Word Pad-пен танысу. 5 сынып

Word Pad мәтіндік редакторына кіру үшін Бастау (Пуск) басқару пунктінен бастаймыз. Содан соң Бас мәзірді ашып Барлық бағдарламалар жолағын таңдаймыз. Стандартты бөліктен, Word Pad қолданбалы программаны ашамыз. Мәтіндік редактор мынадай мүмкіндіктер береді:üМәтіндік құжаттарды құруға;üОларды өзгертуге, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;üМәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды ...
Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: 5

Тақырыбы: §19.Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редактормен таныстыру;

2. Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

3. Дамытушылық: Оқушыларға тапсырма беру арқылы қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту;

Әдіс-тәсілдер: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест жұмысы.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайд, компьютер, таратпа карточкалар.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

II. Үй жұмысы. Paint графикалық редакторын қайталау.

  • Paint графикалық редакторын қалай ашамыз?

  • Трансформация сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  • Суретке мәтін кірістіру үшін қандай құралды таңдаймыз?

  • Суретті баспаға беру үшін не істейміз?

  • Түстер палитрасында неше түс бар және қосымша түс неше?

  • Суретті сақтау үшін не істейміз?

  • Пиксель дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ.

Word Pad мәтіндік редакторына кіру үшін Бастау (Пуск) басқару пунктінен бастаймыз. Содан соң Бас мәзірді ашып Барлық бағдарламалар жолағын таңдаймыз. Стандартты бөліктен, Word Pad қолданбалы программаны ашамыз. Мәтіндік редактор мынадай мүмкіндіктер береді:

  • Мәтіндік құжаттарды құруға;

  • Оларды өзгертуге, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;

  • Мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;

  • Құжаттарды басып шығаруға

Компьютер үшін мәтін - ол символдардың кез-келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін.

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер - мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бөлігі символ болып табылады. Сөз - бір-бірімен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен (пробел) ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері: символ - сөз - жол - абзац - бет - мәтін.

ІV. Практикалық жұмыс

Word Pad-пен танысу. 5 сынып


V. Бекіту сұрағы. Тест.

1. WordPad - қандай редактор?

1) Операциялық жүйе

2) Графикалық редактор

3) Мәтіндік редактор

2. WordPad редакторын қалай іске қосамыз ?

1) Пуск -» Программы -» Настройка -» WordPad

2) Пуск -» Программы -» Стандартные -» WordPad

3) Пуск -» Программы -» WordPad

3. WordPad бағдарламасы қай түрге жатады ?

1) Қолданбалы

2) Жүйелік

3) Стандартты

4. Болдырмау командасы.

1) Правка - Отменить

2) Правка - Вставить

3) Правка - Копировать

5. Ең бірінші сақтау командасы.

1) Файл - Сохранить.

2) Файл - Сохранить как.

3) Файл - Сохранить как веб-страницу.

6. Терезені бүктеу құралы қалай аталады?

1) Жиыру

2)Жаймалау

3) Жабу

7. Әріптерді бас әріппен жазу пернесі.

1) Enter

2) Caps Look

3) Num Look

8. Терезенің үлкен бөлігін бос кеңістікті не деп атайды?

1) Стандартты тақтасы

2) Меню жолы

3) Жұмыс алаңы

VI. Үй тапсырмасы

§19. Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

VII. Бағалау.

VIII. Қорытындылау. Қорытындылау барысында белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы қорытындылау.




Word Pad-пен танысу. 5 сыныпWord Pad-пен танысу. 5 сынып

Word Pad-пен танысу. 5 сыныпWord Pad-пен танысу. 5 сынып


Word Pad-пен танысу. 5 сыныпWord Pad-пен танысу. 5 сынып

© 2010-2022