. Компьютердә қосу және ажырату ережелерін сақтау.

  5. Компьютердің шаңын уақытылы сүртіп отыру.

  6. Компьютердің жүйелік болгын, мониторды және басқа да құрылғыларын бөлшектемеу

  7. Компьютерге қосылған сымдар мен құрылғыларды ажыратпау.

ІІІ. Жаңа ұғымды бекіту кезеңі.

«Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру» бекіту сұрақтарына жауап беру

  1. Неге компьютердің үстіне ауыр заттар қоюға болмайды?

  2. Көздің экранға дейінгі арақашықтығы қанша болу керек?

  3. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

IV. Жаңа ұғымды қолдану кезеңі.

Көз талғанда жасайтын жаттығуларды орындау

V. Бақылау кезеңі.

Жаңа сабақты бірге талдау.

Үйге тапсырма: «Информатика - 5 сынып» Е.А.Вьюшков., Н.В.Параскун, 1 параграф 6-11 беттер. Оқу жаттау.

© 2010-2022