Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cабақтың тақырыбы: Cуреттермен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ

Көрнекілігі: Буклеттер, карточка, кеспе қағаздар, интерактивті тақтада

дайындалған слайдтар.

Құрал - жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік слайдтар, оқулық, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

1.Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,

оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;

2. Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (8 мин)

Жазбаша тест жұмысын алу.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (12 мин)

ІV. Сабақты бекіту. (17 мин)

1. Деңгейлік тапсырма /компьютерде жұмыс жасау/.

2. Информатикалық диктант.

3. Ғажайып алаң сұрақтары.

V. Сабақты қорыту. (5 мин)

Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау.

VІ. Үй тапсырмасын беру. (1 мин)

VІІ. Бағалау. (1 мин)

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Саламатсыздар ма, балалар! Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты сендерді екі топқа бөлемін.

І-топ: Сурет

ІІ-топ: Автофигуралар

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. /Жазбаша тест жұмысын алу/

1. МS Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?

А) Пуск батырмасы арқылы

Б) Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Office Word

C) Пуск - Стандартные - Microsoft Office Word

2. Курсордың сол жағындағы символды жоятын перне?

А) Shift Б) Alt С)Backspace

3. Курсордың оң жағындағы символды жоятын перне?

А) Сtrl Б) Delete C) Home

4. Бас әріппен жазуға арналған перне.

А) Shift Б) Backspace С) Alt

5. Құжатты редакциялау дегеніміз не?

А) Мәтіндік құжатқа сурет енгізу

Б) Мәтін қаріптерін өзгерту

С) Өңдеу, енгізу, өшіру, көшіру, орын ауыстыру немесе құжат мазмұнын түзету

6. Мәтінді жаңа жолдан бастау үшін қай перне қолданылады?

А) Enter Б) Backspace С) Alt

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

7. батырмасының қызметі?

А) Жаңа құжат құру Б) Құжатты ашу С) Программадан шығу

8. Мәтіндік құжатты редакциялаудың неше әдісі бар?

А) 2 Б) 3 С) 1

9. Home пернесінің қызметі?

А) жол соңына Б) жаңа абзацқа С) курсорды жол басына апарады

10. МS Word-пен жұмысты аяқтау үшін ... батырмасы қолданылады?

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақCуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақА) Б) С) Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Суреттермен жұмыс істеу» Бұл сабақта біз:

- Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін;

- мәтіндік құжатқа суретті қалай кірістіруді;

- автофигуралардың көмегімен бейне жасауды меңгеруіміз керек.

Сонымен, Word-тың графикалық мүмкіндіктері:

  1. Графикалық редактордан кірістіру.

  2. Сурет салу панелін қолданып графикалық бейне жасау.

  3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру

  4. Фигуралық мәтін кірістіру.

Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Word редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді еңгізуге болады. Құжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауға болады.

МS Word құжатына сурет кірістіру үшін меню жолынан ВСТАВКА командасын таңдаймыз

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

1. ВСТАВКА командасынан РИСУНОК батырмасын шертеміз.

Шыққан диалогтік терезеден керекті суретті таңдап ОК батырмасын шертеміз.

2. ВСТАВКА командасынан КЛИП батырмасын шертеміз.

Шыққан диалогтік терезеден өзімізге керекті суретті таңдаймыз.

3. ВСТАВКА командасынан ФИГУРЫ батырмасын шертеміз де өзімізге керекті фигураны таңдап сурет саламыз.

4. ВСТАВКА командасынан WordArt батырмасын шертеміз.

Пайда болған қосымша терезеден жазу түрін таңдаймыз.

Керекті мәтінді теріп ОК батырмасын шертеміз.

  1. WordArt объектілерін енгізу

Фигуралық мәтінді жазу үшін арнайы WordArt программасын қолданылады.

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақСурет салу саймандар тақтасындағы WordArt объектісн қосу

батырмасы

немесе Кірістіру → Сурет → WordArt командасын пайдаланамыз

Мәтінді әртүрлі тәсілмен бейнелеп жазу ,оған көлеңке салу , қисайту , айналдыру ,созу , үлкейту , қысқарту мүмкіндік береді

«WordArt объектісінің жиынтық» терезесі

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

  1. Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру

  2. Кірістіру → WordArt орындаймыз

  3. Ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған біреуін таңдап аламыз да, ОК батырмасын басамыз.

