Компьютерлік техниканың даму үрдісі 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Информатика

Сыныбы:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Сабақтың мақсаты: Компьютерлік техниканың даму үрдісімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Компьютерлік техниканың даму үрдісі жөнінде ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: сөздік, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары: оқулық, компьютерлер.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Өтілгенді пысықтау

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

II. Өтілгенді пысықтау

  • 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?

  • 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?

  • 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматттың авторы Чарлз Бәббидж
    жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?

  • Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютерлік техниканың дамуы оның ішкі құрылымдарының дамуына сәйкес өтуде. Өткен ғасырдағы жетпісінші жылдарды мини - компьютерлердің дамуы деп атасақ, одан кейін дербес компьютерлердің пайда болуы басталды да, жалпылай интернеттендірумен ғасыр аяқталды. Соңғы уақыттарда компьютерлік техниканың дамуының басты үрдісі ЭЕМ - нің экономикаға, саясатқа, ғылымға, білімге, денсаулық саласына, әскери мақсаттарға және күнделікті өмірге кеңінен енгізілуі болып табылады. Компьютер өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Оның қолданылу саласы ұлғая түсуде. Тіпті оқушылардың өзі үй тапсырмасын компьютердің көмегімен орындау үйреншікті жағдайға айналды.
Компьютердің дамуының бесінші ең күрделі буыны - виртуалды әлемде көріністің, қимылдың, дауыстың көмегімен адамға сезіну арқылы берілетін компьютерлер. Бүгінде мұндай компьютерлерді қолдану адамзаттың іс - әрекетінде кеңінен пайдаланып келеді, мысалы: жобалау мен дизайнда, пайдалы қазбаларды іздестіруде және өндіруде, әскери технологияларда, құрылыста, маркетинг пен жарнамада және т. б.
Компьютерлердің, байланыс құралдары мен тұрмыстық техникалардың үдемелі дамуы бір - бірін толықтырып, біріңғай кешенге айналуда. Әмбебап компьютерлердің орнын жаңа құрылғылар - смартфондар алмастыруда. Қалта компьютерлері көбеюде. Жаңа ЭЕМ - ді жасауда әсіресе қуатты компьютерлерге, оның ішінде, ықшам дербес компьютерлерге көп көңіл бөлінуде.
Қазіргі уақытта нейрокомпьютерлер базасына бөлінген ЭЕМ - нің алтыншы буынын жасауда ізденіс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен 2020 - 2025 жылдары молекуларлық компьютерлік, кванттық компьютерлер, био компьютерлер және оптикалық компьютерлер шығарылуы әбден мүмкін.

Компьютер құрылғыларының әрқайсысы бірі-бірінен тәуелсіз жасалуы,тестіленуі және қолданыста болуы мүмкін.Компьютер компаненттерінің құрамы оның конфигурациясы деп аталады.

Егер компьютердің аппараттық бөліктері арасындағы байланыс принциптері стандарттармен бекітілген болса,онда оның сәулетін стандарттық деп атайды.

Егер стандарттың иесі оған жол берсе,онда ол стандарт ашық стандарт деп аталады.

Компьютердің көпшілігі Джон фон Нейманның сәулетіне негізделген.

1946 жылы үш ғалым Артур Беркс,Герман Голдстайн және Джон фон Нейман «ЭЕ құрылғысын,логикалық құрудың алдын ала құрастыру» атты мақала жариялады.

ДК сәулеті-процессор,есте сақтау құрылғыларының,ішкі видео,шеткері орналасқан және енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктердің құрастырлуы.Компьютердің ең басты шинасы жүйелік шина.

Үйге тапсырма;§7 оқу,бақылау сұрақтарына жауап беру.

© 2010-2022