Электрондық кестелер (8 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Microsoft Excel-кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері, мүмкіндіктері, құжатты сақтау және ашу жолдарын, деректер енгізу, редакциялау және пішімдеу жолдарын үйрету; Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,                    пәнге деген қызығушлығын арттыру...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Электрондық кестелер (8 сынып)Сабақ: 26 Сыныбы:8д Күні:

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Excel-кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері, мүмкіндіктері, құжатты сақтау және ашу жолдарын, деректер енгізу, редакциялау және пішімдеу жолдарын үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,

пәнге деген қызығушлығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, презентация, компьютер

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын сұрау;

  3. Үй тапсырмасын бекіту;

  4. Жаңа сабақ;

  5. Жаңа сабақты бекіту;

  6. Бағалау;

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi:

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә)Назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Мәтінмен жұмыс

3. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

  • Компьютерлік графика дегеніміз не?

  • Растрлық графика дегеніміз не?

  • Растрлық графиканы өңдеу бойынша программаларын ата?

  • Векторлық графика дегеніміз не?

  • Фракталдық графика дегеніміз не?

Электрондық кестелер (8 сынып)

Артықшылығы

Графика

Кемшілігі

Өңдеу редакторлары

Растрлық

Векторлық

4. Жаңа сабақ

Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есптеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Excel программасын іске қосу

1) Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.

2) Microsoft Office-тің ішінен Microsoft Office Excel қатарында тышқанды шертеміз.

Іске қосу → Программалар → Microsoft Offiсe → Microsoft Office Excel (1-сурет)

Электрондық кестелер (8 сынып)

1-сурет

Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі суреттегідей болады.

Пішімдеу үстелі

Күй жолағы

Парақтар лақаптары

Айналдыру сызығы

Жолдар тақырыбы

Ұяшықтар

Бағандар тақырыбы

Мәзір жолағы

Өрнек жолағы

Стандартты үстелі

Тақырып жолыЭлектрондық кестелер (8 сынып)

Кесте ұғымы күнделікті өмірде кездеседі, міне, олардың бірнеше мысалы: көбейту кестесі, сынып журналы, үлгерім күнделігі. Оны толтыру барысында сендер қажет бағанды табасыңдар, содан кейін тиісті жолға тапсырма жазасыңдар, осылайша, дайын кестені толтырғандарыңды байқамай да қаласыңдар. Бірақ бұл кестелерде ешқандай есептеу орындалмайды. Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.

Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.

Жол - көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған- көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысып ұяшықтар түзеді.

Ұяшық - дерек сақталатын орын.

Ұяшықтарда алғашқы немесе 1-ші, сондай-ақ алғашқы деректермен орындалатын операциялардың нәтижесі болып табылатын туынды ақпараттар болуы тиіс.

Ехсеl электрондық кестесінде бағаналар саны - 256, ал қатарлар саны - 65 536-ға тең. Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тік төртбұрыш орналасқан. Оған мәліметтерді (мәтін, сан, немесе формулалар) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны - 16 777 216-ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.

Электрондық кестелер (8 сынып)

Электрондық кестелер (8 сынып)





Бағаналары

Жолдары

Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:

1. Сан

2. Текст

3. Дата (мерзім)

4. Формула

1) Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.

2) Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.

3) Дата - Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 мамыр 1995 деп жазсақ, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.

4) Формула - Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:

+ (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөнделген соң Enter басып шығамыз.

Ой қозғау.

Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955}}, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) - АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрыңғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Билл Гейтс - Форбс журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам.

Егер мен Вилл Гейтс болсам...

Компьютермен жұмыс

Шығармашылығына негізделген тапсырмалар.

1- тапсырма. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.

28

26

41

36

35

13

45

56

75

12

89

64


2- тапсырма

Сандардың арифметикалық ортасын табу.

3

9

5

7

2

8

1

6

4


3-тапсырма Формула көмегімен сандарды дәрежеле

х

2

6

8

10

12

14

х³




4-тапсырма V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.

S

120

590

78

1268

3659


t

2

6

0,7

28

65


V


5. Сабақты бекіту


Топтастыру

MS Excel


6.Бағалау;

Бағалау парағы арқылы

Үй тапсырмасы

(1-3балл)

Ой толғау

(1-3балл)

1-тапсырма

(1балл)

2-тапсырма (1 балл)

3-тапсырма (2 балл)

4-тапсырма (3 балл)

Барлығы

Баға



7.Үйге тапсырма: §26,27 оқу


© 2010-2022