Меншіктеу операторы. Паскаль тіліндегі меншіктеу операторы

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 7

Тақырыбы: Меншіктеу операторы

Сабақ мақсаты: А) Оқушыларды Паскаль тілінде өрнектерді шешу кезеңдерімен және меншіктеу операторымен таныстыру.

Б) Оқушылардың компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

В) Оқушыларды іскерлікке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Паскаль программасы, есептер, компьютер

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

Компьютерде есеп шығару

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма

Паскаль тіліндегі меншіктеу операторы:

Паскаль тілінде кез келген айнымалыға мағынасын беру үшін меншіктеу операторы колданылады. Мешіктеу операторы Паскаль тілінде былай жазылады :=

Синтаксисы:

(Айнымалы) := (мағынасы);

Мысалы:

А:=20;

B:=z-d; Меншіктеу операторы - берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады

Меншіктеу операторының жазылу форматы:

:=;

:= - символы ` меншiктеу` деген мағынаны бiлдiредi.

х:=3; {х айнымалысына 3 - тi меншiктеу}

Мысалы,

Меншіктеу операторлары Нәтижесі

r:=5; 5

r:=r+1; 6

r:=8; 8

Идентификатордың және меншiктелетiн өрнектiң типтерi сәйкес болу керек. Кейбiр жағдайларда нақты айнымалыға бүтiн мәндi меншiктеуге болады, ал бүтiн айнымалыға нақты мәндi меншiктеу үшiн, оны trunс функциялары арқылы түрлендiру қажет.

Мысалы : үш бүтiн санның арифметикалық ортасын табатын программа

program pr0;

var a, b, c: integer;

s: real;

begin

a:=2; b:=4; c:=6;

s:=(a+b+c)/3

end.

1 есеп: Паскаль тілінде өрнектерді шешу кезендері

Осы өрнектін нәтижесін табыныз 1*1+2*2+...+n*n

program z1;

var n,s,i : integer;

begin

write('n = ');

readln(n);

s:=0;

for i:=1 to n do

s:=s+i*i;

writeln('s = ',s);

readln;

end.

2 есеп: Осы берілген орнекті шешетін программа қурыныз s:=a+b

program z2;

uses crt;

var a,b,s : integer;

begin

clrscr;

write('a=');readln(a);

write('b=');readln(b);

s:=a+b;

write('сумма s=',s);

readln;

end.

3 есеп: Х-26=45 берілген өрнекті шешініз

program z3;

uses crt;

var х: integer;

begin

clrscr;

х:=45-26

write('х=',х);

readln;

end.

Үйге тапсырма : оқулықтағы 77 - беттегі тест.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар



© 2010-2022