Бұлтты технология. Бұлтты технология түрлері

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 10

Тақырыбы: Бұлтты технология

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларды бұлтты технологиямен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жасақтармен таныстыру.

Б) Компьютердің жұмыс істеу принципін үйрету мен бағдарламалық жасақтама түрлерін ажырат білуді, қажеттіліктерін анықтай алуды үйрету.

В) Адам мен компьютердің ұқсастықтарын көрсету, компьютерде ұқыпты жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Слайд

Сабақ түрі: Дәстүрлі

Сабақ әдісі: Аралас

Сабақ типі: Жаңа сабақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша тапсырмалар беру

Жаңа сабақ

Практикалық жұмыс

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ

Информатика пәніне ақпараттандырудың дамуына орай, түрлі терминдер мен технологиялар қосыла бастады.Соғңғы кездегі кеңінен қолданылатын осындай жаңа технологиялардың бірі - бұлтты технология. «Бұлт» термині деректерді ғаламтор арқылы өңдеу технологиясының жетістіктерінің негізінде пайда болған.Бұл термин ағылшынша «бұлт\бұлттық есептеулер» немесе «бұлт\бұлттық технология, қызметтер деп аударылады.

Бұлтты технология тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуде мүмкіндің береді. Бұлтты технология дегеніміз - қызмет көрсететін әрүрлі ұғымдардан тұратын үлкен тұжырымдама.

Мысалы, программалық жасақтама, инфрақұрылым, платформа, деректер, жұмыс орны және т.б.Бұлтты технологияның басты функциясы қолданушының ғаламтор арқылы деректерін өңдеу қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жағдай туғызу.

Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютеріндегі белгілі бір программаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер ғаламтордағы шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб - браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі.

Бұлтты технологияны пайдаланудың тиімді жақтары:

  • үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;

  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта ғаламторға қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;

  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе оның сынып, бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды.

Практикалық жұмыс: Ғаламтор желісін пайдаланып, құжатты қарапайым жүктеу мен құжатта жүктеудің айырмашылығын ДК - де көрсетіңдер.

Үйге тапсырма: жаңа тақырыпты оқып келу

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


© 2010-2022