Сабақтың тақырыбы: Алгоритмдер. Алгоритм атқарушысы. 6-сынып информатика

Сабақтың тақырыбы:.Алгоритмдер.Алгоритм атқарушысы 6 сынып Сабақтың мақсаты: Білімділік: · Оқушыларға алгаритм түсінігі мен оны атқарушылар туралы негізі түсініктерін қалыптастыру · Алгаритмнің іргелі ұғымдарын және оларды кеңейтілген түрде пайдалануын мысалдар арқылы көрсету · Оқушыларға алгаритмді құру ережелерін мысалдарды келтіре отырып таныстыру алгаритмді формалды түрде орындау мүмкіндіктерін түсіндіру. Дамытушылық: · Логикалық және арифметикалық ойлауын ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:.Алгоритмдер.Алгоритм атқарушысы

6 сынып Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Оқушыларға алгаритм түсінігі мен оны атқарушылар туралы негізі түсініктерін қалыптастыру

  • Алгаритмнің іргелі ұғымдарын және оларды кеңейтілген түрде пайдалануын мысалдар арқылы көрсету

  • Оқушыларға алгаритмді құру ережелерін мысалдарды келтіре отырып таныстыру алгаритмді формалды түрде орындау мүмкіндіктерін түсіндіру.

Дамытушылық:

  • Логикалық және арифметикалық ойлауын себеп салдар байланысы арқылы бекітуін

  • Танымдық қабілеттерін мен пәнге деген қызығушылықтарын дамыту,ақыл-ой әрекетін,жады,салыстыру,сараптама жасау,қорытынды жасай білуге үйрету.

Тәрбиелік:

  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын,коммуникативтік дағдысын қалыптастыруға тәрбиелеу

  • Тұлғаның рухани-әдептілік,адамгершілік қасиеттерін елгезектікке,еңбексүйгіштілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

<<Алгаритм және оның қасиеттері>> тақырыбын дәстүрлі түрде информатиканың теориялық басты тақырыбы деп санайды.ДК-де практикалық жұмысты орындауда алгаритмдік жүйені үйрететін <<Бота>> (АЖҮ) программалық қолданбасы пайдаланылады.Аталған тақырып бойынша өтілетін сабақтың басты міндеті-программалау тілі мен оның әдістерін үйретудегі негізгі бастама болып табылады.

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,сабақтың тақырыбын,мақсатын және міндеттерін айту,жаттығу жасату.

II.Сабақтың өзектілігі.

Мұғалімнің сұрақтары:

  • Өз күнін жоспарлап қою

  • Торт пісіру

  • Компьютерде есеп шығару

  • Машинамен орнынан қозғалу

Осындай есептерді шешудеде маңызды,шешуді неден бастау керек?

Қойылған мақсатқа жеткізетін жеке әрекеттерді орындау тәртібі.Осыған байланысты есепті шешу үшін оны алдымен алгаритмдеу керек.Сабақтың тақырыбын анықтау.

III.Жаңа түсініктер мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру.

Мұғалімнің сөзі.

Құбылыстың алгаритмдік мәнін ерекшелей білу және алгаритмді құру кез келген мамандықтағы адам үшін өте маңызды.

Алгаритмдік ойлау-ойлай білу өнері,өз әрекетін жоспарлай білу,түрлі жағдайға байланысты қабілеттіліктіқарастыру және соған сай әрекет ету.

Алгаритм түсінігі тек практикалық пайдалануда ғана бағалы емес,ол жалпы білімдік және дүниетанымдылық көзқарас мәнінде де маңызды болып саналады.Алгаритмдік ойлау дағдысы адамның ерекше стилінің қалыптасуына көмектеседі және оның құрамына

  • Мақсаткерлік пен ойын жинақтап алушылық

  • Шынайылық және нақтылық

  • Өз әрекетін жоспарлауда және орындауда дұрыс ойлауы мен жүйелілігі

  • Өз ойын дәл және қысқа айта білу

  • Шешімді дұрыс қою және оны нақты шешу жолын табу

  • Ағымдағы қарқынды ақпараттарды жылдам түрде бағалай білу .

Оқулықпен жұмыс-§3.1.

<<Есікті кілтпен ашу>> алгаритмін қарастыру.

Алгаритмнің атқарушылары және атқарушылар камандасының жүйесі түсінігін енгізу.

Адамдар мен кампьютерлер,роботтар,станоктар,жасанды серіктер,күрделі тұрмыстық техника және тіпті бала ойыншығы да алгаритмді орындай алады.

Төмендегі робот түрлерінің атқарушыларын атаңдар

Жол қиылысындағы жүйелі қозғалыс

Адамдардың емделуі

Ауладағы қоқысты тазалау

Пиццаны дайындау

Теледидарды жөндеу.

Атқарушыға алгаритді түсінікті түрде жазылуы бойынша оны өздігінен түсініп,талдамай шешеді.

Адамның алгаритмдерді формалды түрде орындалуы.

Атқарушы алгаритмдерді өздігінен түсініп жатпай талдамай шешеді,оны формальды түрде орындай алады.

Алгаритмнің қасиеттерін қарастыру.

Жаңа атқарушы <<Ботаны>> енгіз.Аталған Атқарушының командалар жүйесін жазу.Бота үшін құрылған программа мысалын көрсет.

IV.Білімі мен дағдыны қолдану.

Практикалық тапсырма: Аққаланы жасау алгаритмін құр.(оқулықтағы 5 тапсырма).

V.Жаңа білімді қорытындылау және іс-әрекет тәсілдерін қолдану.

  • Алгаритм сөзі қалай шыққан?

  • Алгаритм қандай элементтерден тұрады?

  • Алгаритм қасиеттерін ата

  • Түрлі мысалдармен алгаритм қасиеттерін көрсет

Сөйлемді аяқта:

  • Алгаритм-бұл..........

  • Алгаритм...........орындалады

  • Атқарушының команда жүйесі....................

  • Атқарушы Ботаға кіретін команда.....................

Келесі сөздердің ақиқатын көрсет:

  • Алгаритм-есептеулердің біршама бірізділігін ұсынады.

  • Алгаритм-есептеулердің біршама бірізділігін ұсынады,ал кей жағдайда әрекеттердің математикалық сипаттағы бірізділігін ұсынады.

  • Кампьютер алгаритмді орындайды.

Жұмыс дәптерінде берілген <<Қолдану және шығармашылық>> деңгейіндегі тапсырмаларды орындау.

VI.Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақта алған жаңа ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау.

Сұрақтар:

1.Мектеп өмірінен алгаритмге мысал келтір

2.Қоршаған ортадан алгаритмге мысал келтір

3.Алгаритді қалай елестетуге болады

4.Ата-аналарыңның үй тіршілігінде орындайтын жұмысының алгаритмін жазыңдар.



© 2010-2022