Тақырыбы: АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

УДК 004.2 : 045


АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ


Терекқызы Н.


Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмейтін сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала - бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістері мен персоналдардың жиыны.

Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.

Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиция және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын - ала сатып алу және т.с.с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруымызға болады.

Жалпы ақпараттық жүйенің функциясы:

  • ақпаратты сақтау;

  • ақпаратты енгізу және өзгерту;

  • ақпаратты көру және іздеу;

  • берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;

  • кез келген формада есеп құжатын алу;

  • ақпараттың дұрыстығын қадағалау;

Ақпараттық жүйені екі класка бөлуге болады.

  • Ақпаратты іздеу жүйесі - берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мыс: қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат ғана керек.

  • Мәліметтерді өңдеу жүйесі - мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысал ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метеология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болды. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауа-райы болжамы керек[1].

  • Сонымен қатар, ақпарат жүйесі келесі түрлерге бөлінеді. Фактографиялық, құжаттық, құжаттық-фактографиялық.

    1. Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі объект жайлы мәліметтердің (атрибуттардың) дал мәндері тіркеледі. Бұл жүйенің негізгі идеясы - объект жайлы барлық деректер (адамдардың аты-жөндері және заттардың атаулары, сандар, мерзім КК.АА.ЖЖЖЖ түрінде) беріледі. Фактографиялық АЖ-дегі ақпараттар катаң құрылыммен беріледі. Өткені бұл компьютерге мәліметтерді бір-бірінен айыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сұрақтарға бір мәнді жауап береді, мыс: «Сыныпта қанша оқушы «5» пен «4» деген бағаларға оқиды?» және т.с.с.

    2. Құжаттық. Қандай да бір формалданған іздеу аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (кітап, мақала, рефераттар және т.б.) мен графикалық объектілерден құрылады, бірақ қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап бермейді. Жүйенің мақсаты - қолданушының сұранысына жауап ретінде сұраныстағы шартты қанағаттандыратын құжаттардың тізімін беруге болады.

    3. Құжат - фактографиялық. Бұл аралас, жүйенің мәліметтері бөлек мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады [2].

Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара байланысын ескере отырып, объектілері жайлы деректерді өңдеу болып табылады. Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар, ал объектілерді маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс - АЖ-нің іргелі түсініктері болып табылады.

  • Объект (маңыздылық)-бұл нақты өмірде бар және бір-бірінен айыруға болтын «нәрсе», яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын тәсілдерден тұратын «нәрсені» объект деп атауымызға болады. Мыс: әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай-ақ адам, мектептегі сынып, фирма, химиялық қосындылар және т.с.с. бола алады. Нақты өмірдегі бейнелейтін абстрактылы түсінктерде объект бола алады. Мыс: оқиға, өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер және т.с.с.

  • Атрибут (мәліметтер)-бұл объектіні сипаттайтын анықталған көрсеткіш және бұл объектінің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мыс: фирма шығаратын өнім объект болсын. Бұл өнімнің мәліметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы жәні т.с.с. бола алады. Мыс: объектілер жинағы ретінде мектептің сыныптарын алайық. Сыныптағы оқушылар саны - бұл сан түріндегі мәнді қабылдайтын мәлімет (бірінші сыныпта 28 оқушы, ал екінші сыныпта 32 оқушы). Сынып атауы - бұл мәтін түріндегі мәнді қабылдайтын мәлімет.

Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өткені компьютерде құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат - бұл мәліметердің көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мыс, мәтіндік файлдар компьютердің ұтымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін «құрылымсыз» немесе «әлсіз құрылымды» ақпараттардан тұрады.

Мәліметтерді жүйелеу мен іздеуді автоматтандыру үшін мәліметтердің көрініс тәсілдерін алдын-ала келісіп алған жөн, мыс, әрбір студентің туылған жылын бір форматта жазу және олардың ұзындығы бірдей болуы керек және басқа ақпараттар арасында өзінің орны болуы тиіс. Бұл тәсіл басқа мәліметтерге де (аты-жөні, мекен жайы және тс.с.) тиісті болуы керек. Жоғарыда көрсетілен мәліметтерді келісілген құрылымға келтіргеннен кейінгі көрініс:

Идентификатор

Тегі

Аты

Әкесінің

аты

Туылған

күні

5407

Халықназаров

Рүстем

Абайұлы

12.08.90

3601

Асқаров

Марат

Болатұлы

19.12.91

4472

Шораханов

Руслан

Харахадұлы

17.09.90


Алғашқы кезде ақпаратты құрылымға келтіру мәселесі файл жүйесін құру арқылы шешілген. Мұнда әрбір элемент қандай-да бір түрдегі ақпаратты сақтауға жауапты болады. Бірақ файл жүйесі әлсіз құрылымды ақпаратты сақтауды қамтамасыз етті. Сондықтан да құрылымды ақпарат мәселесін шешу арнайы қолданбалы программалар арқылы жүзеге асырылды.

Мәліметтер қоры кең мағынада қандайда бір пәндік аймақтағы өмірді бар нақты объектілер жайлы деректердің жиыны.

Пәндік аймақ - басқару мен автоматтандыруды ұйымдастыру үшін зерттелетін сала. Мыс: мекемелер, жоғары оқу орындары және т.с.с. Мәліметтер қорын құра отырып, қолданушы өзіне керекті деректі тез алу мақсатында ақпаратты әртүрлі белгілер бойынша реттеуге тырысады. Қолданушы осы мақсатта МҚБЖ қолданылады. Мәліметтер қоры - бұл МҚБЖ басқарудағы, бір-бірімен байланысқан мәліметтердің атаулы жиыны.

Сонымен қатар, мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бұл мәліметтер қорын құратын, оларды өзекті жағдайда ұстайтын және одан керекті ақпаратты көздеуді ұйымдастыратын программалық және тіл құралдарының кешені.


















Әдебиеттер тізімі:


  1. «Информатика негіздері». 2007-2009 жылдардағы журналдар.

  2. «Қазақстан мектебі» - 2006 жылы






Терекқызы Н. Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары


Тереккызы Н. Информационные системы и его основные значение


Terekkyzy N.



Автор туралы мағлұмат:


Автордың Ф.И.О.

Кафедра

Мақаланың аты

Беті

Байланыс тел.

Секция: Теңіз технологиясы

1

2

3

4

5

6

1

Терекқызы

Назгүл

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ магистранты

Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары

3

Раб тел:

8(7292)416802 Дом тел: 8(7292)410856

Моб тел:

87021299223




Подпись автора ___________________________________________


© 2010-2022