  4. Объектіде тышқанды екі рет шертсек , Мәтін өзгерту терезесі ашылады. Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

6 . Автофигуралар объектісін енгізу

Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар , фигуралық бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер деген әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар.


  1. Кірістіру →Автофигуралар

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақCуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

ІV. Сабақты бекіту. (17 мин)

1. Деңгейлік тапсырма /компьютерде жұмыс жасау/.

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

Cуреттермен жұмыс істеу. (8 сынып) Ашық сабақ

2. Информатикалық диктант.

1

Құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған программа.

Мәтінді форматтау

2

Word құжатында сурет қалай өшіріледі?

Ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, сол жақ шеті бойынша, ені бойынша

3

Негізгі менюге не жатады?

Суретті белгілеп, Delete батырмасын шертеміз

4

Мәтінді туралаудың қандай түрлері бар?

Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка

5

Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою

Вставка

6

Құжатқа сурет кірістіру үшін меню жолының қай командасын таңдаймыз?

MS Word мәтіндік процессоры

Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар

Көзді дем алдыру жаттығулары:

  • Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;

  • Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;

  • Көзді жыпылықтатып ашып жабу, бірнеше рет қайталау

3. Ғажайып алаң сұрақтары.

1. MS Word-та суретті қалай қоямыз?

2. Cуреттің өлшемін қалай өзгертеміз?

3. Word құжатында сурет қалай өшіріледі?

4. Word құжатында салынған фигуралардың ішін бояуға бола ма?

5. Автофигуралардың көлемін өзгертуге бола ма?

6. WordArt oбъектісі қалай қойылады?

7. Құрал-саймандар тақтасы арқылы суретті қалай көшіреміз?

8. Суретке, фигураға мәтін кірістіруге бола ма?

V. Сабақты қорыту.

Электронды оқулықпен тапсырмаларды орындау.

1 - тапсырма: Microsoft Office Word бағдарламасын іске қосыңыз.

/Пуск-Все программы - Microsoft Office Word/

2 - тапсырма: Ерекшеленген аймақтағы мәтінді алыңыз да оны сақтаңыз.

/Файл - Сохранить - Шыққан қосымша терезеден Сохранить

батырмасын басамыз/

3 - тапсырма: Microsoft Office Word құжаты терезесі элементтерінің

атауларын жақтауға енгізу.

/Пішімдеу үстелі, сызғыш, күй жолағы, стандартты үстелі, мәзір

жолағы, тақырып жолағы, айналдыру сызығы, тапсырмалар

аймағы/

4 - тапсырма: Microsoft Office Word құжатын ашыңыз?

/Файл - Открыть - Шыққан қосымша терезеден Открыть

батырмасын басамыз/

5 - тапсырма: Стандартты құралдар үстелінде мына амалды орындау үшін

қолданатын батырманы басыңыз:

  1. Мәтін үзіндісін көшіру;

  2. Емле ережесін тексеру параметрін баптау;

  3. Ағымдағы құжатты сақтау;

  4. Аралық сақтағыштан мәтін үзіндісін кірістіру;

  5. Жаңа құжат жасау;

  6. Мәтін үзіндісін қиып алу;

  7. Сақталған құжатты ашу;

  8. Соңғы әрекетті болдырмау;

  9. Мәтінді газет бағандарына бөлу.

6 - тапсырма: Форматтау тақтасы көмегімен ерекшеленген мәтінді жасаңыз:

«Жартылай қарайтылған» / Форматтау тақтасындағы

«Жартылай қарайтылған» батырмасын басамыз/

7 - тапсырма: Форматтау тақтасы көмегімен терілген мәтінді теңшеңіз:

«Ортасы бойынша» / Форматтау тақтасындағы

«Ортасы бойынша» батырмасын басамыз/

VІ. Үй тапсырмасын беру.


  1. Бүгінгі өткен тақырыпты оқулықтан оқып келу және өткен тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрап келу.

  2. Өткен тақырыптар бойынша 20 тест сұрақтарын дайындау.

VІІ. Бағалау.

Жеңімпаз топты анықтау. /Оқушыларды сабақ барысында дұрыс жауаптарына қарай берілген белгішелер бойынша бағалау/


-8-

© 2010-2022